Оқулық Алматы, 2012 2 (075. 8) Ббк 32. 81 А 99



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата06.03.2017
өлшемі8,17 Mb.
#7967
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

5-сурет. Жүйені басқаруды əзірлеу кезеңдері

62
туындайтын қиындықтар мен байланыстарының алуандығын 
туғызады. Оларды барынша азайту үшін объектінің өзін азайту ке-
рек, бірақ бұл кезде мақсаттар жиынын сақтау жəне қорларды шек-
теу шеңберлерінен шығып кетпеу қажет.
3. Мұнда 4 жəне 5 кезеңдері сияқты Х кірумен U басқарумен, 
Y шығумен байланыстыратын жүйелер жасау есептерін ше-
шумен байланысты. Бұл кезде модельге ST құрылымы, С = 
{с1,...,ск} параметрлері қоса салынуы тиіс. Осы кезеңде жүйелер 
құрылымы берілген параметрлерге дейінгі дəлдікпен анықталады. 
Модельдердің сыртқы құрылымы, оның декомпозициясы мен мо-
дельдер элементтерінің ішкі құрылымы анықталады. Құрылымдар 
синтезі F = {ST, C} операторды анықтауға саяды, Y = F(X, U, C) – 
құрылымдарды түрлендіру операторы болады.
4. Қалыпты атқарымдық режимде жүйелердің С параметрлерінің 
сандық мəндері анықталады. U басқарудан Y жүйенің шығу 
тəуелділігін анықтау үшін жүйенің қалыпты атқарымдығын 
бұзбастан оны əдейі өзгерту қажет.
5. Эксперимент жоспары басқару объектісі модельдерінің ізделетін 
параметрлерін аса тиімділікпен анықтау үшін қажет. Егер объекті 
статикалық болса, онда эксперимент жоспары объектіні басқару 
күйлерінің жиыны болып табылады. Егер объекті динамикалық бол-
са, онда əлдебір жоспар-функция алынады. Алынған ақпарат модель 
параметрлерін анықтаудың басы болады.
6. Құрылған модельге Z мақсатқа, Х ортасы туралы ақпаратқа, 
R жүйелерінің қорларына сүйенетін Z берілген мақсатқа жету үшін 
U басқару түрінде шешім қабылданады. Шешу тəсілдері модельдер 
құрылымдарына тəуелді болатын кейбір экстремалдық есеп алынады. 
Егер объекті статикалық болса, онда модель-функция, яғни математикалық 
бағдарламалау есебіне келеміз. Егер объекті динамикалық болса, онда мо-
дель-оператор, демек вариациялық есеп аламыз. 
7. Егер басқару жүзеге асырылса, бірақ мақсатқа қол жетпеген 
болса, онда алдындағы кезеңге қайтып ораламыз. Егер мақсатқа қол 
жетсе, бірақ орта күйі өзгерсе, я мақсат өзгерсе, онда келесі кезеңге, 
содан кейін алдындағының біріне көшеміз.
8. Сыртқы ортаның өзгергіштігі мен əртүрлі шуылдардың бо-
луынан алдындағы кезеңдерде алынған ақпараттың, жүйелердің 
күйін жуықтап көрсететіндігі күрделі жүйелерді басқарудың 
өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл жүйелерді коррекция-

63
 
лау қажеттілігін туғызады. Ең қарапайым коррекция – модельдер 
параметрлері мəндерінің өзгеруі. Осылайша, адаптивті басқаруды 
аламыз. Кейде модель құрылымының өзін түзетуге түра келеді.
Объектілер (мəндері) сыныптары мен олардың арасындағы бай-
ланыстарды анықтау жəне сипаттау пəндік аймақты талдаудың 
маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Сипаттау еркін түрде 
алынуы мүмкін, бірақ жобалау үдерісінің ыңғайлылығы үшін оны 
кестелер түрінде қалыптастырады.
Объектілер сыныбы (мəндерінің типі, мəні) – бұл маңызды нəрсе, 
кəсіпорын ол туралы ақпарат сақтауы тиіс. Объектілер сыныбының 
белгілері:
 кəсіпорын үшін қызығушылық туғызатын объекті; қандай 
да бір заттардың сыныбы, санаты, типі; атау берілген ұғым; зат есім; 
егер нақты маңызды объекті бар болса, объектілер сыныбы бар; бір 
маңызды нəрсе, кəсіпорын ол туралы ақпарат сақтауы қажет.
Объектілер сыныбын анықтап, оған ат беру қажет. Ол бірегей бо-
луы тиіс. Аты ретінде кəсіпорындарда пайдаланылатын терминдер 
таңдалынады. Егер қалған барлық мүмкіндіктер таусылған болса, 
аты ойлап табылады, өйткені ойлап тапқан аты дұрыс түсінбеуге 
жəне қайталануға əкелуі мүмкін. Аты тапсырыс берушімен 
келісілген болуы тиіс. Аты бір сөзден асатын атаудан тұруы мүмкін 
(атын нақтылайтын сөз – сын есім жəне басқа). Көбінесе бір нəрсені 
əртүрлі атаулармен атайды, сол уақытта бір басты атын таңдап, 
қалғанын синонимдері ретінде сипаттау керек.
Объектілер сыныбын анықтау кезінде жекелеген элементтер-
ден (объектілерден) тұратын заттар тобы анықталады. Объектілер 
сыныбы – бұл заттар сыныбы немесе санаты. Объектілердің 
анықталған сыныбының барлық даналары (объектілері) біржақты 
анықталуы, сəйкестендірілуі тиіс. Егер объекті объектілер сыны-
бына біржақты сəйкестендіруге көнбейтін болса, онда бұл жалпы 
айтқанда объектілер сыныбы болмауы мүмкін. 
Объектілер сыныбын анықтау жəне модельдеу кезеңдері:
• кəсіпорындарда пəндік аймақты талдау барысында анықталған 
əрбір зат есімді зерттеу;
• осы зат есім туралы ақпаратты анықтап, аталған кəсіпорын үшін 
оны сақтау қажет;
• объектілер сыныбына жекеше ат беру;
• объектілер сыныбының бір объектісінен екіншісін айыруға 
болатындығын тексеру;

64
• барлығы (əзірлеушілер, тапсырыс берушілер) осы терминге сол 
бір мəнді беретіндігін тексеру үшін объектілер сыныбын сипаттау.
Объектілердің əрбір сыныбы үшін оның қасиетін (мəндерінің 
атрибуттарын) анықтайды. Қасиет – бұл ақпараттардың нақты 
элементі. Қасиет объектілер сыныбын сипаттайды. Бұл – объектілер 
сыныбын сапалық немесе сандық сипаттау. Қасиет мына түрде 
көрінуі мүмкін: сипаттамалық сөздер, сөз тіркестері; септік 
құрылымдар; тəуелдік зат есімдер жəне есімдік.
Əрбір қасиетке ат беріледі. Аттары түсінікті жəне бірмəнді бо-
луы тиіс. Қасиеттерді анықтау кезінде қоюға ұсынылатын сұрақтар: 
объектілер сыныбы туралы қандай ақпаратты сақтау керек; 
объектілер сыныбы туралы қандай ақпаратты экранға шығару неме-
се басып шығару керек; шын мəнісінде бұл қасиет қажет пе.
Кəсіпорында бар құжаттаманы зерделей отырып, бұрынғы 
жүйелердің ескірген талаптарына назар аудару қажет. Сондай-ақ туын-
ды жəне агрегатталған деректерді атап көрсету қажет, объектілердің 
əрбір сыныбы үшін алғашқы қасиеттері ғана тіркеледі. Туынды жəне 
агрегатталған қасиеттер бөлек сипатталады, негізінен, алғашқы 
қасиеттердің мəндері негізінде бағдарламамен қалыптасады. Осындай 
қасиеттерді сақтау қажеттілігі аса сирек болады.
Пəндік аймақты талдау барысында анықталған қасиетті 
мағынасы бар өте ұсақ компоненттерге бөліктеу қажет. Бөлу деңгейі 
кəсіпорынның қажеттіліктеріне байланысты болады.
Объектілер (мəндер) сыныбының қасиеттен (атрибуттан) 
өзгешелігі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. 
Объектілер сыныбы мен қасиеті арасындағы өзгешелік
Объектілер сыныбының 
сипаттамалары
Қасиеттің сипаттамалары
Өзі туралы ақпаратты 
сақтау қажет, зат
Объектілер сыныбын 
дəрежелейді
Бір немесе одан да көп қасиеттері бар
Өзіндік қасиеттері жоқ (оған 
қарсы жағдайда, бұл – сəтсіз атау 
берілген, объектілер сыныбы 
немесе қасиеттер комбинациясы)
Бірнеше даналарға ие болуы мүмкін 
жəне объектілердің өзге сыныбымен 
маңызды байланысқа ие болуы тиіс
Объектілер сыныбының əрбір 
данасы үшін бір ғана мəні бар

65
 
Қасиетті анықтағаннан кейін əрбір нақты объекті үшін қасиеттің 
бір ғана жаңғыз мəні болуы мүмкін екендігіне көз жеткізу. Егер 
қандай да бір қасиеттің бірден артық мəні бар екені анықталатын 
болса, бұл объектілер сыныбына немесе объектілердің жаңа сы-
ныбына үміткердің жеткілікті емес қасиетін растайды. Бұл пəндік 
аймақтарды таңдаудың неғұрлым кештеу кезеңдерінде анықталуы 
мүмкін.
Қасиеттердің мəні мəліметтер қорында нақты объекті тура-
лы ақпаратты сақтау кезінде міндетті немесе міндетті емес болуы 
мүмкін. Мұндай сипаттама қасиеттің опционалдығы деп атала-
ды. Қасиеттердің міндетті мəні болуы тиіс жəне қарастырылатын 
объектілер сыныбының əрбір объектісі үшін белгілі болуы қажет. 
Қасиеттердің міндетті емес мəні оны құру кезіндегі қандай да бір 
объекті үшін белгісіз (немесе жоқ) болуы мүмкін.
Əрбір қасиет сондай-ақ пəндік аймақта анықталады жəне сипатта-
лады: формат (тип, ең үлкен ұзындығы, орташа ұзындығы (кəдімгі 
өлшемі), ондық нүктелер орны, өлшем бірлігі; жарамды мəні (диа-
позон, мəндер тізімі, бірнеше диапазондар, айтылмағандағы мəндер).
Қасиеттердің сипаттамаларын анықтау кезінде жəне домендер 
анықталуы мүмкін. Домен – бұл бизнес көзқарасы тұрғысынан тексе-
рулер ережелерінің жиыны, бір қасиеттен де көпке қатысты шектеу-
лер. Доменнің көмегімен: мəндер диапазонын; нақты мəндер тізімін; 
бірнеше диапазондарды; математикалық теңдеуді; айтылмағандағы 
мəнін беруге болады. Бұл ережелер МҚ бір рет сипатталады жəне 
əртүрлі қасиеттер үшін қолданылады. Ең белгілі домен {иə, жоқ}.
Қадамдардан тұратын мынадай қасиеттері бар жұмыс тех-
нологиясы қолданылады: қасиетке үміткерді анықтау; қасиеттерді 
объектілер сыныбымен байланыстыру; қасиетке ат беру; қасиеттер 
форматын анықтау; қасиеттердің логикалық шектеулерін анықтау 
(мəннің диапозонға кіруі жəне т.б.); мұның шындығында объектілер 
сыныбы емес, қасиет екендігін тексеру; қажет болған жағдайда 
доменді əзірлеу.
Объектілердің əрбір сыныбы үшін бірегей сəйкестендіргіштер 
міндетті түрде анықталуы тиіс. Бірегей сəйкестендіргіш – бұл 
объектілер сыныбында объектіні біржақты сəйкестендіру үшін пай-
даланылатын қасиет, қасиеттер жиынтығы немесе қасиеттер мен 
байланыстар комбинациясы. Бірегей сəйкестендіргіш құрамына 
кіретін қасиет міндетті опционалдыққа ие болуы тиіс. Объектілер 

66
сыныбындағы бірегей сəйкестендіргіштердің саны кез келген болуы 
мүмкін. Бірегей сəйкестендіргіш құрамына кіретін компоненттер 
(қасиеттер мен байланыстар) саны, қанша болса да болуы мүмкін. 
Бірегей сəйкестендіргішті пəндік аймақты талдаудың кез келген 
кезеңінде анықтауға болады, алайда объектілер сыныбын сипаттауға 
жəне жобалауға кірісу үшін объектілердің əрбір сыныбының бірегей 
сəйкестендіргіштері болуы қажет.
Объектілер сыныбы объектілерін, сəйкестендіру тəсілін таңдай 
отырып, əзірленетін жүйелердің технологиялық қажеттіліктерін 
емес, бизнес қажеттілігін модельдеу қажет. Сандық кодты бірегей 
сəйкестендіргіш ретінде пайдалану кезінде пəндік аймақта осындай 
код бейнеленетін тиісті құжаты бар екеніне көз жеткізу қажет.
МҚ жобалау кезеңінде бірегей сəйкестендіргіш техникалық ге-
нерациялануы мүмкін, бірақ пəндік аймақты талдау уақытында 
кəсіпорын пайдаланатын бірегей сəйкестендіргіштер бірнешеу 
болса, бастысын анықтау қажет болады. Бизнесте жиі пайдаланы-
латын сəйкестендіргіштің, я ұзындығы мен сандық типі кішіректеу 
кез келген сəйкестендіргіштің осылай бастысы анықталады. Пəндік 
аймақты таңдау барысында объектілердің неғұрлым көбірек сы-
ныптары анықталатын болса, деректердің реляциялық базаларының 
құрылымы соғұрлым қалыпқа келтірілген болады. Пəндік аймақтағы 
кез келген дерлік зат есім объектілер сыныбы ретінде анықталу 
құқығына ие, өйткені əрбір дерлік зат есім, аз дегенде үш қасиеттің 
жиынына: объектінің атауына, объектінің қысқаша атауына, объекті 
атауының сандық эквивалентіне (код, нөмір, шифр) ие болады.
Кəсіпорындардағы автоматтандыруға жататын ақпараттар 
ағындарын толық зерделеу арқылы объектілердің сыныптарын 
көруге болады. Ақпараттық ағындар құжаттар арқылы көрсетіледі. 
Кез келген құжат объектілер сыныбына үміткер болып саналады. 
Құжатта, негізінен, құжаттың аты мен оның ресімделген жылы, 
айы, күні көрсетілген шəпкісі болады. Құжат сапалық жəне сандық 
көрсеткіштері болатын ақпараттылық бөлімге ие. Құжаттың төменгі 
бөліктерінде аты-жөндері мен құжатқа қол қойылған тұлғалардың 
лауазымы болады. Құжатта сондай-ақ құжатты шығаратын 
кəсіпорынның атауы, мекенжайы жəне өзге де деректемелері орна-
ласуы мүмкін. Осылайша, құжатты зерделей отырып, объектілердің 
əртүрлі сыныптарын бөлуге болады. 
Əрбір пəндік аймақтар үшін бүкіл пəндік салалар міндетті 

67
 
объектілер сыныптарының тізбесін көруге болады. Əрбір пəндік 
аймақ үшін сөздің кең мағынасында қандай да бір кəсіпорынның 
немесе ұйымдардың – өндірістік кəсіпорынның, оқу немесе емдеу 
мекемесінің, сауда ұйымдарының, қойманың, жалға беру пунктінің, 
үйдің экономикалық аяларының жəне т.б. жұмысын бейнелейді. 
Кəсіпорын немесе ұйымдар атауы (толық немесе қысқаша) əртүрлі 
шығыс (выходные) құжаттары мен берген есептерінде көрсетіледі. 
Осылайша, пəндік аймақтарда кəсіпорын немесе кəсіпорынның 
құрылымдық бірлігі объектілер сыныбы қатысады. Мұнан өзге, осы 
кəсіпорынның жиі түрде мекен жай жəне телефон есебін жүргізу 
қажет болады. Пəндік аймақтарда өзінің қолдарын қандай да бір 
объектінің есеп беруі (кірісі немесе шығысы) үшін қоятын қандай 
да бір лауазымдарды атқаратын жеке тұлғалар міндетті түрде 
қатысады. Əрі деректерді талдау есептерін шешу жəне содан кейін 
тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін, пəндік аймақтар үшін 
қандай да бір объектінің жай-күйі есебінің тарихы туралы білімді 
сақтау қызығушылық туғызады. Объектілер сыныптарының əрбір 
пəндік аймақтары үшін міндетті тағы бір санат – бұл соның негізінде 
берілген пəндік аймақтағы бүкіл үдерістер болатын құжаттар.
Объектілер сыныптары мен олардың қасиеттерін анықтау 
барысындағы пəндік аймақты талдаудың бүкіл қорытындыларын 
нысандандырылған түрде сипаттау, кестелер: объекті/қасиет; 
бірегей сəйкестендіргіш; қасиеттердің физикалық сипаттамалары 
(тип, ұзындығы); қасиеттің опционалдығы (иə/жоқ); қасиеттердің 
логикалық шектеулілігі (мəндердің диапозоны, символдық қасиеттер 
үшін басқы жəне кіші əріптер жəне т.б.); қасиеттер мəндері үшін 
үдерістер түрінде көрсетуге болады.
Осы дүниедегінің барлығы байланыста болатындықтан, объектілер 
арасында туындайтын байланыстарды, қауымдастықтарды анықтау 
қадамы, объектілер сыныптары мен олардың қасиеттерін анықтаумен 
қатар пəндік аймақтарды талдау барысындағы параллель қадам бо-
лып саналады. Байланыстар кəсіпорындардағы бизнес ережесі мен 
ақпараттық қажеттіліктер болып көрінеді, олардың анықтамасын 
мына түрде көрсетуге болады: объектілердің екі сыныптары 
арасындағы атау берілген маңызды қауымдастық; бір заттың екінші 
затқа қатынасының болуы. Байланысты қарастырғанда, оның 
екіжақты, екі бағыттылығы туралы ойлау қажет болады.
Əрбір байланыс белгілі бір сипаттамаларға ие. Олар сипаттамалар-

68
дың бірі – байланыстардың опциондығы (ең аз кардиналь сан). Бұл 
объектілер сыныбының əрбір объектісі үшін байланыс (міндетті бай-
ланыс) қажет екенін немесе мұның қажет емес екенін (міндетті емес 
байланыс) нұсқап көрсететін бизнес-ереже. Байланыстардың тағы бір 
маңызды сипаттамасы – қуаттылық (ең үлкен кардиналь сан). Бұл 
қанша байланыстар болатынын – бір жəне біреу ғана немесе көп екенін 
нұсқап көрсететін бизнес-ереже. Егер қуаты «нөл» байланыс анықталса, 
бұл міндетті емес байланыс болады. 
Сонымен қатар байланыстардың əрбір жағының аты бар болады. 
Бұл – бизнес ережелерінің сипатталуы. Мысалы, «сəйкес келеді», 
«соған жатады». Аттар жиі жұптар құрайды: «...негізделген» 
- «...үшін негіз болып саналады»; «...содан сатып алынады» - 
«жеткізіледі»; «...үшін жауап береді» - «жауапкершілігінде болады». 
Аттың үлкен мəні бар, ол ақпараттың өзара байланысы қаншалықты 
жақсы түсінікті екенін көрсетеді.
2-кесте. 
Байланыстарды оқу ережесі
1-бөлім Əрбірі
2-бөлім Объектілердің бірінші сыныбының аты 
3-бөлім Байланыстардың опционалдығы (болуы тиіс немесе болуы 
мүмкін)
4-бөлім Байланыстар аты 
5-бөлім Байланыстар қуаты (бір немесе көп)
6-бөлім Объектілердің екінші сыныбының аты 
Байланыстарды көріп, оның мағынаға ие екеніне көз жеткізу 
қажет. Бұл үшін байланыстардың айтылу ережесін пайдаланып, екі 
жағындағы кəдімгі сөйлем сияқты (кез келген байланыс екіжақты) 
оны айту қажет (2-кесте).
ҚОРЫТЫНДЫ
•  Кибернетикалық тəсілдеме – кибернетика қағидаттары 
негізінде, жекелей алғанда, тікелей жəне кері байланыстарды 
анықтау, басқару үдерістерін зерделеу, жүйелер элементтерін 

69
 
əлдебір «қара жəшіктер» (олардың кіретін жəне шығатын ақпараты 
ғана зерттеушіге қолжетімді, ал ішкі құрылғы белгісіз болуы мүмкін 
жүйе) ретінде жүйелер элементтерін қарастыру көмегімен жүйелерді 
зерттеу.
• Адам немесе құрылғы тудыратын ақпараттық əсер арқылы 
жүйелердің мақсатты бағытталған тəртібін қалыптастыру үдерісі 
жалпы түрде басқару болып түсіндіріледі. 
• Кибернетикалық тəсілдеме тұрғысынан АЖ-ні басқару 
ақпараттар алмасу, өңдеу жəне түрлендіру үдерістерінің жиынтығы 
ретінде қарастырылады. Кибернетикалық тəсілдеме АЖ-ні үш ішкі 
жүйе: басқарушы жүйе, басқару объектісі жəне байланыс жүйесі 
құрамына кіретін басқарылатын жүйе ретінде қарастырады.
• Басқарушы жүйе байланыс жүйесімен бірге басқару жүйесін 
құрады. Басқарылатын объекті жəне сыртқы орта туралы 
ақпаратты басқарушы жүйе қабылдайды, басқарудың қандай да бір 
мақсаттарына сəйкес қайта өңделеді жəне басқарушылық əсерлер 
түрінде басқару объектісіне беріледі. Кері байланыс ұғымын пайда-
лану кибернетикалық тəсілдеменің ерекше белгісі болып саналады.
• Кибернеткалық тəсілдемені жүзеге асыру үшін еліктемелік 
(имитациялық) модельдеу немесе компьютерлік модельдеу жиі пайда-
ланады.
• Еліктемелік модель құру үшін: өзара əрекет етуші элементтердің 
жиынтығы ретінде нақты жүйені (үдерісті) елестету; жекеле-
ген элементтердің атқарымын алгоритмдік сипаттау; əртүрлі 
элементтердің бір-бірімен жəне сыртқы ортамен өзара əрекетінің 
үдерісін сипаттау керек.
• Еліктемелік модельдердің негізгі түрлерінің ең қарапайым 
жіктеуі модельдік уақытты жылжытудың осы екі тəсілін қолданумен 
байланысты. Еліктемелік модельдер: үзіліссіз, дискреттік; үзіліссіз-
дискреттік болып ажыратылады.
• Объектілер (мəндері) сыныптары мен олардың арасындағы 
байланыстарды анықтау жəне сипаттау пəндік аймақты талдаудың 
маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Сипаттау еркін түрде 
алынуы мүмкін, бірақ жобалау үдерісінің ыңғайлылығы үшін оны 
кестелер түрінде қалыптастырады.
• Объектілердің əрбір сыныбы үшін оның қасиетін (мəндерінің 
атрибуттарын) анықтайды. Қасиет – бұл ақпараттардың нақты 
элементі. Қасиет объектілер сыныбын сипаттайды. Бұл – объектілер 

70
сыныбын сапалық немесе сандық сипаттау. Қасиет мына түрде 
көрінуі мүмкін: сипаттамалық сөздер, сөз тіркестері; септік 
құрылымдар; тəуелдік зат есімдер жəне есімдік.
• Қадамдардан тұратын мынадай қасиеттері бар жұмыс тех-
нологиясы қолданылады: қасиетке үміткерді анықтау; қасиеттерді 
объектілер сыныбымен байланыстыру; қасиетке ат беру; қасиеттер 
форматын анықтау; қасиеттердің логикалық шектеулерін анықтау 
(мəннің диапозонға кіруі жəне т.б.); мұның шындығында объектілер 
сыныбы емес, қасиеті екендігін тексеру; қажет болған жағдайда 
доменді əзірлеу.
• Байланыстар кəсіпорындардағы бизнес ережесі мен ақпараттық 
қажеттіліктер болып көрінеді, олардың анықтамасын мынадай 
түрде көрсетуге болады: объектілердің екі сыныптары арасындағы 
атау берілген маңызды қауымдастық; бір заттың екінші затқа 
қатынасының болуы. Байланысты қарастырғанда, оның екіжақты, 
екі бағыттылығы туралы ойлау қажет болады.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Кибернетикалық тəсілдеменің анықтамасы.
2. Басқарудың қандай есептерін атауға болады?
3. Кибернетикалық тəсілдеме тұрғысынан АЖ-ні басқаруға не 
жатады?
4. Басқару жүйелері атқарымдарының негізгі топтарын атаңыз.
5. Еліктемелік модельдеу дегеніміз не?
6. Еліктемелік модельдеудің тəсілдемелері қандай?
7. 
Еліктемелік модель қалай құрылады?
8. 
Оқиғалық əдіс анықтамасы?
9. 
Еліктемелік модельдер қандай түрлерге ажыратылады?
10.  Жүйені басқаруды əзірлеу кезеңдері?
11.  Объектілер сыныбының белгілері?
2. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына 
жауап беру:
1.
Дискриминатордың шығу жолына нені қосқан жөн болады?
A)
Шектенушіні

71
 
B)
Сигналды
C)
Жиілікті
D)
Девиацияны
E)
Аталғандардың барлығы дұрыс
2.
Жоғары жиілікті күшейткіш қабылданған сигналды не істейді?
A)
Төмендетеді
B)
Күшейтеді
C)
Өзгертпейді
D)
Басқа қалыпқа келтіреді
E)
Дұрыс жауабы жоқ
3.
Аталмыш арақатынас берілетін сигнал қуаттылығы жəне 
аталмыш жүйенің екі реттік аппаратты бере алатындығы нені 
сипаттайды?
A)
Жиілікті
B)
Уақытты
C)
Жылдамдықты
D)
Ортаны
E)
Арақатынасты
4.
Дельта-модуляция -
A)
Сандық формадағы сигналдың тиімді тəсілін өзгертпейді
B)
Сандық формадағы сигналдың тиімді тəсілін өңдейді
C)
Сандық формадағы сигналдың тиімді тəсілін жояды 
D)
Сандық формадағы сигналдың тиімді тəсілін қайта құрады
E)
Дұрыс жауабы жоқ
5.
Мыналар: 
- Статикалық
- Динамикалық
- Транспорттық 
қандай кластың моделіне жатады?
A)
Сандық 
B)
Сапалық
C)
Иерархиялық
D)
Үздіксіз
E)
Сызықтық
6.
Статикалық модельдер -

72
A)
Алдын ала есептелген уақыт интервалы үшін басқарылатын 
шешімдерді талдайды
B)
Алдын ала таңдалған уақыт интервалы үшін басқарылатын 
шешімдерді талдайды
C)
Алдын ала анықталмаған уақыт интервалы үшін басқарылатын 
шешімдерді талдайды
D)
Алдын ала анықталған уақыт интервалы үшін басқарылатын 
шешімдерді талдайды
E)
Дұрыс жауабы жоқ
7.
Өндіру деңгейлері келесі шектеулерді қамтамасыз етеді:
A)
Технологиялық, шикілік, адамдық
B)
Уақыттық,сандық
C)
Жылдық, шикілік, адамдық
D)
Орталық, уақыттық
E)
Технологиялық, уақыттық
8.
Бөлінгіштік -
A)
Бөлу əдісін айтады
B)
Əрбір пайдаланушы үшін қорларының, өнімнің көлеміне 
пропорционал болады
C)
Əрбір пайдаланушы үшін қорларының ішінен сомдық пайдалану 
жəне түскен пайда шығатын өнімнің көлеміне пропорционал болады
D)
Əрбір пайдаланушы үшін қорларының ішінен сомдық пайдалану 
жəне түскен пайда шығатын өнімнің көлеміне пропорционал емес 
болады 
E)
Дұрыс жауабы жоқ
9.
Уақыттың мультиуақытты интервалы үшін жоспарлау 
тапсырмасын шешетін .... 
A)
Статикалық модель
B)
Динамикалық модель
C)
Транспорттық модель
D)
Орталық модель
E)
Аталғандардың барлығы дұрыс
10.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет