137
саз балшықтан илеу сияқты жҧмыстар, септігін тигізеді. Әсіресе,
осы әрекеттер баланың қоршаған орта туралы мағлҧматтарының
адекваттылығын бақылауға мҥмкіндік береді, олардың кӛмегімен
заттардың атын, бейнесін білдіретін сӛздердің мағынасын
қорытындылау жҥзеге асады. Ӛкінішке орай, қосымша даму
бҧзылуы бар соқыр-саңырау немесе соқыр балалар, ересек
адамдардың іс-әрекеттерін ӛз беттерімен бақылай алмайды, олар
еліктеу мҥмкіндіктерінен ада. Баланы ҥйрету, тек ересек
адамдармен бірлесіп ҧйымдастырылған әрекеттер арқылы
орындалады. Балаларды ойнауға, басқа іс-әрекеттерге, ересектер
ҥйретеді. Яғни, бала ересектердің қимылын сипап-сезу арқылы
бақылайды, одан соң қайталайды. Сӛйтіп, барлығын, -
басқалардың киінгенін, тамақ ішкенін, заттарды ҧстап
пайдаланғанын – сипап, еліктеу жолымен ҥйренеді, қолымен
«кӛреді». Олардың ӛзіндік тәжірибелері жинақталады, басқалар
туралы мағлҧмат қалыптасады. Кейін, кез келген затты
ҧстатқаннан-ақ не істеу керектігін бірден ҧғатын болады. Тіпті,
бірнеше әрекеттерді қатар орындай алады. Мысалы, сабын,
шыныаяқ, таңертеңгі жуыну мен ертеңгі асты ішу керектігін
білдіреді»
1
.
Соқыр-саңырау баланы оқу мен жазуға ҥйретуге кіріспестен
бҧрын, онда басқаларға кедергі жасамай бақылау қажеттігі
ҥйретіледі, ал ойыншықтармен ойнауға ҥйретуде, ең алдымен,
ойыншықтың шын мәнісіндегі ӛмірдің қайталамасы екендігі,
қуыршақтың «адам» екендігін «кӛре білуге» ҥйретеді. Мҧның ӛзі,
мектепке дейінгі жастағы балалар ҥшін, алыс дҥние, тек мектеп
жасында ғана, балалар қуыршақты адамның «кӛшірмесі» ретінде
қабылдай алады.
Кез келген бала, заттар мен қҧбылыстар әлемін
меңгермейінше, уақыт пен кеңістікті ӛз бетімен бағдарлауды
ҥйренбейінше, ӛзіне-ӛзі қызмет етуге дағдыланбайынша, жеке
тҧлға ретінде қалыптаса алмайды. Кҥрделі кемістігі бар
балалардың, жоғарыдағы аталған дағдыларды игеруге, мектепке
дейінгі және мектеп жасындағы уақыты кетеді.
--------------------
1
Апраушев А.В. Тифлосурдопедагогика. - М.: Изд. «Просвещение», 1983. – С.67-69.
Достарыңызбен бөлісу: