Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Аутизмі бар балалардың іс-әрекет ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет73/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

7.7. Аутизмі бар балалардың іс-әрекет ерекшеліктері 
 
Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың белсенді 
танымдық қызығушылықтары, оның ӛмірінің алты айлық кезінен 
байқала бастайды. Дәл осы кезде, ерте жастағы аутизмі бар 
балалар мінезіндегі енжарлық, селқостық тәрізді ӛзіндік 
ерекшеліктерімен кӛзге тҥседі. Оларға селсоқтық пен әрекетсіздік 
тән, тіпті, ойыншықтарға еш қызықпайды. Керісінше, басқа 
сипаттағы жоғары белсенділік байқалады: оларды сенсорлық 
қабылданатын заттардың қасиеттері қызықтырады (дыбыс, тҥс, 
қозғалыс). Олармен манипуляция жасау, стереотипті қайталама 
сипатқа ие. Балалар қолдарына іліккен заттарды аударып-
тӛңкеріп қарауға тырыспайды т.б. Затты қарау, оның 
қасиеттерімен танысуда, басқа адамдар пайдаланатын жалпыға 
ортақ, таныс әдістер оларға қызық емес. Осыған байланысты,
олардың ӛзіне-ӛзі қызмет ету әрекеттері, ӛте баяу қалыптасады, 


135 
қалыптасқан кҥннің ӛзінде, ӛзгелердің араласқанын қаламайды, 
бірден қарсылық кӛрсетеді.
Ойын әрекетінің ерекшеліктері. Ерте жастағы ЕЖБА бар 
балаларға, ойыншықты қажетсінбеу белгісі тән. Балалар 
ойыншықты ешқандай қызығушылықсз қарайды, манипуляция 
жасуға ҧмтылмайды. Олар әсіресе, ойында пайдаланбайтын, бірақ 
сенсорлық әсер беретін (кӛру, есту, иіс, сезу) бӛгде заттармен 
айналысудан, қанағат табады. Мҧндай балалардың ойындары, 
коммуникативті сипатта емес, олар ӛз беттерімен, жалғыз, 
бӛлектеніп ойнағанды қалайды. Басқа балаларды назардан тыс 
қалдырады, кей жағдайда ӛз ойынының нәтижесін кӛрсету 
мҥмкін. Рӛлдік ойындары тҧрақсыз, ретсіз әрекеттермен немесе 
рӛлдерді импульсивті тҥрде алмастыра берумен ҥзіле береді. 
Ойын барысында, аутодиалог болуы мҥмкін (ӛзімен-ӛзі сӛйлесу). 
Кейде, бала ӛзін басқа адамдар, жануарлар, заттар кейпінде
кӛрсететін, қиял-ойындар ойнайды. Бҧл категориядағы 
балалардың манипуляциялық ойындары, тек ересектеу жасқа 
келгенде орнығады.
Кез келген ерікті әрекет, оның мақсатына сәйкес, балалардың 
мінез-қҧлқын реттейді. Оларға алған әсерлерінен, заттардың оң 
және теріс сипаттарынан назарларын кері аудару қиынға соғады. 
Яғни, бала жағымды немесе жағымсыз әсер беретін нәрселерден, 
бірден арыла алмайды. Бҧдан басқа, ЕЖБА бар балалардың 
қорқыныштары мен аутистік қалыптары, оқу әрекетінің 
қалыптасуына, кедергі жасайтын екінші бӛгет. Даму бҧзылуының 
ауырлық деңгейіне қарай, ЕЖБА бар бала, жеке оқыту 
бағдарламасымен, жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен 
оқи алады. Оқу әрекетінде, бағдарламаны толық меңгереді. 
Мектепте де ҧжымға қосылмайды, жалғыз болғанда қалайды, 
яғни, бҧрынғы қалыптасқан бӛлектену кҥйі жалғасады. Достары 
жоқ, қарым-қатынас жасауға ҧмтылмайды. 
Бҧл балаларда, кӛңіл-кҥйі толқымалы, біртіндеп санасында 
мектеппен байланысты пайда болған, жаңа ҥрейлер орын алады. 
Оқу әрекеті әдетте, ҥлкен қиындықтар туғызады, мҧғалімдер 
баланың сабақтағы енжарлығы мен зейінсіздігін айтады. Ҥйде ҥй 
тапсырмасын, тек ата-анасының бақылауымен ғана орындайды, 
тез жалығады, қызығушылығы бірден жоғалады т.б. 


136 
Бҧл балалардың бір ерекшелігі сонда, мектеп жасындағы 
олардың шығармашылық әрекетке деген ҧмтылыстары кҥшейеді. 
Ӛз беттерімен ӛлең шығару, әңгіме, хикая жазу, суреттер салу 
сияқты әрекеттері жиі кездеседі, барлығында ӛзі басты 
кейіпкердің рӛлін атқарады. Ӛзін тыңдайтын және қиялына 
кедергі жасамайтын, ересек адамдарға жақын бола бастайды. 
Әдетте, бҧл таныс емес, кездейсоқ адамдар болуы мҥмкін. Бірақ, 
бҧрынғыша, белсенді қарым-қатынас қажеттігі болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет