Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет93/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

--------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.4315



190 
9.6 ТҚАЗ балалардың тҥйсігі мен қабылдауы 
 
Церебральды сал ауруы (БЦП) бар балалардың, аталған 
психикалық қызметінің қалыптасуында, сапалық ӛзгешеліктердің 
болуы, жасқа сай нормативтен кейіндеп қалуы – заңды қҧбылыс.
БЦП бар балалардың кӛру және есту арқылы бағдарлау 
реакцияларының ӛзгеше дамуы орын алады. Бҧл балаларда, 
оптикалық және дыбыстық тітіркендіргіштерге жауап ретінде,
жалпы қозғалыстардың тежелуі пайда болады. Әрі мҧнда
бағдарлау реакциясының қозғалыс компоненті болмайды, яғни 
дыбыс немесе жарық тҥскен жаққа, бас бҧрылмайды. Кейбір 
балаларда, бағдарлау реакциясының орнына, сақтану–қорғаныс 
реакциясы пайда болады: селк ете қалу, шошу, жылау. 
Кӛру арқылы қабылдау. БЦП бар балалардың жанарын 
тіктеуі, тек 4-8 ай шамасында ғана орнығады. Ол бірқатар 
патологиялық 
ерекшеліктермен, 
яғни 
қыли 
кӛзділікпен, 
нистагммен немесе кӛз бҧлшық еттеріне позотониялық
рефлекстердің әсер етуімен сипатталады.
Кӛзбен бағу қабілеті, қалыпты жағдайда, баланың 1 айлық 
кезінен бастап қалыптасады. 3 ай шамасында, бала ойыншықтың 
әртҥрлі қозғалыстарын, тік және кӛлденең жазықтықтарда 
бақылай алады. Ал, БЦП–на шалдыққан балаларда, кӛзбен бағу 
анағҧрлым 
кешірек 
қалыптасады, 
ол 
фрагменттілікпен, 
толқымалылықпен, кӛру аумағының шектелуімен сипатталады.
Қалыпты дамуда, 5-6 ай шамасынан бастап, қабылдаудың 
белсенділігі, тҧтастығы мен қҧрылымы т.б. қасиеттері интенсивті 
дами бастайды. Бҧл қасиеттердің барлығы, белсенді перцептивтік 
әрекет негізінде ғана қалыптасады. Бала заттар әлеміне енеді, 
біртіндеп кеңістікті белсенді тҥрде игере бастайды. Перцептивтік 
әрекетке белсенді кӛру – «зерттеу» әрекеттері мен сипап-сезу 
қимылдары жатады. Мысалы, бала ойыншықпен танысқанда, оны 
мҧқият қарайды және сипап кӛреді. Затты бҧлай кӛру – сипау 
арқылы тану, бейнелік қабылдауды қалыптастырады.
БЦП бар балалардың перцептивтік белсенділігі, қимыл-
-қозғалыстың кемістігімен байланысты қиындайды: қозғалыс 
қызметсінің бҧзылуы, кӛз бҧлшық еттерінің қол-аяқ қимылымен 
ҥйлесімді қозғала алмауы. Кейбір балалардың кӛздерімен реакция 
жасауы ырықты тҥрде емес, рефлекторлы тҥрде жҥзеге асады, 


191 
демек, баланың моторлық және психикалық әрекеттерін мҥлде 
белсендіре алмайды. Балалар ӛз қимылдарын кӛздерімен баға 
алмайды, олардың кӛру–моторлық координациялары бҧзылған, 
біртҧтас кӛру кеңістігі жоқ, бҧл ӛз кезегінде бейнені қабылдауға 
кедергі 
жасайды, 
сонымен 
бірге, 
заттық 
іс-әрекеттің 
қалыптасуына, кеңістіктік мағлҧматтардың қалыптасуына, 
кӛрнекі-бейнелік ойлау тҥрінің дамуына, келешектегі оқу 
әрекетінің қалыптасуына, тіпті, тҧтас алғандағы танымдық 
әрекеттердің қалыптасуына кедергі жасайды. БЦП балалардың 
моторлық координациясы, 4 жас шамасына қарай орнығады. 
Кӛру-сипау интеграциясының кемшілігі, олардың психикалық 
дамуының барлық барысында жағымсыз кӛрініс береді.
БЦП шалдыққан балалардың кӛру арқылы қабылдауының 
(гнозис) бҧзылуы, заттар кескіндерінің әртҥрлі нҧсқаларын 
тануды қиындатады (сызылған, қабаттасқан, бҧрылған, т.б.) 
Кейбір балалардың санасында, алдында кӛрген суреттердің ізі 
сақталып қалады, бҧл келесі суретті тануға бӛгет жасайды. 
Суреттерді тануы бҧлыңғыр, анық емес: бір суреттің ӛзін бірнеше 
рет, әрқалай «танулары» мҥмкін. Балалардың кӛпшілігі, қажетті 
суретті дҧрыс таңдап ала алмайды, суреттегі немесе тҥпнҧсқадағы 
бӛліктерді ажырата алмайды. Бҧл сюжетті суреттердің мағынасын 
тҥсінуге кедергі болады. Сандар мен әріптерді жазуда 
айтарлықтай қиындықтар ҧшырасады: олар тӛңкеріліп, басқа 
бағытқа қарап немесе айнадағы кескіндері тәрізді жазылады, бала 
дәптер бетіндегі торкӛздер мен жолдарды бағдарлай алмайды. 
Әріптердің графикалық кескіндерін дҧрыс жеткізе алмау, 
оптикалық-кеңістіктік мағлҧматтардың бҧзылуымен ғана емес, 
неврологиялық кӛріністермен байланысты (атаксия, парез, 
гиперкинездер т.б.). Санау дағдысының бҧзылуы, сандарды 
қабылдаудағы қателіктермен байланысты болуы мҥмкін, демек, 
бала санның графикалық кескінін танымайды, заттарды санай 
алмайды т.б.
Сурет салу мен жазуда, ол парақтың тек оң жағын ғана 
пайдаланады, қҧрастыруда, фигураның сол жақтағы бӛліктерін 
тастап кетеді, суреттер қарағанд, тек оң жағын ғана кӛреді т.б. 
Оқуда осы кемшіліктер ҧшырасады. Кӛз жанарын тіктеу мен 
қимылды кӛзбен бағу сияқты, кӛз қызметінің бҧзылуы, 
қабылдауда тҧтас бейне тҥзу ҥдерісінің бҧзылуы, нистагммен 


192 
байланысты болуы мҥмкін. Кӛру анализаторының мҧндай 
ерекшеліктері, яғни кӛз ӛткірлігінің әлсіреуі, қыли кӛздік, қос 
кӛріну, нистагм т.б., заттар мен қоршаған ортаның нақтылығын 
бҧрмаланған кҥйде, қабылдауға әкеп соқтырады. Осылайша, БЦП 
балалардың кӛру арқылы қабылдау мҥмкіндігінің бҧзылуы, кӛру 
жҥйесінің патологиясымен тҥсіндіріледі.
И. И. Мамайчуктың жҥргізген зерттеулері, церебральды сал 
аурулы, мектеп жасына дейінгі балалардың, перцептивтік 
әрекеттері мен қабылдау бейнелерінің, сау балаларға қарағанда, 
айтарлықтай кеш қалыптасатындығын кӛрсетеді. Олардың 
қалыптасуында, баланың ақыл-ой дамуы шешуші рӛлге ие 
болады. Қолдардың қозғалу қызметінің бҧзылуынан, сенсорлық 
және орындау қимылдарының ҥйлеспеуі пайда болады, бҧл 
интеллектуалды қабілеттері сау сақталған, БЦП балалардың
заттардың графикалық кескіндерін, дҧрыс қабылдауларына 
кедергі 
жасайды, 
сондай-ақ, 
фигураларды 
гаптикалық 
қабылдаудың сапасына кері әсер етеді. Ақыл-ойы кем БЦП бар 
балалардың, 
сенсорлық-перцептивтік 
және 
орындау 
қимылдарының анағҧрлым ауыр тҥрде бҧзылуы кӛзге тҥседі, әрі 
бҧл бҧзылулардың дәрежесі интеллектуалды кемістіктің 
дәрежесіне байланысты. Интеллект қабілеті сау сақталған, БЦП 
бар балаларда, сӛз бен сенсорлық бейне арасындағы байланыс 
байқалмайды, бҧл перцептивтік мәселелерді шешуде, меңгерілген 
сӛздерді заттармен сәйкестендіру ҥдерісін қатты тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет