Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Аутизмі бар балалардың тҥйсігі мен қабылдауы



Pdf көрінісі
бет95/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

9.7 Аутизмі бар балалардың тҥйсігі мен қабылдауы 
 
ЕЖБА бар балалар, сенсорлық тітіркендіргіштерге ӛзінше 
реакция жасайды. Бҧл кӛрініс, олардың ӛте сезімталдығымен, 
ӛкпелегіштігімен, жалыққыштығымен т.б. тҥсіндіріледі. Әрі бҧл 
балаларға сыртқы әсерлерді назарға алмау, мҥлде кӛңіл аудармау, 
әлеуметтік және физикалық стимулдармен жасалатын ықпалдарға 
реакцияның әртҥрлілігі тән.
Егер қалыпты жағдайда, адам кӛңіл аударатын негізгі объект 
болып саналса, ал адамның жҥзі ең қызықты болса бҧл балалар 
ҥшін, тез жалығу сезімін туғызады, сондықтан, олар ӛзімен 
сӛйлескен адамның жҥзіне қарамауға, ешқандай қарым-қатынас 
жасамауға тырысады.
ЕЖБА синдромы бар балалардың қабылдау ерекшеліктері 
анықталған (К. С. Лебединская). Бҧл балалардың «ӛзгешелігіне» 
ең алдымен, олардың ата-аналарының айтуынша, бала ӛмірінің 
алғашқы жылында-ақ кӛзге тҥсетін, сенсорлық стимулдарға 
реакция жасаудың заңдылығы тән. Заттарға реакция жасауда
ҥлкен қарама-қайшылық байқалады. Балалардың бір бӛлігінде, 
«жаңалыққа» реакция жасау ӛте кҥшті болады, мысалы, бӛлмедегі 
жарықтың ӛзгеруі тәрізді. Бҧл ӛте шҧғыл формада байқалады 
және тітіркендіргіштің әсері жоғалғаннан кейін, ҧзақ сақталады. 
Кӛптеген балалар, керісінше, айқын заттармен аз ғана әуестенеді, 
сондай-ақ, оқыс қатты дыбыстық тітіркендіргіштерге шошыну
жылау сияқты реакция жасамайды, әрі оларда әлсіз 


196 
тітіркендіргіштерге деген сезімталдық байқалған: балалар сәл 
естілетін сыбдырдан оянып кетеді, кҥнделікті ҥйреншікті 
тітіркендіргіштерге, айталық, ҥйдегі тҧрмыстық қҧралдардың 
дыбысы, қатты қорқу мен шошыну сияқты реакциялар жасайды.
ЕЖБА бар баланың қабылдауында сонымен қатар; кеңістікті 
бағдарлау қабілетінің бҧзылуы, шынайы ӛмірдің тҧтас кӛрінісінің 
бҧрмалануы да заңды қҧбылыс. Олар ҥшін маңызды нәрсе заттың 
ӛзі емес, оның жеке сенсорлық сапалары: дыбыстары, формасы 
мен фактурасы, тҥстері. ЕЖБА бар балалардың басым 
кӛпшілігінде, музыкаға деген шамадан тыс қызығушылық 
байқалады. Сондай-ақ, әртҥрлі иістер қатты әсер етеді. Таныс 
емес заттарды иіскеп, жалап танысуға тырысады.
Ӛз денесімен тҥйсінетін тактильдік, бҧлшық ет сезімі, олар 
ҥшін ӛте маңызды. Ҥнемі сенсорлық жайсыздық кҥйінде болатын 
олар теңселу, бір орында айналу сияқты, монотонды қимылдар 
жасау немесе қағаздарды, шҥберекті ҧзақ уақыт жырту, суды 
немесе қҧмды сапыру, жанып жатқан отты бақылау тәрізді
әрекеттерден, рақаттанады. Ауырсыну сезімінің әлсіздігімен 
байланысты, кейде ӛздеріне тҥрлі жарақаттар салуға деген 
қҧмарлық кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет