Павиандар– геронтократия. Енді павиандар пирамидасының жоғарғы
шыңына қаралық. Оны кім басқарады? Күміс сақалды патриарх-павиан? Жоқ!
Шыңда бірнеше патриарх отырады екен. Олардың қарым-қатынастарын достық
қарым-қатынас деп атауға болмас, сенім де жоқ; алайда онда жаулық та жоқ. Бір
кездері жас болғанда олар өздерінің жастық тобында билік үшін ұзақ әрі талмай
күрескен және уақыт өте келе бір-біріне дес бермейтіндерін түсінген. Одақ
құрғаннан кейін олар табындағы әрбір иерархиялық баспалдақ үшін ұжымдасып
күрескен. Олардың бастары бірікпен қарсыластары баяғыда өлген. Енді міне, олар
жоғарыда. Олар аз қалды және азая береді де. Енді олардың қалған өмірінің басты
мәні – біртіндеп күш жинап, пирамиданың жоғарғы баспалдағын басып алғысы
келетін көптеген субдоминанттарды ұстап қалу. Қарттардың біреуі де жалғыз өз
орнын ұстап қала алмайды, сондықтан олар оны бірігіп ұстайды.
Жасы бойынша үлкен топтардың үстемдік етуін этологтар геронтократия –
қарттар билік деп атайды. Геронтократия жиі түрде адамдарда да қалыптасады. Ол
кішігірім топта да, мемлекет басында да құрылуы мүмкін. Әдетте геронтократия
121
ресми көшбасшы өзіне сенімді болмай, жастардан қорыққан кезде пайда болады.
Өзінің жанына өзі тәрізді кәрілер мен өзі тәрізді сенімсіздерді тартып, олармен
билікпен бөліседі, осы арқылы қарттар шыңын қалыптастырады, олар үшін билікті
жоғалтып алу қорқынышы жалғыз басқару талпынысынан да жоғары болады.
Қарапйым өмірде геронттардың іс-әрекеті біз үшін ойластырылған және қу болып
көрінуі мүмкін. Шындығына келгенде, ол инстинкт қулығы. Оған сеніп,
кейбіреулері кәрілік маразм жағдайында болып та билікті сақтап қала алған.
Дәстүрлі қоғамда заңдармен және нұсқаулармен қоршалып, қабылданған қарт
тобының билігі – барлық ақсақалдар, геронттар, сенаторлардың билігі – қатардағы
мүшелер жасай алатын іс-әрекет болып шықты.
Жайылған жал, кең күміс мантия, қабақ астынан қараған қатал көзқарас пен
ірі сары азулар – табындағы иерархия шыңына жеткен павиан гамадрилдер міне
осындай.
Шыңға жеткеннен кейін павиан өз өмірін жеңілдетпейді. Оған үнемі
табында қажетті тәртіп жоқ сияқты болып көрінеді. Шыңда отырған ол қабағын
біресе бір маймылға, біресе басқа маймылға түйеді. Уақыт өте келе жұдырықты
түю, кеудесін ұру, азуын көрсету, біресе бір аталықты, біресе екінші аталықты
шақырып көндіру керек болып тұрады; басын түсіру, төмен қарау, аталық үшін
намысты болып табылатын аналық тәрізді тұру. Егер біреу тәтті немесе қызықты
бір нәрсені тауып алса – алып қою. Геронттар аналықтарды жеке меншіктері деп
есептейді және олардың төменгі дәрежелі аталықтармен жыныстық қатынасқа
түсуіне жол бермейді, алайда аналықтардың да өз бастары бар, сондықтан оларды
қадағалау қиын. Иерархтың не ұясы, не мүлігі жоқ. Оны тек үш нәрса мазалайды:
табын территориясын сақтау және ұлғайту, аналықтар мен билікті ұстап қалу.
Павиандар үшін геронтократия міндетті, себебі иерарх билікті өз бетімен
сақтап қала алмайды. Оған бағынышты аталықтар оның әрбіреуін жеке-жеке
басуға көмектеспейді. Керісінше, олар ұжымдық шабуыл жасай алады. Күшті,
122
қатал, билікке құмар, алайда сатқын емес павиандар аталықтары әлемін біраз
уақытқа шегеріп қойып, ұсағырақ және әлсіз қорғалған макакалар табынына назар
аударайық. Олар да көп уақытын ашық жерде өткізеді және ұйымдасуы жағынан
әлсіз болса да, саны көп табын құрады.Үстемдік ету үшін күрес макакалар
аталықтары үшін көпті білдіреді, алайда ол күрес соншалықты қатал емес.
Олардың доминанттары одақты қажет етпейді, себебі макакалардың бір
жиіркенішті инстинкті бағдарламасы бар (басқа да кейбір табындық жануарларда
кездеседі, мысалы, иттерде). Доминант бағынышты біреуін жазаласа болды,
қалғандары оған көмектесуге асығажы: айғайлайды, жазаланушыға секіреді, оны
бірдеңемен түртуге тырысады.
Этологтар мұндай мінезқұлықтың қалай пайда болатындығын зерттеген. Ол
доминант алдындағы қорқынышта сақталынып қалған, алайда бағытын өзгерген
агрессия. Ол қарапайым иерархиялық қағида бойынша өзінен әлсізге көшеді. Ал
жазаланушы дәл осы сәтте сол әлсізге айналады. Оны барлық макакалар жасай
алады, алайда пирамида түбінде орналасқандар бұған барынша белсенді
қатысады: себебі олар бәрінен қорқады және агрессиясын тек жансыз заттарға
ғана көрсете алады, ал ол қызықсыз. Кенет жазаланушы пирамида түбінде,
олардан да әлсіз болып шығады, оны ешбір жазадан қорықпастан ұруға болады.
Әдетте аталықтардың иерархиялық ойындарына қатыспайтын аналықтар (олардың
дәрежесі кез келген аталықтан төмен) осы іске тартылып қана қоймай,
аталықтардан да белсенді болып шығады. Бұл қарапайым механизм доминантты
ешбір қауіпсіз төмен тұрғандарды басуға мүмкіндік береді. Бастаса болды,
қалғанын табын өзі-ақ бітіреді.
Дәл осыған ұқсас бағдарлама бізде де бар екендігімен келіспеуге болмайды.
Кезекте тұрған кезде сатушы (біздің санамызда ол доминант, себебі ол бірдеңені
басқарады) бүкіл кезекті бірдеңе талап еткен (соның ішінде бүкіл кезек үшін
пайдалы нәрсе – жылдамырақ жұмыс істеу, алдамау, балағаттамау және т.б.)
123
тұтынушыға айдап салатындығын байқадыңыз ба? Ол үшін өз санасында
басқалардан төмен және әлсіз сезінетіндерді (әйелдерді тарту еркектерге
қарағанда оңайырақ, кәрі адамдарды тарту жастарға қарағанда оңайырақ) тарту
бәрінен де оңай екендігін байқадыңыз ба? Сіздің ойыңызша, сатушыны осы нәзік
психологиялық тәсілге үйрету керек пе? Жоқ, ол біздің санамыздан өздігінен
пайда болады. Адамдарда ол бағдарлама сан қырлы болып келеді. Жиналыстағы
мүйіздеу. Бұйрықтағы сөгіс. Көрсетілім үдерісі. Жұрт алдында өлтіру, Халық
жазаланушыны таспен ұрып, оны өлтіруді талап етуі мүмкін, ал егер осыған дейін
жоғары орында отырған адамды беретін болса, оны тірідей жеуге бар.
Адам макакадан тағы бір белгісімен ерекшеленеді: егер екіншісі
жазаланушыға бүкіл агрессиясын төккендерді мадақтамаса, біріншісі ең
белсенділерін жақындатып, көтере алады. Осылайша ең қорқынышты құрылым –
жауыздар қоршаған иерарх пайда болады. Жаппай пайда болатын жасөспірімдер
тобында ол кәдімгі жағдай: мықты көшбасшы, оның жанында бірнеше
жиіркенішті және байғұс етеккөтергіш, ал төменірек – мықтырақ жігіттер.
«Алтылықтың» психологиясы мен мінезқұлығын Р.Киплинг бала кезімізден бері
таныс жолбарыс Шерханды маңайлаған шибөрі Табака бейнесінде келтірген.
Жаппай қылмыстық топтарда «басшы» да әдетте «алтылықтармен»
қоршалған. Дәл сол мемлекеттік деңгейде де жүзеге асады: тиран сатраптармен
қоршалған, олардың ерекше сипаты – қылмыскерлік, адамгершіліктен жұрдай
болуы, сатқындық және төмендегілерге агрессия көрсету. Көне гректер ондай
құрылымды охлократия – ең нашарлар билігі деп атаған.
Адамдарда да бар бір дәреже шеңберіндегі одақтардың құрылу
бағдарламасы билікті жеке-дара ұстап қалуға мүмкіндік бермейтіндігін
анықтадық. Алайда егер оны доминант шабуылдап жатқандарға топ болып
жабылу бағдарламасымен салыстырсақ, билікті жалғыз ұстап қалу мүмкіндігі
пайда болады: субдоминанттардың кішігірім одағы табындағы барлық
124
жаншылардар қолдаған доминант шабуылына қарсы тұра алмайды. «Халықты»
қолдау көретін тиранды жасайтын механизм міне осындай. Барлық тирандар
мықты тұлғаларға төмендегілерді жоямын деп қорқыта отырып, үнемі өзіне
бағынышты ұстайды.
Одақ жасау үшін бір бабуин екіншісіне қызмет етеді.
Одақтың мақсаты – иерархиялық дәреже үшін бірігіп күресі.
Одақтар билік үшін күреседі. Дәрежесі төмен үш бабуин
дәрежесі жоғары аталықтарға шабуылдайды. Шабуылдаушылардың ішінде
ортаңғысы ғана өзінің артықшылығын білдіріп құйрығын алып шыға алды, алайда
ол да басын доминанттар арасында көтере алмайды. Оның одақтастары – не
шабуылдайды, не қашып кетеді. Бір доминант басшылық позасына ие болып,
күреске дайындығын білдіреді. Алайда оның одақтасытары екі қарсыласы тәрізді
әлі қозғалмаған. Бұл жерде кімнің жеңетіндігі олардың өздеріне байланысты, тым
болды бір бабуин өзінің «саяси» одақтастарын сатып кете ме әлде жоқ па. Билік
үшін күресте сатқындық – кәдімгі құбылыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |