120
жоғары дәрежелі аталықты құлата алады. Әдетте павиандар табыны жас
ерекшеліктері бойынша иерархиялық пирамиданы құрады. Алайда одақтар оны
«төмендегі төңкеріс» көмегімен құлата алады. Жас ерекшелігі бойынша пирамида
құру адамға тән. Дәстүрлі қоғамдарда жастық иерархия қатал сақталады. Алайда
доминантты құлату мақсатымен одақ құру – көне заманнан
бері қазіргі уақытқа
дейін белгілі нәрсе. Адамдарда ол одақтар да тұрақсыз, салыстырмалы түрде
жылдам құлайды. Кешегі одақтасыңның сатқындығы – саясаткерлердің
мінезқұлықнормасына айналған. Әйтпесе мың жылдық рим мәтелі «Бөл де биле»
сақталынып қалмас еді. Әрине, басқыншыларды құлату
мен олардың орнына ие
болу мақсатында бірігу идеясына интеллектуалдық тұжырымдау көмегімен жетуге
болады немесе инстинкті пайдалана отырып, компьютерлік үлгімен орындауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: