125
ондаған жануарды өлтіре алу мүмкіндігінің басты себептері болып табылады.
Жыртқыш құстар мінезқұлығын бақылауды Д.В.Радаков жүргізген.
Жыртқыш балық шабуылдаған кезде үйір бұзылады, жыртқышты өткізіп жіберіп,
оның соңынан қайта бірігеді. Атерина, кефаль шабақтары үшін ондаған
сантиметрге созылатын бірінші ырғу тән, оның үстіне балық жыртқыштың көз
аясынан кету үшін жеңіл қозғалады. Жыртқыш олжасын ұстап алу қолынан
келмесе, қууды біршама жылдам тастайтындығы анықталған. Жетістікке жеткен
жағдайда оның белсенділігі артады.
Топқа бірігу құрбандарға ғана емес, сонымен қатар жыртқыштарға да
көмектеседі. Қасқырлардың үйірлік шабуылы жақсы белгілі. Олар фронт бойынша
таралып, құрбанын қуады, оның үстіне қасқырлар қаншықтың барлық
қимылдарын қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: