15
Қазіргі ғылымды дамытудың
екінші ерекшелігі ретінде Б.Г. Ананьев адам
туралы ғылымдар одан әрі кеңейетін, тармақталатын білім кӛзі деп есептейді,
ал
үшінші ерекшелік – түрлі ғылымдарды кешенді жүйеге біріктіру
тенденциясы және «адами даму болмысын синтетикалық сипатта құру»
мәселесі тұр деп тұжырымдайды. Б.Г. Ананьев адамтану құрылымында
адамзаттық тұрмыс пен іс-әрекет әртүрлі қырларын ашатын бірқатар
ғылымдарды ажыратып кӛрсетті: семиотика, эвристика, эргономика, т.б.
Осы ғылымдардың барлығы психология базасында «жаңа синтездік
адамтану ғылымында» бірігеді. Б.Г. Ананьевтің пікірінше, «Бірақ осы
ғылымдардың интеграциясы – ең алдымен адам
туралы философиялық ілім
үрдісі арқылы анықталады»
94
.
Мұндай ой бізге адамтанымды биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
аспектіде біріккен адам туралы кешенді ғылым ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді. Бұған қоса аталмыш ғылым әртүрлі тарауларында зерттелетін, кез
келген даму сатысында қарастырылатын психологиялық ойлау (рефлексия)
нысаны болып табылады. Қазіргі таңда кәсіби және жалпы білім беруді
гуманизациялау іс-әрекеті қарқынды жүріп жатқанда Л.П. Буева, Т.М. Быкова,
т.б. зерттеулері негізінде адамтанымның кешенді салалары қалыптасып жатқан
үрдісі байқалады. Осы аталған ғалымдардың жұмыстарында «адамтанымның
кешенді сипаты бүгінгі күнгі адам туралы ілімнің жағымды, оң қырлы
мазмұнын пайдалануға деген қажеттілікті талап етеді» - деп атап кӛрсетіледі
95,96
.
Қазіргі адамтанымға психологиялық талдау жасау аспектілерінің бірі
ретінде біздің ойымызша, тұлғаның зияткерлік әлеуетін зерттеуді алу керек.
Себебі, бұл аспекті адамның мақсаттық әрекетін ой тудырушы фактор ретінде
қарастыруды кӛздейді.
Интеллект, зияткерлік әлеует мәселесі кӛптеген психологиялық
мектептердің, бағыттардың зерттеу нысаны болған. Заманауи интеллект
теорияларын
талдай келе, қазіргі әдебиеттердегі интеллект ұғымының
сипаттамасын түйдік. Сонымен, интеллект:
оқуға деген жалпы қабілетілік;
• таным үрдістері мен қызметтерінің жүйесі;
• қоршаған ортаға және ӛмір сүруге бейімділігінің жетістігін қамтамасыз
ететін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі;
• іс-әрекет жетістігін негіздейтін, тұлғаның әртүрлі ӛзекті мәселелерді
танып, оларды шешуге деген жалпы қабілеттілігі [97].
Ересектердің
зияткерлік
дамуының
ӛзекті
мәселелері
заманауи
психологиялық теорияларда бірнеше бағыттарда қарастырылады, зияткерлік
әлеуетті дамыту мәселесінің теориялық және практикалық маңыздылығына ӛте
қатты кӛңіл бӛлінген. Дегенмен,
тұлғаның зияткерлік әлеуетін, зияткерлік
қабілеттерін дамыту мәселесі бойынша қазіргі ғылымда кӛзқарастардың,
түсініктердің, тұғырлардың алуан түрлілігі байқалады.
16
В. Штерн, Я.А. Пономарев, В.Н. Дружинин, т.б [98,99,100] зияткерлікті
бӛліп қарастырудың басты критерийі ретінде оның мінез-құлықты реттеудегі
қызметі деп қарастырады.
Сонымен қатар, швейцар психологы Ж. Пиаже зияткерлікті білімді
меңгерудің тәсілі ретінде анықтайды. Жан Пиаженің пікірінше, адамның
когнитивті дамуы индивидуумның қоршаған ортаның ӛзгерістеріне
бейімделу
нәтижесі болып табылады
101
. Ғалым бейімделудің ассимиляция және
аккомодация сияқты екі механизмін бӛліп қарастыруды ұсынады.
Ж.Пиаженің зияткерліктің операциялық теориясы туралы идеясында
зияткерлік мінез-құлық мән мәтінінде анықталып, субъект мен объекті
арасындағы ӛзара әрекеттестіктің ерекше формасы деп танылады. Соның
негізінде, зияткерлік ӛзара үйлестірілген және қозғалмалы біртұтас
құндылықтарды тудыратын операциялардың жиынтығы болып саналады.
Ж.Пиаже бойынша, бала когнитивті даму барысында мына кезеңдерден
ӛтеді:
1) сенсомоторлы интеллект кезеңі (туғаннан 2 жасқа дейін);
2) операционалды ойлауға дейінгі (2 жастан 6 жасқа дейін);
3) нақты операциялар кезеңі ( 6-7 жастан, 11-12-ге дейін);
4) формалды операциялар (11-12-ден, 14-15 жасқа дейін)
102
.
Мұндағы формалды логика интеллект дамуының
жоғары сатысы болып
табылады. Баланың зияткерлік дамуы тӛменгі сатыдан жоғары сатыға кӛшуді
білдіреді.
Бірқатар ғалымдар R. Plomin, Н.С. Кантонистовa, М.С. Егоровa, т.б.
еңбектерінде әр түрлі жас ерекшелік топтарының зияткерлік әлеуетін
дамытудың генетикалық детерминациясын негіздейді [103,104,105].
Интеллекттің базалық қасиеттері Р.Стернберг, М.А. Холодная, т.б.
зерттеулерінде сипатталады
[106,22].
М.А. Холодная интеллект табиғатын түсінудің негізі ретінде 8 тұғырды
(кесте 1) атап кӛрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: