22
барып жадының молекулярлы негіздерін зерттеумен айналысқанын
жасырмайды
130
.
Бұнымен қоса оның әртүрлі жас ерекшеліктегі топтармен жүргізген
зерттеуі интеллект зерттеулерін ілгері дамытуға негіз болды. Топқа жүргізген
зерттеуінің басты мақсаты – тұлғаның зияткерлік даму факторларын анықтау
болды. Осы мақсат нәтижесінде 22-25 жастан бастап алғанда әртүрлі ойлау
қызметтері арасындағы корреляциялық байланыстың ӛсу фактісі айқындалды.
Бұл байланыстар екі орталықтың маңайына топтасады – мнемологиялық
(жадының біртұтас құрылымы - ойлау) және аттенциондық (назар
аудару
факторы). Ал одан кейінгі жас шағында (30-35 жас) Б.Г. Ананьевтің
пайымдауы бойынша, біртұтас мнемологиялық орталық екі ӛзінше жеке дара
ойлау ядроларына ыдырайды – мнемониялық және логикалық. Бұлар назар
аудару факторының маңызын сақтау барысында айқын кӛрінеді. Ғалымның
ұсынған келесі тұжырымына назар аударайық: «ілім факторы ерекше мағынаға
ие, себебі ол үздіксіз ақыл-ой жұмысы ретінде интеллектінің жалпы жоғары
тонусын кӛрсетеді. Сондықтан интеллект құрылымында (оның корреляциялық
байланысында) ойлау мен жады маңызды орынға ие болады. Дегенмен
олардың түрлі сипаттамалары немесе қасиеттері асинхронды дамыса да, бір-
бірімен сабақтаса, байланыса жетіледі. Ойлаудың дамуы сияқты жадының
дамуында да бірнеше кезеңдер болады. Оларды салыстыра келгенде ерекше
феномен, тіпті мнемологиялық градиент құбылысы кӛрініс табады. 19, 24, 28
жаста мнемиялық қызметтер логикалық дамуды басып озады, ал 20,23,31
жаста, әсіресе 32 жаста ойлаумен салыстырмалы түрде алғанда мнемиялық
қызметтер күрт тӛмендейді; тек 22, 26, 34 жаста екі қызметтің тӛмендеген
сәттері теңеседі, ал 30 жаста екеуінің де ӛскен сәттері сәйкес келеді»
78
.
Тұтастай алғанда бұл мәліметтер жады мен ойлау екеуі де ақпаратты
ӛңдеудің, адам интеллектісін қалыптастыратын
және оның оқу-тәрбие
үрдісінде модельденуіне мүмкіндік беретін негізгі түр деген тұжырымды
растайды.
Интеллект адамзаттың бейнелейтін және практикалық қызметтерінің
негізгі формаларын сіңірген ақыл-ой қабілеттерінің тұтастығы ретінде жан-
жақты
дамыған
тұлға
серіппесін
құрайды.
Зияткерлікке
қатысты
эксперименттік зерттеулер Ф.Гальтон, А.Бине, Т.Симон еңбектерінен басталды.
78, 6б.
. Осы ғалымдар тест кӛмегімен ақыл-ой үдерісіндегі шынайы табиғи
фонды ӛлшеп, бағалауды мақсат етеді. Бұл жерде білім деңгейі де, әлеуметтік-
мәдени ортасы да негізге алынбады. Себебі білім басқа адамдардың
кристалданған интеллектісі деп түсінілді. Ғалымдар ақыл-ой қабілеттерімен
педагогикалық бағдарламаға бейімделіп
алған білімдік деңгейді, оқудағы
үлгірім қабілетін тез бӛліп тастады.
Осылайша, талданған психологиялық зерттеулер мынадай қорытынды
жасауға негіз болды: зияткерлік тұлғаның туа біткен қабілеттерімен негізделеді.
Сондықтан батыс ғылымында зияткерлік ұғымын ӛлшемдік процедуралармен
байланыстырады. Оның негізінде туабітті ақыл-ой әлеуетінің деңгейін
анықтайтын әрі тұлғаның генетикалық жағдайын бағалайтын тест әдістері бар.
23
Бұл кӛзқарас 1950 жылдарға дейін басымдық танытты, себебі сол жылдары
оның толыққанды мәселені шеше алмайтындығы анықталды.
Зерттеушілер
интеллект коэффициентін ӛзгертіп қана қоймай, оқыту барысында оны екі
еселеуге болатынын дәлелдеді. Алынған нәтижелерден тестілеу әдісі ақыл-
ойды дамыту әлеуетінің генетикалық белгілерін емес, бұрыннан үйренгенін
анықтайтыны айқын кӛрінді.
Қорыта келе, егер батыстық ғылымның дәстүрі үшін интеллектідегі
биологиялық берілген қабілеттерге баса назар аудару тән болса,
ресей
ғалымдары тұлғаның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы әлеуметтік
факторларға кӛбірек назар аударатындығы байқалады.
Сондықтан зияткерлікті дамыту - бұл индивидтің биогенетикалық
нышандары мен әлеуметтік ортаның ӛзара қарым-қатынасы, әрекеттесуі.
Бұндай қарым-қатынастың нәтижесінде алдыңғы айтылған детерминанттармен
ӛлшенбейтін жаңа сапа пайда болады, яғни индивидтің биологиялық
ерекшеліктері алынған, әлеуметтік ақиқат болмыста жүзеге асырылған
адамзаттық интеллектіге тән сапа қалыптасады.
Бірақ адам интеллектісі белгілі бір әлеуметтік
қатынаста басқарыла
тұрса да, зияткерлік даралыққа терістеуге, жоққа шығаруға болмайды.
Психофизикалық және әлеуметтік басқарудың индивидуалды зияткерлік
айырмашылықтары олардың айқындаушы тетіктеріне толыққанды сәйкес келе
бермейді. Бұған қоса, индивидтердің биопсихологиялық фонының кең спектрі
ең ұтымды нұсқаларын оларды зияткерлік ұйымдастыру кезінде белгіленеді.
Адамзаттық зияткерлікті зерттеу мәселесі педагогикалық-психологиялық
негізге ие болып, оның тарихында адами интеллект мазмұны кӛптеген іргелі
ұғымдармен түсіндірілген болатын.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық еңбектерді талдай
келе, алдымен зерттеуде негізгі тірек ұғымы «зият» түсінігін әр түрлі тұрғыдан
жан-жақты қарастыруды басшылыққа алдық. Ӛзімізге белгілі болғандай,
қазіргі кезде зият деп аталған интеллект ұғымы кӛпмағыналы
және ақыл-ой,
пайым, түсінік, жады, ес, зерде сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Интеллект» ұғымы (латын тілінен
«intellectus» - таным, ұғыну), ойлау
қабілеті, рационалды таным деген мағына береді, кӛне грек ұғымындағы
нус
Достарыңызбен бөлісу: