Кәсіби қҧзыреттілік - маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы
қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес ӛзінің кәсіби – педагогикалық
қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер
жиынтығы немесе жекелік кәсіби сипаттама.
Дидактикалық жҥйе - оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын
бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы.
Таңдау курстары - мазмұны білім алушылардың танымдық
қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне
ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының
вариативті бӛлігін құрайды.
6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖОО – Жоғары оқу орны
ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
ЭТ – эксперименттік топ
БТ – бақылау тобы
Ж – жоспарлау
М – модельдеу
Б – бағдарламалау
НБ -нәтижелерді бағалау
И – икемділік
Д – дербестік
ЖК - жалпы кӛрсеткіш
7
КІРІСПЕ
Зерттеудің ӛзектілігі.
Қазақстанда білім беру жүйесін гуманизациялау арқылы нарықтық
қатынасты қалыптастыру, яғни отандық қызмет салаларын адамзат жағдайына
қарай бейімдеу қазіргі күннің талабы. Оның нәтижесі - жаңа сапалы зияткерлі
ұлт. Зияткерлі қоғам жолында дамып келе жатқан Қазақстанда бізге жаңаша
міндеттер жүктелуде. Қазақстанға ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін оятуға және
жүзеге асыруға жағдай жасайтын зияткерлік құбылыс қажеттігі соңғы
жылдарда аталып келеді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жоғары оқу орындарына (ЖОО) арналған
«Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс»
атты актілік дәрісінде «интеллектуалды ұлт» қалыптастырудың негізгі
аспектілерін атап ӛткен болатын. «Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың,
бірінші кезекте жастардың білімділікке, зияткерлікке, Отан мен халқына
қызмет етуге деген кӛзқарастарын ӛзгерту»
1
.
Алайда, «Интеллектуалды ұлт – 2020» Ұлттық жобасы аясындағы
кешенді бағдарламалардың жүзеге асуын, таяу болашағын айқындау
мақсатында жүргізілген жұмыстар бұл бағытта зерттеулер жүргізуді талап
ететіндігін кӛрсетті
2
.
Сондықтан да жалпыадамзаттық ізгілікке, ұлттық құндылықтарға
негізделген руханиятты қоғам құру әрбір ӛміртіршілік саласының міндеті.
Қазақстандағы зияткерлік қорлардың басты кӛрсеткіші ретінде білім мен
ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен
этикалық нормаларды сақтау, дәріптеу дәстүрге айналғаны абзал. Ұлттың
зияткерлік әлеуетін арттыруда басты құндылықтар ретінде сала мамандарын
дамыту басты орында тұр. Бұл ретте жоғары оқу орындарының ұлттың
зияткерлік әлеуетін дамытуда орны ерекше.
Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесіне қойылатын талап
ӛзгеріс үрдістеріне, оқу-тәрбие заңдылығына, студенттер мен оқытушылардың
шынайы қалаулары мен тілегіне сәйкес анықталады. Шынайы болмысқа сәйкес
жеделдетілген прогресс, ағылып жатқан ақпараттың алмасуы, адамзат капиталы
құндылығының арта түсуі, мамандардың үздіксіз білім жетілдіруге бағытталу
және ӛмір тіршілігіндегі барлық саланың бәсекелестігі, қазіргі жоғары оқу
орындарының маңызды міндеттері болашақ мұғалімдердің іргелі, арнайы білім
және іскерлік жүйесімен қамтамасыз етуден гӛрі, олардың кәсіби даралық
іскерлігін, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға бой алдырып барады.
Себебі, соңғы аталғандар келешекте кәсіби маманның жаңа идеяларды
меңгеруге, стандартты емес шешімдерді қабылдауға деген қабілетін
қалыптастырады. Зияткерлік әлеуетті дамыту ұзақ уақытты талап ететін, әрі
күрделі үрдіс, себебі онда кәсіби білім беру негізінде жүйелі іс-әрекет маңызды
орын алады.
Кәсіби білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін,
қабілеттерін дамыту жолдары кӛптеген зерттеулерде ерекше зейінге алынған.
Зерттеушілер біріншіден, психологиялық-педагогикалық білім беру мәселесіне
8
жан-жақты кӛңіл бӛлсе де, екіншіден, болашақ мұғалімдердің кәсіби-
зияткерлік дамуын жетілдіруге әрекеттенеді де, осы күнге дейін болашақ
мұғалімдерді дайындау іс-әрекеті, олардың зияткерлік кәсіби қызметін
жетілдіру, зияткерлік ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік әлеуетін даралау
мәселелері теориялық, әдістемелік, практикалық деңгейде жеткілікті дәрежеде
дайындалмағаны байқалады. Елімізде ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыру
мәселесі кӛпұлтты да кӛпдінді елде, егемендігі мен мемлекеттігі қатар
қалыптасып отырған әлемнің алдыңғы қатарындағы елдерінің кӛшіне ілесуде
де зияткерлік ұлт қалыптастыру, зияткерлік әлеуетті арттыру – стратегиялық
міндеттерде кӛрсетілуімен ӛзекті мәселелердің қатарында болуы зерттеу
жұмысын жүргізуге септігі тигізді.
Оқу-тәрбие үрдісінде тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне
барлық тарихи дәуірде кӛптеген философтар, педагогтар, психологтар,
әлеуметтанушылар ғылым ӛкілдері үлес қосты. Зерттеу барысында философтар
Аристотель
3
, И.Кант
4
, Гегель
5
, жаңару кезеңінің ойшылдары Ж.Ж.
Руссо[6], Д. Дидро
7
, шығыс даналары Ж. Баласағұн
8
, әбу Насыр әл-
Фараби
9
, әйгілі ақын-жазушылар А. Құнанбаев
10
, Ш. Құдайбердиев
11
,
С. Торайғыров
12
, ағартушылар Ы. Алтынсарин
13
, А. Байтұрсынов
14
, М.
Жұмабаев
15
, Ж.Аймауытов
16
және т.б. еңбектерінде тұлғаның ақыл-ойын,
ашылмаған мүмкіндіктерін дамыту жайлы идеялар, құнды пікірлер
білдіргендері анықталды.
Заманауи философиялық зерттеулер тұрғысынан біздің тақырыпқа
қатысты ой-пікірлер мен кӛзқарастар А.Г. Спиркин
17
, Ә.Нысанбаев
18
,
Ғ.Есім
19
, педагогиканың әдіснамасы бойынша Б.М. Кедров
20
, Б.С.
Гершунский
21
, т.б. зерттеулерінде келтіріледі.
Тұлғаның танымдық іс-әрекеттері мен зияткерлік мәселелері психолог
ғалымдардың: ресейлік М.А. Холодная
22
, А.Н. Леонтьев
23
, Б.Г. Ананьев
24
, Н.Ф. Талызина
25
, Д.Б. Богоявленская
26
, А.А. Деркач
27
, А.В.
Брушлинский
28
; отандық Ж.Ы. Намазбаева
29
, Х.Т. Шерьязданова
30
,
С.М. Жақыпов
31
, А.Р. Ерментаева
32
, О.С. Сангилбаев
33
, т.б.
зерттеулерінде қарастырылған.
Зияткерлік әлеуеті дамыған мұғалімнің қалыптасуы білім беру жүйесінің
даму жағдайында жүзеге асады. Осы мәселені ғылыми-теориялық тұрғыдан
зерттеген ғалымдар Г.М. Храпченков, К.К. Құнантаева, А.Н. Ілиясова, т.б.
[34,35,36], жоғарғы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыру мәселелері Т.С. Садықов, М.Ә. Құдайқұлов, Т.С.
Сабыров, Е.Ӛ. Жұматаева, т.б. [37,38,39,40], тұтас педагогикалық үрдістің
теориясы мен практикасы Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, С.Т. Каргин, т.б
[41,42,43]; мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту Б.А. Тұрғынбаева
44
, мұғалімдерді дайындатын оқу орындарының даму тарихы Р.Қ.
Бекмағамбетова
45
, зерттеушілік мәдениет, тұлға капиталы Ш.Т. Таубаева
46
, ұлттық тәрбие беру негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы Қ.Б.
9
Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, С.А. Ұзақбаева, Қ.Қ. Шалғынбаева, т.б. [47,48,49,50]
еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
Болашақ мұғалімдерді дайындау, тұлғаның әлеуетін, зияткерлік әлеуетті
дамыту мәселелерінің зерттелу деңгейін талдау негізінде әртүрлі аспектіде
қарастырылғандығы анықталды.
Зияткерліктің әрқилы түрлерін зерттеген ғалымдар: тұлғалық әлеует
(Ю.В. Сметанова [51], Л.И. Иванько [52], т.б.), зияткерлік әлеует (Т.Ф.
Красноженова [53], Л.В. Сохань [54), тәрбиелік әлеует (Т.Н. Мальковская [55],
Г.А. Юрина [56], Н.Е. Кожанова [57], Рыкова С.В [58], В.В. Сергеева [59], Е.В.
Фешина [60]), адамгершілік әлеует (П.А. Кобылинский [61],
Л.М. Митина [62],
В.П. Созонов [63]), эмоционалды әлеует (А.Н. Лутошкин [64]), деонтологиялық
әлеует (Г.М. Кертаева [65]), кәсіби-педагогикалық әлеует (М.В. Прохорова [66],
И.П. Подласый [67], Н.Э Пфейфер [68], т.б.), білімділік әлеует (Ф.А. Батурин
[69], Л.Ф. Лисс [70], Л.Ю. Гущина [71]), шығармашылық әлеует (К.К.
Жумадирова [72], Е.П. Гоголев [73], М.В.Корепанова [74], Г.Н. Филонов [75],
Е.Н. Шиянов [76], Е.Л. Яковлева [77]).
Дегенмен, бұл алғышарттар әлі де болса, теориялық мәнділігін тапқан
жоқ.
Сонымен философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулерді
талдай отырып:
- қазіргі білім беру жүйесінің зияткерлік әлеуеті дамыған мұғалімдерге
қажеттілігі мен зияткерлік әлеуетті дамыту мәселесі бойынша ғылыми-
тұтастық жүйемен негізделген зерттеулердің жеткіліксіздігі арасындағы;
- болашақ мұғалімдердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға деген
сұраныс пен зияткерлік әлеуетті дамытуда педагогикалық қолдау үрдісін әлі де
жеткіліксіз қамтылуы арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігі
анықталды.
Мұндай қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру, зерттеу мәселесін
айқындауға
және
зерттеу
жұмысымыздың
тақырыбын
Достарыңызбен бөлісу: |