Зият – ойлау қабілеті, адамның ақыл-ойының басталуы.
Зият – гуманистік бағдарланған рухани-ӛнегелілік білімдер жүйесі,
ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттер түрінде кӛрінеді, адамды
жетілдіретін мораль нормалар, шындық пен жалпы және кәсіби мәдениеттің
жоғары деңгейі жағдайында қалыптасады; бұл адамның ойлауы мен танымдық
қабілеттерінің жаңа сапасы.
Әлеует – қандай-да бір тапсырманы шешуде, белгілі мақсатқа жетуде;
жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің белгілі аумақта қолданылатын
мүмкіндіктері, құралдары, қорлары.
Зияткерлік әлеует– мемлекеттің, саланың, тұлғаның зияткерлік,
шығармашылық мүмкіндіктері мен ресурстарының кешенді сипаты.
Зияткерлік әлеует – бұл шынайы және әлеуетті қорлар, әрекет етуге
дайындық, мотивациялық факторлар, іс-әрекеттің энергетикалық сипаттары.
Зияткерлік әлеует – субъекттің институцияланған білімдер жүйесі
ретінде, нақты субъекттің зиятын қандай-да бір альтернативтік аумақтарда
мүмкін болатын зияткерлік іс-әрекеті.
Зият – ойлау қабілеті, адамның ақыл-ойының басталуы.
Зият – гуманистік бағдарланған рухани-ӛнегелілік білімдер жүйесі,
ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттер түрінде кӛрінеді, адамды
жетілдіретін мораль нормалар, шындық пен жалпы және кәсіби мәдениеттің
жоғары деңгейі жағдайында қалыптасады; бұл адамның ойлауы мен танымдық
қабілеттерінің жаңа сапасы.
Зияткерлік іс-әрекет –бұл зиятты және зияткерлік әлеуетті қандай-да
бір адамның белгілі, мысалы педагогикалық, экономикалық іс-әрекетін іске
асыру үрдісі.
Ақыл – қабылдау үрдісінің нәтижесін зияткерлік қайта ӛңдеу. Бұл
психикалық үрдістердің топтамасы, «ақыл», «ақыл-ой іс-әрекеті», немесе
танымдық іс-әрекетінің белсендігі деп аталады.
Іскерлік - түрлі ӛзгермелі жағдайларда сан алуан қызметтерді орындауда
жұмсалатын іскерлік пен дағды қасиеттерінің жиынтығы.
Оқу ҥрдісі – оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке
тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын
біртұтас педагогикалық үдерістің нақты кӛрінісі.
Қҧзырет - білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды
құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында
нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді
жаңғыртуға дайындық.
5
Қҧзыреттілік -оқу мен ӛмір жағдаяттарын шешу кезінде білім
алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін
меңгеруі кӛрінетін білім берудің нәтижесі.