10
3. Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың моделін жасау,
ӛлшемдік кӛрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау.
4. Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін тиімді дамытудың
педагогикалық-психологиялық шарттарын айқындау;
5. Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың әдістемесін
әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибеде сынақтан ӛткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: зияткерлік әлеуетті зерттеу болашақ
мұғалімдердің қоғам талаптарына сай дамуын қамтамасыздандырып, бұл
сапаны ӛздігінен тиімді дамытудың педагогикалық-психологиялық шарттарын
айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Кешендік тұғыр
мен тұлға туралы теориялар (Б.Г. Ананьев [78], Л.C. Выготский [79], А.Маслоу
[80], Ж.Ы. Намазбаева [81], т.б.); сана мен іс-әрекеттің бірлігі, даму туралы
іргелі теориялар (А.Н. Леонтьев [12], С.Л. Рубинштейн [82], П.Я. Гальперин
[83]); психикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі кӛзқарас Б.Ф. Ломов [85];
тұлғаның танымдық іс-әрекеттері мен зияткерлік теориялары М.А. Холодная
86
, Д.Б. Богоявленская
87
, т.б.); кәсібиліктің акмеологиялық теориясы (A.A.
Деркач [88], A.A. Бодалев [89], т.б.), кәсіби білім берудің тұлғаға бағдарланған
мәселелері (В.В. Краевский [90], В.В. Сериков [91], И.С. Якиманская [92], т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: