162
тәуелсіз әрекет ете алады, шарттардың ӛзгеруіне лайықты бейімделеді әрі тез
икемделеді, олардың мақсатқа жету және оны дұрыс жоспарлау ісінің барлығы
саналы түрде ойластырылған. Мақсатқа қол жеткізудің аса жоғары уәжділігі
туындаған жағдайда олар ӛзін-ӛзін басқарудың
мынадай стилін қолдануға
қабілетті, яғни тұлғалық беделін теңдестіретін, кӛп жағдайда мақсатқа жетуде
кӛп кедергі болатын мінез-құлық ерекшеліктерін қалыпқа келтіретін ӛзін
басқару стильдерін тиімді қолдануға бейімді болады.
Саналы түрде ӛзін-ӛзі реттеудің жалпы деңгейі жоғары болған сайын,
соншалықты адам белсенділіктің жаңа түрлерін
меңгере бастайды, бейтаныс
жағдаяттарда ӛзін сенімді ұстауға үйренеді, оның қалыпты қызметіндегі
жетістіктері мен сәттіліктері де соншалықты жоғары бола бастайды.
Аталмыш шкала бойынша тӛменгі кӛрсеткішке ие болғандардың бойында
ӛз әрекеті мен қызметін саналы түрде жоспарлау және бағдарлауға деген
мұқтаждық қалыптастайды, олардың ісі мен шешімі
әрібір жағдаятқа тәуелді
және қоршаған ортадағы адамдардың пікіріне сүйенеді. Осындай мінез-
құлықты адамдардың кӛзделген мақсатқа жетудегі тұлғалық қасиеттерін
әрекетке бейімдеу, теңестіру қабілеті тӛмен болады,
соған орай алынған
нәтижелері қолайсыз келеді.
Демек, қызмет пен әрекеттің жаңа түрлерін сәтті меңгеру кӛп жағдайда
ӛзін басқарудың стильдік ерекшеліктеріне сәйкес келуіне байланысты болады
және меңгерген белсенділік түрін тәжірибеде қолдану талаптарына тікелей
тәуелді болады.
Ӛтелетін мүмкіндіктер. Жоспарлау звеносының дамығандығы модельдеу
звеносын дамытудағы кейбір кемшіліктерді ӛтеуге мүмкіндік береді.
Осыған
орай ӛзін басқарудың үйлесімді стилі қалыптасуы мүмкін. Ӛзін басқарудың
жалпы деңгейін жетілдіру үшін жоспарлау мен программалау (бағдарлау)
звеноларын дамыту талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: