тәжірибе басталардан 10 күн бұрын ұйымдастыру конференциясын өткізеді, білім
алушылардың қажетті
дайындығын ұйымдастырады;
практика жоспары мен бағдарламасына сәйкес білім алушылармен консультациялар
өткізеді;
ұйымның - білім алушылардың қажетті еңбек жағдайларының практика базасымен
қамтамасыз етілуін, олармен еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасы бойынша міндетті
нұсқаманың өткізілуін, практиканттардың ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауын
бақылауды жүзеге асырады;
білім алушылардың тәжірибе бойынша есептерін тексереді
және кафедраға білім
алушылардың тәжірибелік дайындығын жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстар
келтірілген есеп ұсынады;
практика бойынша есептерді қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады
және практика аяқталғаннан кейін 5 күн ішінде практика бойынша қорытынды конференция
өткізеді;
ұйымдастыру және қорытынды конференция хаттамаларын ресімдейді.
Практика базасының бірінші басшысы:
педагогикалық практиканы өткізу шартында айқындалған практиканы өткізу үшін
жағдайлар жасайды;
білім
алушыларды практика базасымен, ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, жұмыс
ережелерімен,
қызметкерлер құрамымен, құжаттамамен, оқу-материалдық базасымен,
практика базасында жұмысты ұйымдастыру дәстүрлерімен
және ерекшеліктерімен
таныстырады;
білім алушыларға қолда бар әдебиеттерді, техниканы және қажетті құжаттаманы
пайдалану мүмкіндігін береді;
тәжірибе қорытындысы бойынша кеңес өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: