Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы


Хат сөзімен бірігетін және тіркесетін атаулар



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

Хат сөзімен бірігетін және тіркесетін атауларБірге жазылатындар: 
қолхат, сенімхат, жеделхат, ілеспехат, бастаухат, баянхат, дабылхат, 
жолдаухат, келісімхат, кепілхат 
, қолдаухат , құзырхат, құттықтаухат, 
мағлұмхат, нұсқаухат, сәлемхат, телефонхат, түсінікхат, тілхат, үндеухат, 
факсхат, хұснихат, ықтиярхат, алғысхат, мәжілісхат, жауапхат, бейнехат. 
Бөлек жазылатындар: жабық хат, ашық хат, міндеттеме хат, қызметтік хат.
Тілдің жазу нормасындағы бірізділік сақталу үшін хат сөзімен келетін 
құжат атауларының барлығын біріктіріп жазу дәстүрін қалыптастыру керек. 
Қазіргі тілдік қолданыста терминжасам жүйесінде сыңар сөздің көмегімен 
аударылып жатқан терминдер көп. Мысалы: ақы сөзін бірнеше терминдердің 
сыңары ретінде қызмет етіп, бірге жазылып жүр. 
Ақы 
сөзімен 
бірігетін 
және 
тіркесетін 
атаулар. 
Бөлек 
жазылатындар: адал ақы, абонементтік ақы, айлық ақы, аккордтық ақы, 
жалдама ақы, кесімді ақы, қосымша ақы. Бірге жазылатындар: жалақы, 
зейнетақы, билікақы жәрдемақы, жолақы, қаламақы, қызметақы, өсімақы, 
өтемақы, пәтерақы, сыйақы, төлемақы, үстемеақы, шәкіртақы, жамбасақы 
(этн), жүрімақы, кепілақы, көзақы (этн), кірақы, қарымақы, қолақы, сүтақы 
(кәде), айыпақы, борышақы. 
ЖАҢА ЕМЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР 
КЕҢ ҚОЛТЫҚ/ кеңқолтық орфографиялық сөздікте бөлек 
жазылған, ал жиілік сөздікте бірге берілген. Интернет басылымдарында 
үнемі бірге жазылып беріледі. Қазақтың кеңқолтық қонақжайлылығына, 
дархандығы мен бауырмалдылығына ешкімнің шүбә келтірмесі анық. (Жас 
алаш 2003). Қазақ - кеңпейіл, кеңқолтық. Соған қарап оны мәнжубас, 
момын, жуас екен деп ойламасын (Айқын 2011). Тағдырлы тарихында түрлі 
себептермен атажұртынан алыстап, кеңқолтық қазақтың бауырына 
кіргендер. (Қазақ әдебиеті 2009). Жиілік сөздікте беріге жазылуының басты 
себебі де барлық функционалды стильдегі мәтіндерде кеңқолтық сөзі бірге 
жазылған.
Кең қолтық дарқан, кеңпейіл (1), бейқам, алаңсыз, қамсыз (2) деген 
мағынаны білдіреді. Демек, ақкөңіл, кеңпейіл сөздерінің қатарынан орын 
алып бірге жазылуы тиіс деп ойлаймын. 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет