қарпі мен ағылшын тілінің әріптері өте ұқсас келетініне көз жеткіздім».
(Майя Исақаева). «Ғалымдар айтқандай, алдымен латын әліпбиіне көшу мәселесінің оңы мен солын саралап, елеп-екшеп, сосын ғана нақты бір шешім қабылдау қажет. Себебі, осы мәселеге байланысты қоғам пікірі екіге жарылатыны сөзсіз. Мұны қалыпты жағдай деп түсінуіміз керек. Бірақ бұл ретте орыс тілінің факторын мүлдем жоғалтып аламыз деген ой болмауы тиіс. Кириллица да керек. Өйткені, Қазақстанның Ресеймен экономикалық байланысы 65 пайызды құрайды екен» (тілдерді дамыту бөлімінің сектор
меңгерушісі Мейрам Нұғыман). «Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл - кең таралған жазу. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефонда латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақша тере алмай қиналып жатамыз. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең».( кәсіпкер Владимир
Шнайдер). «Неше таңбаны пайдаланған жөн, ол жағын ғалымдар зерттеп, дәлелдеп, тиімді тұсын ұсынсын. Екінші мәселе, қыруар қаражат қажет дедік. Бұл мәселені шешу – үкіметтің міндеті. Ал әр саланың мамандары өздеріне жүктелген міндетті бұлжытпай орындап, жүйелі жұмыс істеуі тиіс. Біз, қазақстандықтар көпшілік болып латын әліпбиін үйренуге, меңгеруге әзір екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп ойлаймын».( кәсіпкер Жұмабек
Сманов). «Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын. Өйткені, қоғамдағы жарнаманың өзі ағылшынша жазылса, адам назарын бірден аудартады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастар көбейіп барады». (студент Жарқынбек Амантай).
«Латынға көшсек, сырттағы 5 миллион қазаққа жақындаса түсеміз»
("Жанашыр" қоғамдық қорының президент Жаңыл Әпетова). «Шет тілін меңгеріп жатқан кез келген адам латын қарпін біледі. Ол қазір кеңінен қолданылып та жүр. Қазіргі жастардың барлығы сауатты, латынның негізін біледі. Меніңше, латын әліпбиіне көшу үшін жеті жыл жеткілікті»
(ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов). «Өнер саласында жүргендіктен, шет мемлекеттерде көп болдым. Сол кезде көр-
65
генім, өнер туындыларының көбі латын әліпбиінде жазылған және оны аудару арқылы түпнұсқасын жоғалту қауіпі бар. Сондықтан тарихи жәдігерлеріміздің, өнер туындыларымыздың түпнұсқасын сақтап, тарихи маңыздылығын жоғалтпай жеткізу үшін латын әліпбиіне өткеніміз дұрыс деп бағалаймын. Сонымен қатар біздің келешек ұрпақ ғылыми-техникалық инновация дәуірін-де өмір сүруде. Техника тілі ағылшынша емес пе? Сол үшін қазірден бастап латын әліпбиінде жазып үйренсін, дағдылансын деймін».(халық әртісі Б.Төлегенова). «Латын әліпбиі – әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі. Тәуелсіз еліміздің латын әліпбиіне көшуі тегін емес, ел үшін жеке басын сипаттайтын, ешкімге еліктемей ұлттық кодымызды одан әрі нық қалыптастыру мақсатында іске асырылып отыр.Латын әліпбиіне ауысу – еліміздің өз дамуын жалғастыруда зор ықпалын тигізеді».(ақын Шөмішбай Сариев). «Латын әліпбиін алыс шет мемлекеттері, оның ішінде ислам әлемінде көшбасшы орындарды алып отырған елдер (Түркия, Индонезия, Малайзия) қолданады. Азия құрлығының мұсылман емес бөлігінде Вьетнам мен Филиппин қолданса, Қытай мен Жапонияда иероглифтік жазумен қатар, латын транскрипция- сы пайдаланылады (атап айтсақ, дәл осы жағынан аталған елдерде компьютерлендіру мәселесі шешілген). бүгінгі таңда латын әмбебап халықаралық әліпби болып отыр, әрі оны қолдану «батысшыл» бағыттың белгісі емес, керісінше, бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың құрамына толыққанды мүшесі ретінде енуінің тағы бір белгісі іспетті».(саясаттанушы Тимур Козырев). «Техника мен ғылыми-инновация кезеңінде латын әріптерін оқи алатын, латынша жаза алатын маман ғана өз жаңалығымен әлемді таңғалдыра алады». (техника ғылымдарының
кандидаты Қ. Тұрсымбекова). «Бұл бастаманы кешіктіруге болмайды. Латын қарпіне көшуде бізде, қазақтарда бірауыздылық болу керек. Кеңес тұсындағы әліпби ауыстырулардың бәрі де саясаттың қолымен жасалған рухани зобалаң екенін жастарға түсіндіріп айтуымыз керек. Ал бүгінгі шешім одан мүлде басқа екенін, болашақ үшін жасаған өзіміздің таңдауымыз болатынын ұғындыру керек». (тарих ғылымдарының докторы
Т.Омарбеков).
«Шынымды айтсам, бастапқыда үйреніп қалған кириллицамен жүре бергеніміз жөн шығар деген пікірде болғанмын. Бұл мәселенің маңыздылығын терең түсінбеппін. Енді осындағы ғалымдардың пікірлерін естіп, ойымды өзгерттім. Білмейтінім көп екеніне көзім жетті. Менің айтпағым, осы тақырыпты әлі де халық арасында талқылап, түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізген жөн. Әйтпегенде, латын әліпбиінің маңызын түсінбейтін жастар басқаша пікірде болуы мүмкін»
(Дәрия Досмағамбетова, ИнЕУ-дің студенті).
Мінекей, халықтың осындай жаңа серпілісі, жаңа әліпбиін қабылдауға
деген талпыныс болашақта ұлттық тіліміздің мәртебелі қызмет етуіне толық
кепіл бере алады.