Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

ҚОРЫТЫНДЫ 
2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. 
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында 
белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, 
қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын 
отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік дағдыларынан тұтастай арылту. Осы 
саяси, рухани-әлеуметтік мәні бар мақаланың арқасында халық Латын 
қарпіне көшу де – еліміз үшін Ұлы көшке ілесудегі батыл бастама екенін 
мойындағандай болды. Себебі 2017 жылы латынға көшуге қарсылық болған 
жоқ десе де болады. Жаңа әліпбиге ауысу, төл тіліміздің рухани жаңғыруын 
қалайтын, қазақ тілінің сапалы қарқынды тілдік қолданысын аңсайтындар 
қатары көбейгені байқалды.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын 
әліпбиіне көшудің терең логикасы бар екенін, сол орайда бұл істі тезірек 
қолға алуды тапсырған болатын. Сол уақыттан бері латын әліпбиіне көшудің 
мәні қоғамда қызу талқыланып, түрлі жобалар да дайындалды. Латын 
әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, 
бізге не береді? Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы. Ұтамыз ба, 
ұтыламыз ба? Шыққан қаражат орны тола ма, әлде толмай ма? Ең бастысы, 
өзін ғана емес, елін де, ұлтын да ойлайтын зияткерлік ұлтты қалыптастыруға 
бұл әліпбидің септігі тие ме? Міне, осы сұрақтар туындап, оған жауап іздеген 
телебағдарламалар да басты тақырыпқа латын әліпбиіне оңтайлы көшу 
мәселесін 
қойды. 
Телебағдарламаларда 
сұхбат 
берген 
Институт 
ғалымдарының пікірлері толықтай көрсетілді.
Бұнымен қоса, көпшіліктің латынға көшуге қатысты шынайы пікірлері 
де берілді. Соларға сараптама жасай келгенде, 2012 жылғы латынға көшу 
пікірлері мен 2017 жылғы пікірлердің арасында айтарлықтай айырмашылық 
бар екені байқалды. 2017 жылғы көпшілік қауым қазақ тілінің ұлттық негізде 
жаңғыруына жаңа әліпбидің қажет екенін, жаһандану дәуірінде көштен 
қалмай, озық технология лебіне ілесу керек екенін сезінгені байқалады. 
Мысалы, «Латын графикасына көшкенде жаһаңдану процесіне және озат 
технологияға сәйкес біздің қоғамымызға әлемдік ақпараттық кеңістікке 
кіруге мүмкіндік ашылар еді. Кейбіреулердің пікірлері бойынша, әліпбиді 
өзгерткенде Ресейден және ресейлік мәдениеттен алшақтап кетеміз және 
кириллицаға негізделген рухани байлықтарымызды жоғалтамыз дейді. Біз 
халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің 
қатарына ілесе алмаймыз» (филология ғылымының докторы, профессор 
Бекен Сағындықұлы). «Біріншіден, латын графикасына өтудің оңы мен 
солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін
әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек. Екіншіден, латын әліпбиіне 
көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса мән берген жөн. Яғни, 


64 
бірізділік, ортақ қағида болуы шарт. Үшіншіден, балабақшаларда, 
мектептерде, жалпы оқу үрдісінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән 
- каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет». (профессор Айман 
Зейнуллина) «Латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды 
деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын 
балаларымыз ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін 
меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне 
көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын» (журналист Арман Қани). 
«Алға ұмтылған адам үшін алынбайтын қамал жоқ. Мәселен, мен латын 
әліпбиін білмеймін, бірақ кітаптарды оқи алады екенмін. Себебі, латын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет