Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

дөңбек үй, дабыл үй бөлек жазылады. 
Демек, аң, құс, өсімдік, жиһаз, ойын, кәде, салт, жоралғы 
атауларындағы біріккен сөздер қосарланып бір ғана атау мәнінде жұмсалса 
бірігіп жазылады. Егер бірнеше түрлерін сипаттайтын ажыратушы мәнде 
қолданылса бөлек жазылады. Мысалы, қамшының түрлері (соп қамшы, 
дырау қамшы).
Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданылатын, 
орфографиялық сөздікте жоқ жаңа стереотиптік атаулар
Бетсыдырғы - ат үсті қарау. Бүгінгі ұрпақтың бетсыдырғы білім мен 
өнерге атүсті жеңіл көзқарасына жаны қастығы хас шебердің бет-
әлпетінен сезіледі.( 
muslimamze.kz
).  
Бозборан - алаңсыз. Қолдарындағы сәмбі талдың солқылдаған жас 
шыбығымен 
обал-сауапты 
ойламастан 
басы 
мен 
құлағын бозборан соққының астына алады (
tattialma.kz
).  
Шөпкетышарлар - шенеуніктер. Ал, облыстың тұтқасын ұстап 
отырған шөпкетышарлар өздерін сынағаным үшін жынын құсқан жалақор 
Бекбосынды маған айдап салып, мені мұқатпақшы болды. «Қазақ әдебиеті» 
газеті, 5 қазан 2015ж 
Нәзікжандылар - әйелдер. Елімізде нәзікжандылар басқаратын 
кәсіпорындардың қатары 28%-ға артты.  
Қарадомалақтар 

қазақ 
балалары. 
Пеленің 
отанынан 
оралған қарадомалақтар футболдың түрлі әдістерін жетік меңгеріп келді. 
«Жас қазақ» газеті, 20 мамыр 2015ж 
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу қарсаңындағы негізгі 
лингвистикалық қағида - этнографизмдердің барлығы орфографиялық 
сөздікте қамтылуы. Себебі басқа лексикалық бірліктермен салыстырғанда 
көне ескіліктердің жазылуы (біріккен, қос сөз, тіркес) ерекше. Екі немесе үш 
сөздің бірігуінен жасалатын сөзжасамдық жүйе этнографизмдерге тән. 
Сондықтан оларды тұрмыстық лексикадағы тіркес қолданыстармен 
шатастырмау үшін түбегейлі жинақтап орфографиялық сөздікке енгізу қажет. 
Кез келген тілде терминжасам процесі, ең алдымен сол тілдің өз сөздік 
құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. Демек, терминдер 
тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Осыған орай
терминдер қатарында сол тілге тән әр түрлі құрылымдылық типтері 
кездеседі: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз, сөз тіркесі және т.б.
Медицина терминдерінің төл тілімізге аударылуында кейбір 
олқылықтар бар екені байқалады. Жаңа латын әліпбиіне көшу қарсаңында 
термин аудармаларында кездесетін күмәнді нұсқаларды өз алдына бөлек 
жинақтап, арнайы талдаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай күмән 
келтірілген, аударылған терминдер жиналды. 


59 
Мысалы, амастия - емшексіздік, аменория - етеккірсіздік, амиелия - 
жұлынсыздық, амимия - ымсыздық, адентия - тіссіздік, адермия - терісіздік, 
аноксемия - оттексіздік, анорексия - тәбетсіздік, анорхизм - атабезсіздік, 
апраксия - ептейсіздік, асинергия - әрекетсіздік, аспермия - шәуетсіздік, 
атрихоз - жүнсіздік, ахейлия - ерінсіздік, ахилия - сөлсіздік, ахромия - 
түссіздік, безрассудство - ессіздік, беспомощность - дәрменсіздік, 
декомпозиция - үйлесімсіздік, диспропорция - сәйкессіздік, импотенция - 
белсіздік, меланхолия - көңілсіздік, недостаточность - жеткіліксіздік, 
непрерывность - үздіксіздік, авитаминоз - дәруменсіздік, аглоссия - тілсіздік 
аденостения - безәлсіздік 
Демек, жоғарыда аталған аударма баламалардың терминжасам 
жүйесіндегі моделі - «сіздік» - «а» префиксінің орнына қызмет етіп тұр. 
Дегенмен, қазақ тілінде «сіздік» қосарлы жұрнағы жалғанғанмен, термин 
ретінде қолданыс таба алмайтын жағдайы ескерілмегені байқалады. Себебі 
кейбір сөздердің лексикалық мағынасында жағымсыз реңктер болатыны 
ескерілмеген. 2014 жылы ұсынылған «Қазақша - орысша, орысша-қазақша» 
терминдер сөздігін жасау барысында медицина қызметкерлері тікелей 
қатысқаны, олардың халықаралық терминдерді төл тілімізге аударылуына 
ерекше көңіл бөліп, төл терминдер қатарының көбеюіне елеулі үлес қосқаны 
анық. Дегенмен, лингвистикалық терминжасам заңдылықтарын қатаң 
сақтамағаны, бағынбағаны байқалады. Жаңа латын әліпбиіне көшу 
қарсаңында жоғарыда аталған аудармаларды сұрыптап, тек дұрыс 
аудармаларды төл термин ретінде қабылданатынын қалдырған дұрыс. 
Мысалы, меланхолия - халықаралық термин, темпераменттің (туа біткен 
мінездік) бір түрі. Оған «көңілсіздік» деген балама келмейді. Себебі 
меланхолияның бүкіл болмысын таныта алмайды. Көңілсіздік - 
меланхолияның тек бір қыры ғана және бұл ассоциативті таным көрінісі. 
Сондықтан «меланхолия - көңілсіздік» - ұғымды аударма деп саналмайды.
Сол сияқты «атрихоз - жүнсіздік». Атрихоз негізінен адамның шашсыз 
болуы. Шаштың толықтай түсіп қалуы немесе шашсыз болуы. Сондықтан 
жүнсіздік атрихоз мағынасына балама болуға сәйкес келмейді. Оның үстіне 
жүнсіздік деген жағымсыз, ұнамсыз естіледі.
Сондай-ақ терминдердің әртүрлі нұсқада жазылуына байланысты көп 
қателіктер туындап жатады. Әсіресе ресми ісқағаздарын рәсімдеу 
жұмыстарында кейбір терминдерді жасау жүйесі орфографиялық сөздіктегі 
емлеге бағынбайды. Мәселен тілімізде хат сөзінің тіркесуі арқылы жасалған 
құжат атаулары көп. Хатпен тіркесіп келетін сөздер бірде бөлек жазылады, 
бірде бірге жазылып жатады. Оған халықаралық байланыс, ісқағаздары 
ісінің қоғам дамыған сайын жетілуі , соған орай кірме терминдерді аудару 
ісіндегі бірізділік пен емленің сақталмауы басты себеп болып отыр. Мәселен, 
хаттың түрі көбейген сайын, оның жазылу бірізділігінде де ауытқулар болып 
жатыр. «Сопроводительное письмо» тіркесімен жазылатын кірме сөз төл 
тілімізге ілеспе хат болып аударылып енді. Орфографиялық сөздікте қазақ 


60 
тілінің заңдылығына сәйкес оны біріктіріп жазды. Бірақ көпшілік қолданыста 
екі тіркеспен бөлек жазылатын орыс нұсқасына бейімдеп тіркеспен 
жазатындар жиілеп бара жатыр. Сондай-ақ «благодарственное письмо» 
баламасы алғысхатта бөлек жазылуға дағдыланып отыр. Осындай бір сөзбен 
тіркесетін бірнеше атаулардың бірге немесе бөлек жазылатынын айқындап 
көрсету қажет. Себебі әрбір бес жыл сайын оның қатары көбейіп отырады. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет