7
1-ТАРАУ. ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТАРИХИ
ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақ
жазуының
тарихына
үңілсек,
расында
да,
Ахмет
Байтұрсынұлының ұсынған жазу нормасы қазақтың табиғи сөйлеу болмысын
танытатын үлгі болатын. Кейін кирилл әліпбиіне көшу салдарынан бір сөздің
бойында бір таңбаның бірнеше қайталануын қысқарту мақсатында, тағы да
басқа ықпалдардың әсерінен жазылым мен айтылым арасында үлкен
алшақтық туындап, қалай жазылса, солай айтатын келешек ұрпақтың
сөйленіс нормасы бұзыла бастады. Қазақ жазуындағы бұл өзгерістер 1940
жылдары латыннан кирилл әліпбиіне ауысу кезеңінде пайда болды. Ал 1929-
40 жылдардағы латын әліпбиінде А.Байтұрсынұлының жазу үлгісі сақталған
болатын. Сондықтан қазақ тілі үшін латын әліпбиіне көшу ең қорқыныш
тудырмайды, себебі ондай тәжірибеден бұрын өткен. Сондай-ақ көптеген
ақын-жазушыларымыздың (М.Әуезовтен бастап) таңдамалы шығармалары
латын қарпінде жазылған нұсқалары сақталған. Жазылуы қиындық тудырған
жағдайда сол еңбектердің нұсқаларына сүйеніп, түрлі үлгілерін сараптап
салыстыруға толық мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ қазақ тілі емлесінің негізгі
ережелері де 1929 жылдары осы латын қарпіне көшу қарсаңында басталған
болатын. Сол кезеңдегі тілтанушы ғалымдар 1940 жылға дейін латын
қарпіндегі қазақ тілі емлесінің негізін қалап, 1941 жылы алғашқы емле
сөздігін құрастырды. Ендігі кезекте осы емле ережелерінің артықшылығын
пайдаланып, кемшілігін талдап, жаңа әліпбиге негізделген емле нормасын
жазауға кірісу керек болып тұр. Сондықтан 1929-40 жылдардағы емле
мәселелері
туралы
тұжырымдарды
талқылап,
одан
шығатын
ұсыныстарымызды таныту мақсатында І.Кеңесбаевтің, Н.Сауранбаевтың,
М.Балақаевтың, С.Аманжоловтың зерттеулерін талдап көрсетуді жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: