Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы


ХХ ғасырдағы латыннегізді әліпби туралы пікірталастар



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

ХХ ғасырдағы латыннегізді әліпби туралы пікірталастар 
және орфография мәселелері 
 
Қазақ жазуы қалыптасқаннан бастап-ақ орфографиялық норма, емле 
мәселелері, оның қиындықтарын шешіп, біріздендіру сияқты тілдік саясат 
жүйесі қызметін бәсеңдеткен емес. Яғни сауаттылықтың бірізді заңдылығын 
тілдік тұрғыдан шешу мәселесі қазақ тіл білімі үшін өміршеңді зерттеу 
нысанына айналды. Жазуы даму үстіндегі, тілі өркендеген елдің тіл 
саясатында орфография мәселесі өзекті болары сөзсіз. Тарихқа үңілер болсақ,
1924 жылы 12-18 маусымда Орынборда өткен қазақ білімпаздарының 
тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары 
мәселелері сөз болса, 1927 жылы 28-29 сәуірде Ташкентте өткен бас қосуда 
жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 жылы 2 – 4 маусымда 
Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда емле, атау 
мәселесі қаралды. 



Әліпби, емле, оны реформалауға байланысты пікірталастар алғашқыда 
«Дала уәлаяты газеті», «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттерінен көрінді, одан 
кейін «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттер төңірегіне ұйысып отырғаны 
белгілі. Демек, қазақ жазуының емлелік қағидаларын заңдастыру ісінде 
тұрақтылық бірден бола қоймады. Оның басты себебі - әліпбидің өзгеруі. 
Өзімізге белгілі жалпыхалықты жаңа әліпбиге үйрету және оған көндігіп, 
сіңісіп кету үлкен уақытты талап етеді. Бұнымен қоса әліпбимен қоса, оның 
емлелік ережелерін де қатар меңгерту қажеттілігі туындайды. Тәжірибесі аз 
алғашқы әліпби өзгерісі реформасында емле заңдылығының толық дайын 
болмауына байланысты көптеген қиындықтар туындап, оның салдарынан тіл 
салаларындағы зерттеу жұмыстарының кереғар тұжырымдамаларға бой 
ұрғаны айқындалды. 
Соның ішінде 1929-40 жылдардағы латын әліпбиіне бейімделу, бұрын 
соңды болмаған бас әріпке үйрену, кейбір кірме сөздерді барынша ыңғайлы 
сауатты жазуға лайықтау мәселелері ұзақ талқылауды, кең зерттеуді, үлкен 
тәжірибені қажет етті. Емлеге қатысты сол жылдарды екі кезеңге бөліп 
қарауға болады. 1938 жылға дейінгі латын әліпбиіндегі қазақ тілі 
орфографиясының қалыптасу кезеңі болса, 1938 жылдан кейінгі 
сауаттылыққа орай оңтайландырылған емле заңдылықтарының қызмет ету 
кезеңі болды. Н.Сауранбаев кейінгі кезеңдегі емле мәселелерінің дұрыс, 
бұрыстығын сараптап, сауаттылыққа жетелейтін үлгілерін насихаттау 
тұрғысында қыруар еңбек етті. Атап айтар болсақ, «Қазақ тілінің емлесі 
туралы» («Төте оқу» газеті, 1938 жыл.) [1], «U мен У» әрпінің жазылуы 
(«Төте оқу» газеті, 1938жыл.) [2], «І мен J әріптерінің жазылуы» («Төте оқу» 
газеті, 1938 жыл) [3], «Ғ,Х,V әріптерінің жазылуы туралы» («Төте оқу» 
газеті, 1938 жыл.) [4], «Жуан Ь,J дыбыстарының жазылуы туралы» (Төте оқу 
газеті, 1938 жыл.) [5], «Емле жөніндегі бірқатар ұсыныстар» («Социалистік 
Қазақстан газеті, 1938 жыл») [6] атты мақалалары жарық көрді.
Н.Сауранбаев осы мақалаларында 1938 жылға дейін қабылданып 
келген ұу – «uv»; үу – «yv» және ый – «ьj»; ій - «іj» қосарлы дыбыстарының 
қолайсыз екенін дәйектей отырып, оларды бір ғана дыбыспен, яғни «u» және 
«у» деп белгілеу туралы орфографиялық қаулының қажеттілігін атап өтеді.
Негізінен латын әліпбиіне көшкеннен бастап-ақ «и» мен «у» 
дыбыстарын таңбалау даулы мәселе болған болатын. Бірсыпыра ғалымдар 
[і+й], [ы+у], [ұ+й], [ү+у] дыбыстарын қосар әріппен таңбалау керек десе, 
екіншілері бұл дыбыстарды бір таңбамен таңбалауды ұсынды. Сондай-ақ осы 
дыбыстарды жарты дауысты дыбыс демей, оған толық дауысты дыбыс деген 
статус беру керек дейтін пікірлер айтылды. Н.Сауранбаев әсіресе кірме 
сөздерде осы дыбыстардың қолданысы буын үндестігін сақтау заңдылығын 
аса қажет етпейтінін, сондай-ақ қосарлы дыбыстардың жазылуы сөзді тым 
шұбаландырып, орфографиялық сәнін келтірмейтінін ескере келіп, бір 
таңбалы дыбыс үлгісімен жазуды дұрыс деп санайды.



С.Аманжоловтың пікірінше: «іj-дің қосарлы жазылуына себеп болған 
бізде орыстың «и» дыбысы сияқты толық әріптің жоқтығы. Бізде j дыбысы 
тек жіңішкелік үшін, дәнекер үшін жүреді, біздегі «j»-дыбысы тек 
қысқалықты, шолақтықты көрсетеді. Ол екеуі де жарымжан, екеуі де толық 
әріптік қабілеті жоқтар» (Әміржанова Н. Қазақстандағы латын жазуының 
тарихи тағылымы, Алматы, 2012) [7].
Н.Сауранбаев «у» және «и» дыбыстарының қосарланған uv, іj 
таңбаларымен халықаралық сөздерді жазуда көп қиындықтар келтіріп, сөздің 
мән-мағынасын шатастыратын жағдай тудырғанын да жасырмады. 
Сондықтан ғалымның пікірінше, мүмкіндігінше дыбыстарды жеке бір 
таңбамен белгілеп жазу емленің тұрақталуына мүмкіндік беретіндігін, ал 
емле ережелері икемді әрі тұрақты болса, еңбекшілердің сауаттылығы да, 
жазу, қарым-қатынас мәдениеті де дамитынын алға тартады.
Латын әліпбиіндегі қазақ тілінің емле өзгерістері туралы қаулының 
насихаттау мақсатында және халықты жаңа емле ережесіне үйрету 
бағытында Н.Сауранбаев «Төте оқу» газетіне дүркін-дүркін мақала жариялап 
отырды. Емле қаулысындағы өзгерісті бұрынғысымен салыстыра отырып, 
тиімді жағын мысалдармен айқындап көрсетіп отырды. Мысалы, 1938 жылы 
«Төте оқу» газетіне жарияланған «Қазақ тілінің емлесі туралы» атты 
мақаласы «й» мен «у» әріптерінің жаңаша қолданылу жолдарын үйретуге 
негізделген. «й» әрпі бұрынғы «u» таңбасының орнына, ал «у» дыбысы 
бұрынғы «yv» әрпінің орнына қолдану емлесі қабылданғанын салыстырмалы 
түрде түсіндіреді де, көзге айқын болу үшін былайша нақтылайды: 
Мына төмендегі мысалдарды оқып, жаттығыңыздар: 
«U» әрпіне келетін сөздер: 
бұрынғысы 
жаңасы 
Uvьq 
Uьq 
Suvьq 
suьq 
Cuvaq 
cuaq 
Suvat 
suat 
«Үv- Үу» орнына «u»
бұрынғысы 
жаңасы 
Yvәde 
uәde 
Kelyv 
кеlu 
Kylyv 
куlu 
çyryv 
çyru 
«Үv- Ұу» орнына «u»
бұрынғысы 
жаңасы 
Suluv 
su
́lu 


10 
Н.Сауранбаев «І мен J әріптерінің жазылуы туралы» атты мақаласын 
1938 жылғы емле қаулысына қатысты қабылданған өзгерістерді айқындап 
жеткізу үшін жариялаған болатын. Онда қысаң дауысты ы, і дыбыстарының 
қай жерде жазылуы керек, қай жерде жазылмауға тиісті ерекшеліктері нақты 
көрсетілді. Мысалы, сөз басында негізгі сөздің мағынасы өзгермейтін 
жағдайда қысаң езулік дауыстылары жазылмайды. Мәселен, ьskaf емес skaf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет