Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

Ққ, ...Нн, Ңң,.... Оо, Өө, .... Ыы, Іі сияқты болып, осындай тәртіппен түзілуі 
қажет. Совет Одағында орыс алфавитіне көшкен елдің барлығы да осылай 
еткен. Бұл әбден жүйелі, бірыңғай тәртіп. Сондықтан қазақ алфавитіндегі 
әріптердің тәртібі де осы көпке бірде-бір дағдылы болған тәртіпте болуы 
жөн»[Н.Т.Сауранбаев Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алма-Ата, 1982. 39 
бет].
Н.Сауранбаев осы әліпби негізінде жасалған орфографиялық 
ережелерді дағдыға айналдырып, тұрақтандыруға кері әсерін тигізетін кейбір 
сөйленіс ерекшеліктерін айтып өтіп, жұртшылықты әдеби тіл нормасымен 
сөйлеуге шақырады. Мақаласында осы жайттарды кеңінен атап көрсетеді: 
«Орфографияның тұрақты ережелерін тұрақсыздау етіп жүрген бір жағдай – 
сөздердің әдеби тілдегі қалыптасқан түрін, солардың сөйлеу тілінде 
қарапайым түрімен шатастыру. Мәселен, кейбір жолдастар дейін, жүз, және, 
әбден, тайпы, төрт, теңіз, диірмен сияқты әдеби тілде қалыптасқан сөздерді 
шейін, шекейін, дүз, жаңа, әптен, тәйә, дөрт, деңіз, дермен деп жазады. 
Мұндайда әрбір азамат сол сөздің өз ауылындағы айтылуын дұрыс дейді. 
Егер де барлық жердікі өзінше дұрыс болса, бірыңғай әдеби тіл түрі 
жасалмаған болар еді. Бізше, мұндай айтылуы құбылмалы сөздің қайсысы 
газетте, журналда, тарихи документтерде, ғылыми саяси шығармаларда көп 
қолданылса, қалыптасса сол заңды, әдеби түрі болып есептелуі керек. Оның 
үшін әрине күнделік әдебиетті оқып отыру керек. Ол қиын болса қазақ 
тілінің емле сөздігіне қарау керек» [Сауранбаев Н.Т. Әдебиет тілінің әліппесі 
мен емлесін жетілдіру мәселелері // Социалистік Қазақстан 1950, 26 март]. 
Орфографиялық ережелердің тұрақталуына, сондай-ақ өзгеріссіз 
қызмет етуіне кедергі болатын жайттарды Н.Сауранбаев аңғара білді. Кісі 
аттары мен фамилияларын жазуда бұрынғы дағдыны қайта жөндеу қиындық 
келтіретінін байқата отырып, өз ұсыныстарын ортаға салған еді: « Емле 
ережелерінің дыбыс жүйелі, тұрақты принципін солқылдататын тағы бір 
жағдай бар. Ол – адам аттарының, фамилияларының жазылуында кездеседі. 
Қазақ тілінің емле ережесі бойынша жалпы есімдер сияқты жалқы есімдер де 
бастапқы тұлғасы сақталып жазылуы керек. Бірақ көптеген адамдардың 
фамилиялары мен аттары 1940 жылға дейінгі ескі емленің дыбыс жүйелі 
принципі бойынша барлық документтерінде естілуінше, айтылуынша 
жазылып кеткен. Мәселен: Қожаахмет, Әлқожа, Есенкелді, Құлаахмет 
сияқты біріккен жалқы есімдер Қожахмет, Әлғожа, Есенгелді, Құлахмет 


22 
болып жазылған. Осыған қарап біреулер туыс жүйелі принцип бұзылады 
дейді. Бізше, бұл былай болу керек. Адам мен фамилиялары ереже заңы 
бойынша бұдан былай туыс жүйелі принцип бойынша бастапқы тұлғалары 
сақталып жазылуы керек. Мұны әрбір жеке азаматтар, азаматтық жайды 
тіркеу бөлімдері, паспорт орны, түрлі ұйымдар, есеп-санақ бөлімдері мықтап 
есіне сақтауы керек. Ал деформацияланған сөздердің түп тегі қуылмай-ақ сол 
қалпында ашудас, желбау, белбеу, жанбас, жамбас, Ащысай, Балхаш 
қамыт, доға, балғурай осы қалпында жазылғаны дұрыс. Бірақ мұндай 
сөздерге арнап орфографияда ереже берілмей, олар емле сөздігінде 
көрсетілуі тиіс» [Сауранбаев Н.Т. Әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін 
жетілдіру мәселелері // Социалистік Қазақстан 1950, 26 март]. 
Н.Сауранбаев сол кездегі қателікке бой алдыратын, жазылуы қиындық 
келтіретін сөздерді теріп, олардың емлелік ережелерін көрсету арқылы
дұрыс жазылу нормасын түсіндіріп отырған. Ондай қате сөздер қатарын 
негізінен орыс тілі арқылы енген сөздер толықтыратын. Орыс тілі арқылы 
енген халықаралық терминдер мен интернационал сөздерге қосымша жалғау 
мәселесі (жуан немесе жіңішке жалғау) шешімін таппай дау тудырғаны да 
белгілі. Н.Сауранбаев өз мақаласында бұл мәселенің басын былай ашып 
берген болатын: «Кейінгі 10 жыл ішінде ана тілінің, оның әдеби түрінің даму 
процесіне байланысты бірнеше жаңа құбылыстар пайда болды. Олар туралы 
қазіргі орфографияда арнаулы ереже жоқ. Мәселен, халықаралық 
терминдерге, шет тілдерден кірген сөздерге қазақша қосымшаларды жалғау 
тәсілі, қысқарған сөздерге жалғанатын қосымшалардың, тырнақшаға 
алынатын сөздердің қосымшалары туралы. Қазір полк, педагог, парк, гудок 
сияқты сөздерге қосымшалар жуан да, жіңішке де болып жалғанып жүр. Бұл 
– әрине теріс нәрсе. Бұл, бізше, былай нормалану керек. Термин сөздерге 
қазақша жалғау, жұрнақтар соңғы дауыссыз дыбыстың жуан, жіңішкелігіне 
қарай емес, соңғы буынның жуан, жіңішкелігіне қарай жалғану керек. 
Мысалы: педальге емес, педальға, дизельға емес дизельге. Қазақ тілінің 
негізгі заңында қосымшалар сөздің соңғы буынына қарай жалғанады. Олай 
болса, термин сөздерге қосылатын қосымшаларды да осы негізгі заңға 
бағындыруымыз керек. Бірақ қазақ тілінде к,г барлық дауыссыздардың 
ішінде тек жіңішке (қ,ғ –лардың тек жуандығы сияқты); яғни қазақ тілінің 
дыбысталу артикуляциясында қ,ғ келген сөздер жіңішке болмайды. 
Сондықтан соны к,г-лерге біткен терминдерге қазақша қосымша (зорламаса) 
жуан жалғанбайды. Мәселен, паркқа, педагогқа емес – паркке, педагогке 
болады. Осыған байланысты аяғы к, г-лерге біткен терминдерге қазақша 
қосымшалар жіңішке түрінде жалғануы керек. Мәселен, полк-ке, геолог-тің 
сияқты соңындағы қатаң к дауысты дыбыстан басталатын қосымша 
жалғанса, қазақ тіліндегі заң бойынша ұяң г-ге айналады. Мысалы, гудок- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет