13
etjp) сөздерін жазудың морфологиялық принципіне қайшы келетін бір
мәселе бар, ол - қазақ тілінде тоғыспалы заң бар деушілік. Шынында
тоғыспалы заң бар екені рас, бірақ ол заң грамматикалық заң емес,
орфографиялық заң. Мысалы, Qúnanвaev Ҫiengali дегенімізде «в»
дыбысының әсерінен «n» дыбысы «m» дыбысына айналады да, «q»
дыбысының әсерімен «n» дыбысы «ŋ»-ға айналады. Мұны грамматикалық
заң десек, онда осы заңға сүйеніп Qúnamвaev, Ҫieŋgali деп жазуымыз керек.
Сондықтан жаңа программада тоғыспалы заң дегенді шығаруымыз керек».
(Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар).
1938 жылғы соңғы емле қаулысындағы бірігіп жазылатын сөздердің
нақты ережесі болмауын сынға ала отырып, оның салдарынан тілімізде бірге,
бөлек берілетін сөздердің әртүрлі жазылуы кең етек алғанын, бұл
сауатсыздықтың денін күшейтетінін атап өтеді. Ереже ұсынбас бұрын бірге,
бөлек жазылатын сөздердің критерийлерін анықтап алуды ұсынады: «Айта
кететін бір мәселе қосылып жазылатын қос түбірлі сөздер жайы. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: