25
Ғалымның осы пікірінен кейін даулы сыни көзқарастар айтылды,
қарама-қарсы тұжырымдар жасалды. Біреулері кірме сөздер қазақилану керек
деді, біреулері жүйелі принципке қайшы болады, барлық шеттілдік сөздерді
сол қалпында жазу керек деді. Осындай тартысты
көзқарастарды ортақ
ырымаға келтіріп, орфографиялық емлеге сай дұрыс заңдылықты дәйектеу
үшін Н.Сауранбаев өз мақаласында мынадай ұсыныстарын жариялайды:
«Меніңше бұл екеуі де шеткері, солақай пікір. Орфографияның тәжірибелік
жағын ескермегендік. Орыс тілінен енген сөздерді не ылғи қазақша өзгертіп
жазу, не ылғи орысша жазудың қандай қайшы жағы бар?
1. Егерде орыс тілінен енген сөздерді ылғи орысша жазатын болсақ,
мынадай үлкен қиыншылыққа ұшыраймыз. Сөздерді біртүрлі айтып, екінші
түрлі жазатын боламыз. Яғни сөздің айтылуы
мен жазылуында жер мен
көктей ажырам болады. Мысалы:
кеңеся деп айтып
концелярия деп жазу
сияқты. Орыс тілін білмеген адам ол сөзді дұрыс жаза алмайды. Мұның
үстіне әдебиет тілінің емлесі халықтың тілінен қашықтаған болады.
Ағылшын жазуы мен емлесі сияқты.
Ал енді орыс тілінен енген сөздердің барлығын қазақша жазсақ
мынадай қиыншылық туады. Екі тіл де бірдей
бір мағынада қолданылатын
сөздерді бір алфавитпен екі түрлі жазушылық туады. Мысалы орысша
колхоз,
совет, касса деп – қазақша:
қалхоз, сәбет, кәссі деген сияқты. Әрине бұл
тіпті дұрыс болмайды. Сөйтіп орыс тілінен енген сөздердің қазақша жазылу
принципін былай деп анықтаймыз: қазақ тіліне бұрын еніп тұрпаты өзгерген
сөздерді сол қалыптанған түрінде жазу дұрыс. Бұлар көбінесе қарапайым
сөздер. Мысалы,
самаурын, шай, шайнек, пеш, анкет, қамыт, сіріңке,
Достарыңызбен бөлісу: