33
Мәтіннен сізге алдында таныс болған және
мүлдем
таныс емес ақпаратты
табыңыз.
4.
Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.
5.
Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола
ма?
6.
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта
талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды,
пікірлерді табыңдар.
«
Дарабоз»
Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрін ұсынар
едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы
төмендегі бағытта бағалау
жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз
әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді.
Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.
Ұтымдылығы – бірінші орында баланың
қабілетінен гөрі еңбектенуі
тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен
қызығушылығын ұштайды.
Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:
1)
сабаққа қатысуы;
2)
оған даярлығы;
3)
тапсырманы орындауы;
4)
өзіндік жұмысы;
5)
ынтасы;
6)
сабақтағы жауабы.
Мұндай жағдайда «екі»
деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып,
үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге мүмкіндігі
бар екеніне сенімді болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: