Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет21/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

 
 


32 
 
 
 
«Графикалық органайзерлер» 
Оқушыларға өзін-өзі бағалауда көмек көрсету үшін графикалық 
органайзерлерді қолданыңыз.
 
«Гүлдер» 
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ 
қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең 
сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең 
үлкен гүл шоғы кімде болар екен? 
 
«Ғажайып көрме»
Бұл – ең үздік туындылар мен тосын тапқырлыққа негізделген әрекеттерді 
тамашалауға мүмкіндік беретін көрме. Бала өз суретінің тіл сабағының қай 
тақырыбына, қандай ұғым-түсінікке байланысты салынғанын айтып беруі шарт. 
Өлең, жұмбақ, ертегі, шығарма, сыр-пікірлерін ұсынған балалар өз 
шығармашылықтары жайлы тіл сабағына қатысты әңгімелеп, тілге қатысты 
ойларын би тілімен, шахмат тілімен, өзге пәндер терминдерімен және т.б. тосын 
тапқырлықтарымен танытар қиял еркіндігіне жол береді. 
Көрсетілімге сай киінуін, дене қимылы мен сөз үндестігін сақтауын, көпшілік 
алдында өздерін әдепті ұстауын талап ету баланың өзін ортада қымсынбай, еркін 
ұстап үйренуіне жол ашады, көпшілік алдында өзін ұстау мәдениетін игеруіне 
қолайлы орта жасалады. Киіну мәдениетін қалыптастырады: талғаммен киіне білу 
– адамның өзіне сенімді болуының кепілі. 
Ой мен дененің қимылының ырғақты үйлесуі – баланы би алаңында бұғып 
қалудан немесе оғаш қимылдаудан құтқарып, денесін игере алмаудан туған 
сенімсіздігін жояды. 
«Даналық ағашы»
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап 
немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар 
құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар
сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге
тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет