49
Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы
шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар
оның жан-жағына
жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да,
өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып,
оларға
жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан
басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
«Комплименттердің бұрқасыны»
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің
сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің
жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс.
Жазып болған соң оқушылар
бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен
атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек.
Содан кейін мұғалім
оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.
Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.
Достарыңызбен бөлісу: