50
оқушы: «Мен диван жапқышымын», - деп сол жағына отырады. Бастаушы қалаған
адамымен жұп болады. Қалған оқушымен жұп болғысы
келген оқушы тіркесті
жалғастырады. Ол екеуінің ішінен қалған оқушы өз жұбын таңдайды. Осылайша
жұпқа, топқа бөлу жалғасады.
Мұны сабаққа байланысты жүргізуге де болады. Мысалы, бастаушы: «Мен
сөйлем мүшесімін» десе, 1-ойыншы – Тұрлаулы, 2-ойыншы – Тұрлаусыз сөйлем
мүшесі болады. Сөйлем мүшесі Тұрлаулы мүшені таңдап,
неге олай таңдау
жасағанын түсіндіреді. Ортада қалған Тұрлаусыз мүше жанына Анықтауыш пен
Пысықтауыш келіп отырады. Тұрлаусыз мүше Анықтауышты жұп етіп, ол туралы
айтады. Енді қалған Пысықтауыш жанына оның түрлері келіп отырады.
Осылайша жұпқа бөліну әрі өтілген материалдарды қайталау жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: