28
оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып,
белсенді рөл атқарады (Goos, 2004).
Сыныптағы әңгіме түрлері мәселесі отандық әдебиетте де, шетелдік ғалымдардың
еңбектерінде де көптеп кездеседі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме,
ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге
(оқудағы болса да) айналады» деген болса, «мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай,
күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді
қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» дейді Ы.
Алтынсарин (2004). Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин бастауыш сыныптарда
балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан, ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін
бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін
ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын
болса, ал ересек балалар, яғни жоғарғы сынып оқушылары ұстаздың әрбір қимыл-қозғалысын,
іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне өзге адамдармен қарым-қатынасына,
шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.
Сонымен қатар, Нил Мерсердің диалогтік әңгіме мен кері байланыстың
артықшылықтары тақырыбына арналған көптеген еңбектері бар (мысалы, 2008).
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздері көріп
зерделеген көрнекі материалды қайталап сипаттау ұсынылады. Жаңартылған білім беру
бағдарламасы бойынша оқытуда әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ
барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987;
Brown&Renshaw, 2000). Мұндай сабақтарда оқушы басқа оқушыларға тұжырымын өз сөзімен
түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды
шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың берген түсініктемелеріне
құрметпен қарап, оның құнды екенін түсінуі, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері
басқа оқушылардың проблеманы түсінуіне көмектесе алатындығын мойындайды. Ұжымдық
Достарыңызбен бөлісу: