Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Зерттеуге негізделген оқу



Pdf көрінісі
бет14/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Зерттеуге негізделген оқу 
«Информатика» пәні бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының 
аясында зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты 
педагогикалық құрал болып табылады. Сонымен қатар, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп 
талқылап, құрып, талдай алатын тиімді орта бола алады (Katchevich et al, 2013).
Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы пән бойынша негізгі орта және жалпы орта 
білім берудің оқу бағдарламалары әртүрлі тақырыптық бірліктерді құруды және іске асыруды 


25 
көздейді. Оларды зерделеуде зерттеуге негізделген оқу тәрізді педагогикалық тәсілдер 
қолданылмаған жағдайда, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмау мүмкін. 
Зерттеуге негізделген оқу оқытудың сындарлылық теориясына сүйенеді. Оқушыларға 
бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, 
қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, 
тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу 
үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім 
алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып 
дамытуға көмектеседі.
Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл 
сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады: 

Құрылымдалған зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын шешімдер мен тәсілдерді 
егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа 
біреудің) тапқан жаңалықтарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және 
қорытынды жасайды деп күтіледі. 

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі 
бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар тізімінен зерттейтін мәселені таңдау). Оқушылар 
сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады. 

Ашық зерттеу. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің тәсілін 
өздері таңдайды. 
Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі. 
Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда қолданған 
жөн болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі толыға бастағанда, мұғалім жетекшілігімен жүретін 
зерттеуді пайдалануға болады. Негізгі мақсат – анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау 
дағдыларын дамытуды көздейтін ашық зерттеуді табысты орындау (Krystyniak and Heikkinen, 
2007).
Оқушылар түсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақын 
арадағы даму аймағына өте алады (ЖАДА, Vygotsky, 1978). Оқушы өзінің Жақын арадағы 
даму аймағында әрекет еткен кезде, оған «дамытушы оқыту» деп аталатын қолдау қажет. 
Мұндай дамытушы оқуды жұмыс жоспары, оқулықтар және т.б. көмегімен мұғалімдер, 
құрдастары жүргізе алады. Оқушының жеке әрекетіне қарағанда сабақта «көпіршелердің» 
көмегімен оқу мақсаттарына барынша толық қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Оқушы жетістіктерге жете бастағанда, оған ары қарай қолдаудың қажеті болмайды 
және соңында ол дербес жұмыс жасай алады. Оқытуға қолдау көрсету мақсатында мұғалімдер 
дамытушы оқытудың қажетті деңгейін ұсынуы керек, уақыт өте келе оның деңгейі азаяды 
(немесе тоқтайды). Дамытушы оқу толық тоқтатылған кезде ғана оқушы қажетті түсініктерді 
толық меңгерді деп айтуға болады.
Құрылымдалған зерттеу барысында дамытушы оқу жоғарғы деңгейде іске асырылады. 
Сол себепті бұл әдісті жаңа түсініктер мен дағдылар енгізілетін (мысалы, курс басында) 
сабақтарда қолданған орынды болып табылады. Оқушылар тәжірибе жинақтаған кезде
мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді қолданған орынды болса, курстың 
қорытындылаушы бөлімінде ашық зерттеу тәсілін қолданған тиімді болады. 
Оқушылар үшін жобалау жұмысының көздеген мақсаты жоғары деңгейлі ойлау 
дағдыларын пайдалана отырып, қарапайым ашық зерттеу мәселесінің шешімін табу болып 
табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007). Алайда, мұнда ашық зерттеулер ғана оқуға сай 
келетін жалғыз қолайлы педагогикалық тәсіл деп айтуға болмайды.
Зерттеуге негізделген оқу әдісін кез келген пәнде, оның ішінде физиканы оқытуда 
қолданған тиімді болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, 
мұғалім көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады. 


26 
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. 
Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі «Әлеуметтік 
ықпалдастырылған зерттеу моделі» (Hamston & Murdoch, 1996) деп аталады. Модель әртүрлі 
жеті зерттеу кезеңін қамтиды (2-кесте). Дегенмен, зерттеу барысында болжамдарға, зерттеу 
мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға күмән тудырылған жағдайда 
әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет