30
бағытталған. Орта буын және жоғарғы сынып оқушылары информатиканы басқа пәндермен
байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді
модельдеуіне мүмкіндік береді.
Информатика сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың
пәндерге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын көтеруге, оқушылардың ғылыми
ойлау деңгейін дамытуға, оқу пәндеріне біртұтас жүйелі көзқарас қалыптастыруға,
оқушыларды шығармашылығын дамытуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылуына
мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс сабақта тақырып бойынша басқа пәндерден білімін
пайдалану, кешенді эксперименттік жұмыс орындау, кешенді экскурсиялық сабақ өткізу және
көлемді оқу материалын жалпылама қорыту барысында жүзеге асады.
Төменде
Ақпарат, Ақпараттық үдерістер, Ақпараттың берілуі, Моделдеу, Компьютер
құрылғылары,
Программалық
жабдықтама,
Алгоритм,
Компьютерлік
жүйелер,
Программалау, Логика тақырыптары аясында Информатиканың кейбір пәндермен байланысын
көруге болады:
-
функцияның берілу тәсілдері, функцияның кесте арқылы берілуі, функция графигі,
векторлар, өлшем бірліктер, логарифм, теңдеулерді шешу, теңсіздіктерді шешу, санау жүйелері,
ықтималдық ториясы, комбинаторика, геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері,
координаталар жүйесі, қисық сызықты трапецияның ауданы, арифметикалық және
геометриялық прогрессия, математикалық логика, т.б. (математика);
-
энергия, элементар бөлшектер, атомдар, молекулалар, макроденелер, биологиялық
жүйелер, органдар, рецепторлар, генетикалық ақпарат, жасуша, генетикалық код, сезіну
мүшелері, биологиялық үдерістер, бас, ми, жүрек, т.б. (биология, химия);
-
өткізгіштер, аналогтық құрылғылар, қабылдауыштар, код, өлшем бірліктер, Морзе
әліппесі, элементтік база, транзисторлар, катод, анод, электромагниттік сигналдар, электр
импульсі, обсерватория, механика, динамика, статика, күш, қуат, жылу құбылысы,
баллистикалық қозғалыс, электр тізбегі, магниттік индукция, т.б. (физика);
-
ақпараттар, есептеу техникасының даму тарихы, ақпараттық мәдениет, қоғамды
ақпараттандыру, ұлттық ақпараттық ресурстар, ақпараттың шынайылығы және қолжетімділігі,
Римдік санау жүйесі, өзіндік құн, тауар, әулеттер, құрылымдар, қарама-қайшылық
заңдылықтары, т.б. (тарих).
Достарыңызбен бөлісу: