24
қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру
шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық
деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998).
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
-
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу
ахуалын қалыптастыруға;
-
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
-
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерлі қолдануға;
-
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді
өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; бүкіл
сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін
ұйымдастыруға;
-
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде
және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
-
оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Сыныпта ынтымақтасты ахуалын қалыптастыру үшін оқушылармен түрлі тренингтер
өткізуге болады: сынып ұжымында жағымды психологиялық орта қалыптастыруға,
тұлғааралық қатынасты нығайтуға, оқушылардың өзіндік бағалауын көтеруге арналған
жаттығулар, табысқа жету жағдаяттары, т.б. Мұндай ойын түрінде өткізілетін тренингтер
оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым-
қатынастың орнауына мүмкіндік жасайды.
Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабақтардан гөрі, мұғалім
қажетті жағдайлар мен көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге жетулері
мүмкін. Осы нәтижелерге жетудегі маңызды тәсілдердің бірі мұғалімнің әрбір оқушымен кері
байланыс орнатып, сәйкес болашақ мақсаттарды айқындауы болып табылады.
Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін маңызды:
- сабақта тың идеялар мен ынталандыратын материалдар ұсыну;
- оқушылар ғылыми жобаларда қолдана алатын тәжірибелік және эксперименттік
дағдыларды қалыптастыру;
- оқушыларға өздерін қызықтыратын салалар бойынша сұрақтарды құрылымдауға
көмектесу;
- жұпта, шағын топтарда және ауыспалы құрамды жұптарда жұмыс істеу үшін тиімді
тапсырмалар әзірлеу;
- оқушылардың бір-бірімен диалогтік оқу үдерісіне қатысуына ықпал ету;
- оқушылардың танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес әрекет ету;
- оқушыларды өзіндік ойлау дағдыларын дамытуға бағыттау;
- оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануын есіне салу;
- оқушылардың танымдық қажеттілігін саралап оқыту арқылы ескеру;
-
оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларық
жұмыстарды ұйымдастыру, т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: