Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет7/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
Ақпараттық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енуімен қоса біздің 
күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды 
қолдану сандық түрлерде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу процесін 
тездетеді және жеңілдетеді. Көптеген елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі –
оқушылардың компьютер сауаттылықтарын қалыптастыру болып табылады. Егер бір 
жағынан, бұл құзыреттіліктерді меңгеру уақыттың талабы болса, екінші жағынан, әртүрлі 
білім салаларымен кіріктіру үшін ресурстар мен техникалық құралдарды ұсына отырып, басқа 
да оқу пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа құрал ретінде 
пайдаланылады.
«Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл 
бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. 
Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше 
аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын 
жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары 
қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, «Информатика» 
пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының 
спиральділік қағидаты болып табылады.
Спиральді білім беру бағдарламасы 
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің 
«Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. 
Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, 
оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың 
бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын 
нәрседен басталғаны» (Аймауытұлы, 1929) абзал. 
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп 
тұжырымдайды:
-
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); 
-
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); 
-
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). 
Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером 
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі 
ерекшеліктері: 
-
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; 
-
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; 
-
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат 
тұрғысынан қарастырылады. 
Спиральді 
білім 
беру 
бағдарламасын 
жақтаушылар 
оның 
төмендегідей 
басымдықтарына назар аударады: 
-
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; 
-
спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі 
идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; 
-
оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған 
білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. 
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың 
бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі 
дамытылып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу 
үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен 


13 
бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға 
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола 
түседі.
Спиральді білім беру бағдарламасы «Информатика» пәні бойынша оқу 
бағдарламасындағы оқу мақсаттарының жүйесінен анық көрінеді. Мысалы, «Компьютерлік 
жүйелер» бөлімінің «Программалық қамтамасыз ету» бөлімшесі бойынша оқушылардың 
спиральді білім беру бағдарламасы арқылы алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан 
сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы күрделеніп отырады:
5-сынып 
5.1.2.1 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру 
6-сынып 
6.1.2.1 Операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту 
7-сынып 
7.1.2.1 «Бағдарламалау жүйесі» және «бағдарламалау тілдері» ұғымдарын 
ажырата білу
7.1.2.2 Әртүрлі форматтағы мұрағаттарды құру және бумадан шешу 
7.1.2.3 Файлдарды сақтау кезінде әртүрлі форматтарды қолдану 
8-сынып 
8.1.2.1 
Жүйелік, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және 
бағдарламалау жүйесін ажырату
9-сынып 
9.1.2.1 Қолданушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық қамтамасыз 
етуді таңдау 
10-сынып 10.1.2.1 Қолданбалы программалық қамтамасыз етуді түрлері бойынша жіктеу 
10.1.2.2 Түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін 
атау 
11-сынып 11.1.2.1 Операциялық жүйенің утилиттерін қолдану 
Сыныптан сыныпқа өткен кезде алға жылжу арқылы оқушылар оларға дүниетанымдар 
аясын кеңейтуге көмектесетін, оларды қалай және неліктен пайдаланатыны тұрғысынан 
мойындап және бағалап, олар сүйенуі мүмкін дереккөздер аясын кеңңейтуге көмектесетін, 
көбірек тәжірибе мен терең білімдер алады. Жасы мен тәжірибесі де оқу үдерісінде дербес 
шешімдер қабылдауға жағдай жасайтын болады. 
«Информатика» пәні бойынша спиральділік қағидатына негізделген білім беру 
бағдарламасында төмендегідей мақсат, міндеттер қарастырылған: 
«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларды қазіргі заманауи 
технологиялармен тиімді жұмыс істеу үшін базалық білім, білік және дағдымен қамтамасыз 
ету болып табылады. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: 
- оқушыларда ақпараттық үдерістердің қоғамдағы ролінің түсінігін, ақпараттық 
технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдаланудың техникалық 
мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру; 
- оқушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек 
еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдануларына әрекет ету; 
- оқушыларды жүйелерді талдауға, шешімдерді, программалық қосымшалар жасауға, 
оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік 
бере отырып, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін 
дамыту; 
- талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы оқушыларға әр түрлі 
тапсырмаларды шешуді үйрету; 
- оқушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, 
тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған 
тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын 
есептік ойлауды дамыту; 


14 
- оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және 
жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу; 
- оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты 
байытуға септік жасау. 
Осы белгіленген міндеттер негізінде пәннің оқу бағдарламасында информатиканы 
оқытудың дидактикалық міндеттері айқын көрсетілген.
Негізгі орта білім беру деңгейінде информатиканы оқыту абстракция, модельдеу және 
программалау жолдары арқылы ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, оқу 
үдерісінде оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға баса назар аударуды көздейді. 5-9-
сыныптарда информатиканы оқытудың әдістемелік ерекшелігі қарқынды дамып келе жатқан 
қоғам жағдайында оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы 
құзыреттілігін дамыту болып табылады. Пәнді оқыту оқушылардың ақпараттық сауаттылық 
деңгейін көтеруге, ақпараттық технологиялар саласындағы біліктілік негіздерін білу және 
түсінуге, алгоритмдік және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде информатиканы оқытуда (10-11-сыныптар) қазіргі 
кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін 
және визуалды программалауды меңгеру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын 
қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді 
пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту көзделеді. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика 
курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады.  
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет