Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет3/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Бағдарламаның міндеттері: 
-
мұғалімдердің Пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуін 
қамтамасыз ету; 
-
Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу 
материалдарын қолдануды үйрету; 
-
Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін 
критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету. 
Оқу нәтижелері: 
-
мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, 
құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді; 
-
мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық 
тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі; 
-
мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу 
үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі. 
Біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдау 
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімнің күтілетін нәтижелерге 
қол жеткізу деңгейін бағамдау қарастырылған. Біліктілікті арттыру курсының оқу жоспарында 
көзделген біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдауға 
арналған жаттығулар барысында тренерлер жекелеген адамдардың/топтардың арасында 



жүріп, олардың идеяларын тыңдайды, белгілі бір мәселелерге қатысты бағамдау аспектілері 
тұрғысынан 
тыңдаушыларды 
бағамдайды. 
Мұғалімдерді 
бағамдау 
аспектілері 
«Информатика» пәнін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты 
салаларға бөлінген. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу 
деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. Дескрипторларға қарап мұғалімнің кәсіби 
дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді. Мұғалімдер бағаланатын барлық 
аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес.
Курс барысында бағамдау қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді 
меңгеруде қолдау көрсетілетін болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет