17
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 2011)
білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық
зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген
жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі
айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-
тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей
тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына
қатысты реформалау
шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.
Білім беру бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы
қажеттігінің мысалын Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді
құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et al,
2011 сілтемесі).
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған
қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін
оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3)
Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді
бағалауда білікті болуы тиіс және оқушылар тек
жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана
алуы және білімдердің қалай
алынғанын талдай білуі тиіс.
6) Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс.
«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан
өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді
талап етеді. «Информатика» пәні бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау»
тарауында бағалау жүйесі қарастырылады. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері,
атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер,
проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу
және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады.
Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы
оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері
оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы
тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған
дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда
білім
тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға
қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау,
рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді
қатысуы керек. Оқушылардың алған
білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз
дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса
маңызды болып табылады.
Қазіргі заманда оқушылардың «оқуды үйрену» және өздігімен жұмыс істеуі,
қызығушылығы бар, сенімді, жауапты және зияткерлі тұлға болу қағидасы білім берудің
басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мұғалімдерден оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың
бойында төмендегідей қасиеттерді тәрбиелеуі және дамытуы күтіледі:
18
-
оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін,
дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;
-
оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар
мен жаттығулар арқылы
ынталандыру және дамыта оқыту;
-
оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдарымен
сүйемелдеу;
-
оқушыларды оқытуда «оқу үшін бағалау» арқылы қолдау;
-
есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен
белсенділігін ынталандыру;
-
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
-
оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс-
әрекеттерін ұйымдастыруды қамтиды.
«Информатика» пәнін оқытуда келесі педагогикалық тәсілдер ұсынылады:
-
саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
қабілеттерін белсенді дамытуға, оқыту қызығушылығана басқа әдіс-тәсілдер табуына
мүмкіндік береді.
-
іс-әрекет тәсілі – оқушылардың максималды өзбетінше танымдық әрекеттер негізінде
ақпараттық және коммуникациялық құзіреттіліктерін қалыптастыруға,
оқытуды атқарушы
әрекетіне бағыттауына мүмкіндік береді.
-
жеке-тұлғалық тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыруда мұғаліммен оқушы
арасында тең әрекеттесуді көздейді. Келесі білім беру мақсаттарын шешеді: оқушы мен
мұғалім арасындағы кедергіні бұзу, диалогтық қарым қатынасты орнату, шығармашылық
қабілетке, ынтымақтастыққа және әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу.
-
құзіреттілік тәсіл – оқушылар білім мен білікті тұтас бірге меңгеруді көздейді.
-
кіріктірілген тәсіл – «Информатика» пәнің
басқа оқу пәндерімен тығыз
байланыстырады.
-
жүйелік тәсіл – «Информатика» пәнін оқыту, курс бөлімдерін өзара байланыстыра
оқытуды қарастырады.
Бұл тәсілдер:
-
топпен жұмыс барысында оқушылар жалпы жобамен жұмыс істеуді көздейді.
Жобамен жұмыс жасау іс-әрекетінде бірлесіп жұмыс жасау маңызды рөл болып табылады,
себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз
үлестерін қосу;
-
ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу үшін
теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық,
практикалық,
коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру;
-
мәселелі-бағдарлы оқыту – мәселені ойлап тапқыш шығару мүмкіндігі;
-
ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды
қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;
-
жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дерек көздерден
қажетті ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, істелінген
жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау
мүмкіндігі;
-
алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;
-
шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап
ететін ашық мәселелерді қоя
білу;
-
«Информатика» пәнінің қолданбалық сипатын көрсеу мақсатында, басқа білім беру
салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады
.
Достарыңызбен бөлісу: