Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
-
пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда
оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар
бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
-
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша
ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту
мақсаттарының иерерахиясы;
-
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың
пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
-
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
барысында «ортақ тақырыптардың» болу;
-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы,
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
-
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде
Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау білім беру
бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса
маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Білім беру
бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай
қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп
әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, жалпы
білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір
мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады:
1-сурет. Білім беру бағдарламасының үйлесімділігі
11
Бұл жалпы білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе
деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту
қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау
оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге
көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш
компоненті – білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің
оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып
табылатынына назар аудартады.
|