Гендердің жіктелуі түрліше болып келеді, мыс. аллельді, аллельсіз гендер; летальды,
жартылай летальды гендер;структуралық (құрылымдық) гендер, модуляторлық гендер,
реттеуші гендер т.б.
Структуралық (құрылымдық) гендерге – ферменттерді, рибосома ақуыздарын,
гистондық ақуыздарды, РНҚ молекулаларын анықтайтын гендер жатады.
Модуляторлық гендерге ингибиторлар және супрессорлар, интенсифкаторлар және
модификаторлар кіреді.
Реттеуші гендерге структуралық гендердің экспрессиясын реттейтін гендер –
энхансерлер, операторлар, промоторлар, аттенюаторлар, терминаторлар т.б. жатады.
Қызметтік белсенділігіне қарай гендерді – конститутивтік, реттелуші гендер,
қозғалғыш генетикалық элементтер - транспозондар т.б. деп бөледі.
Конститутивтік гендер дегеніміз – ағза онтогенезінің барлық сатыларында және
барлық жасушаларда үнемі актив экспрессияланатын гендер. Бұл гендердің өнімдері
(РНҚ,ақуыздар, рибосома ақуыздары, гистондар т.б.) жасушалардың негізгі тіршілігін
қалыптастырады, сондықтан олар кез – келген жасушалардың тіршілігі үшін қажет,
оларды кейде « тұрмыстық» гендер деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: