Ген әрекеті дискретті болады, яғни әрбір ген ағзаның нақтылы белгісінің дамуын
анықтайды.
Ген әрекеті нақтылы болады, яғни әрбір ген белгілі бір полипептид молекуласы
туралы ақпаратты кодтайды. Бірақ кейде, бір ген бірнеше полипептид молекуласының
синтезделуіне қатынасуы мүмкін. Мыс. балама сплайсинг кезінде.
Ген әрекеті плейотропты болуы мүмкін, яғни бір ген бірнеше белгінің дамуын
қадағалайды, себебі оның өнімі – полипептид, әртүрлі биохимиялық құбылыстарды
катализдейді.
Ген әрекеті дозалық сипатқа ие болады, яғни бір геннің экспрессиялануы оның
аллельдерінің дозасына байланысты болады. Мыс. H
B
S гені. Ол гемоглобин
молекуласында құрылысы өзгерген – глобиннің синтезделуіне алып келеді, бұл
эритроциттер формасын өзгертіп – орақ пішінді анемия (қан аздылық) ауруының себебі
болып табылады. Егер ағзада осы геннің екі данасы (дозасы) кездессе H
B
S /H
B
S онда орақ
жасушалы анемияның өте ауыр, қатал түрі дамып ағзаның өліп қалуына алып келеді, ал
егер осы аллель бір дана (доза) күйінде кездессе H
B
S /H
B
A, онда эритроцит формасы
шамалы ғана өзгереді де анемияның жеңіл түрі дамиды.
Кейбір эукариоттар гендерінің құрылысы
Эукариоттар гендерінің бір ерекшілігі, ол экзон –интрондық құрылысы. Екінші
ерекшелігі – көптеген рет қайталануы, яғни олар бірінен кейін бірі қайталанып жұптасып
(тандемді) не біртұтас кластерге топтасып орналасады. Мысалы, гистондар, рибосомалық
РНҚ, гемоглобин т.б. гендері.
ГЕН
Экзон Экзон
Интрон интрон интрон
Геннің экзон-интрондық құрылысы (Мушкамбаров, Кузнецовтан,2003)
Гистондар гендері ұзындығы 6900 н.ж. болатын 5 ген бірегей бір кластерге топтасқан.
Адам геномында олардың жалпы саны 35-ке дейін жетеді.
Гистондық гендер кластері
5
` Ген Н1 ГенН4 ГенН2В ГенН3 Ген2А ГенН1
3
`
Матрицалық
ДНҚ
ТАНСКРИПЦИЯ
Пре – а РНҚ 5` 3`
50-сурет.гистондық ақуыздардың гендері
Достарыңызбен бөлісу: |