Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
1-лекция

Трансформация – дегеніміз бактериалардың бір штамының екінші бір штамының ДНҚ молекуласының 
бір бөлігін өзіне қосып алып, оның қасиетіне ие болуы.
Ф.Гриффтис тышқандарға вирулентті (патогенді) және вирулентті емес (потогенді емес) пневмококк 
штамдарын енгізіп, пневмококк штаммдарының вируленттік қасиеті ДНҚ молекуласының ферменттері 
арқылы беріледі деп болжамдалған.
1944ж. О.Эйвери, К.Мак Леод және М.Мак Карти осы тәжірбиені жаңа әдістемелік деңгейде қайталап 
Ф.Гриффтис болжамын растады.
1952 ж. Н.Циндер және Д.Ледерберг трансдукция құбылысын ашып (трансдукция бактериофагтардың 
бактерияның бір штамының ДНҚ фрагментін екінші штамына көшіре алу қасиеті) ДНҚ молекуласының 
тұқым қуалаушылықтағы рөлі туралы тағы бір дәлелдемеге қол жеткізді.
1950 жылы Х.Френкель – Конрат темекі өсімдігіне темекі мозайкасы вирусының вируленті және 
вирулентті емес штаммдарының ақуыз және РНҚ молекулаларының жеке – жеке және бірге енгізіп
тәжірбие жасап, тұқым қуалаушылық ақпарат ақуыз молекуласында емес, нуклеин қышқылдарында 
болатындығын үзілді – кесілді дәлелденді.
Х.Френкель – Конрат тәжірбиесінің мәні мынада: егер вирулентті вирус штамының тек ақуыз 
молекуласын өсімдікке енгізгенде ауру дамымаған, ал вирулентті вирус штаммының РНҚ молекуласын 
темекі өсімдігіне енгізгенде ауру дамыған. Сол сияқты, вирулентті вирус штамының ақуыз молекуласын 
бірге енгізгенде ауру дамымайды, ал вирулентті емес РНҚ молекуласын темекі өсімдігіне енгізгенде ауру 
дамыған.
Вирулентті вирус штамының 
ақуыз молекуласы 
_______________________ 
_______________________ 
_______________________ 
_______________________ 
Ауру дамымайды 
Вирулентті вирус штамының РНҚ 
молекуласы 
Ауру дамиды 
Вирулентті вирус штамының 
ақуыз молекуласы + 
антивирулентті РНҚ 
Ауру дамымайды 
Вирулентті емес вирус ақуызы+ 
вирулентті вирус РНҚ 
Ауру дамиды 
 
Х.Френкель – Конрат тәжірбиесінің жобасы 
 
Нуклеин қышқылдарының екі түрі белгілі: ДНҚ,РНҚ. Нуклеин қышқылдары – полимерлер, олардың 
мономерлері болып нуклеотитдер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктер құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет