Мутагенездің молекулалық тетіктері (механизмдері) Иондаушы сәулелердің мутагендік әсерлері Иондаушы сәулелерге электромагнитті, рентген сәулелері, α,β – γ түйіршіктері жатады. Олар
жасушаға еніп, атомдар мен молекулалардың сыртқы қабатының электрондарын бөліп шығарып оң
зарядталған иондарға айналдырады. Мұны иондау деп атайды. Бөлініп шыққан электрондар әрі қарай басқа
атомдар мен молекулаларды иондайды. Радиацияның биологиялық әсерлері радиация көзінің орналасуына (іштей не сырттай сәулелену),
сәулелену типтеріне, сәулелер энергиясына т.б. физикалық – химиялық қасиеттеріне байланысты болады.
Толқындарының ұзындығы 0,1 – 1,0 нм болып келетін рентген сәулелерінің иондау белсенділігі өте
жоғары деңгейде болады. Олар жасушалар мен ұлпаларға еніп жасуша құрылымдарына,
макромолекулаларға, органоидтарға әсер етеді.
Иондаушы сәулелердің мутагендік әсерлеріне нуклеин қышқылдарының (ДНҚ – РНҚ) түрліше
бұзылыстарын жатқызамыз:
1) ДНҚ молекуласының қант – фосфат қаңқасының үзілуі (қант+фосфат);
2) Азоттық негіздердің бұзылыстары (әсіресе пириминдік негіздердің Ц,Т);
3) Негіздердің жұптасу қасиетінң өзгерулеріне алып келетін химиялық қайтақұрылулары, мысалы,
пуриндік қалдықтардың (А,Г) пириминдік негіздермен (Т,Ц) байланыспай, приндік негіздермен
(А,Г) байланысуы;
4) Нуклеин қышқылдары (ДНҚ) тізбектерінің өзара немесе екі нуклеин қышқылы молекуласының бір
– бірімен немесе ДНҚ – ның ақуыз молекуласымен «тігілуі».
Азоттық негіздер қант – фосфат қаңқасына қарағанда 3 есе жиі бұзылады. Қант – фосфат
байланыстары фосфадиэфирлік байланыстарға қарағанда 7,5 есе мықтылау болып келеді.
Әдетте ДНҚ молекуласының бір жіпшесі жиі зақымданады, ол көптеген алғашқы бұзылызтарға; а)
негіздердің дезаминденуіне, алкилденуіне, цитозин оксимдерінің түзілуіне, димерленуіне және пириминдік
негіздердің гидратациялануына алып келеді. Алғашқы бұзылыстар соңғы (екінші реттік) реакцияларға –
сутектік байланыстардың үзілуіне, ДНҚ құрылымының конформациясының өзгеруіне, полимерлік
тізбектердің молекулаішілік және молекулааралық тігілуіне (қосылуына) ұласады.
Индукцияланған гендік мутациялар жиілігі сәулелену дозасына пропорциональ болады және ол
сызықтық сипатқа ие (64-сурет).
14-
12- мутациялар %
10-
8-
6-
4-
2-
0
1 2 3 4 5 6
Радиация дозасы(килорентген)
64 - сурет Дрозофила шыбынының нүктелік мутациясының сәуле дозасына тәуелділігі