«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Эффектордың эфференттік жолы



Pdf көрінісі
бет64/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда 
болған қозуды сол мүшенің эфференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке 
жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген 
қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай 
жалғастыратын жауап қозу пайда болады. 
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет 
атқаруы тиіс, яғни рефлекторлы доға бүтін болуы керек. Егер оның бөлімдерінің 
бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу 
жүретін жолдарын екіге бөлуге болады: тура және кері байланыс жолдары. 
Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда 
болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жұмысшы мүшеге 
келетін жолды рефлекторлы доғаның т у р а б а й л а н ы с жолы дейді. Ал 
жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан 
орталық жүйке жүйесіне баратын жолын кері б а й л а н ы с ж о л ы деп атайды. 
Рефлекторлы доғаның тура
Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері. 
 Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі 
жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-


қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, 
сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың 
қыртысының негізгі қызметі болып есептеледді 
Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-
құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-
жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбелей алады. 
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, 
Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал 
ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. 
Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық 
әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі 
пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы 
белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен 
аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп түсіндіреді 
И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан 
дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді 
тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының 
заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми 
қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне 
негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың 
қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы 
осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы 
кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық 
әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп 
жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың 
пайда болуына себеп болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет