Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар


 Қатты, сұйық немесе газ тәрізді дәрілік заттарды еріткіште еріту



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Птл теория Д рілік алыптар. Жіктелуі. Д рілік алыптар а ойыла

1. Қатты, сұйық немесе газ тәрізді дәрілік заттарды еріткіште еріту 
Еріту сатысы араластырғышпен және жылу алмастырғышпен жабдықталған аппарат-
реакторларда жүзеге асырылады. Ерітуді жеделдету үшін көп жағдайларда қыздыру 
қолданылады. Араластыру әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: 

механикалык әр түрлі құрылымдағы араластырғыштардың көмегімен (зәкірлік, 
рамалық, планетарлық, пропеллер, турбиналық және т. б.); 

пневматикалық (барботирлеу); 

еріткіштің және ерітіндінің әртүрлі тығыздығына негізделген гравитациялық; 

ультрадыбыстық; 

циркуляциялық және т. б. 
Механикалық араластыру жолымен сутегі тотығының, кальций хлоридінің, аммиактың, 
сірке қышқылының су ерітінділерін, қант шәрбатын және т. б. алады. 
2. Химиялық өзара әрекеттесуде қышқылдар мен сілтілердің концентрацияланған 
ерітінділерін араластыру кезінде суға жұқа ағыспен абайлап қосады.Химиялық өзара 
әрекеттесудің нәтижесінде негізгі алюминий ацетатының ерітіндісі, қорғасынның негізгі 
ацетатының ерітіндісі алынады.
3.Электрохимиялық әдіспен (электролизбен) Буров сұйықтығын алады. 
Суды электрохимиялық тазалау кәсіпорындардың ағынды суларын және табиғи ортаны 
тазарту әдісі ретінде қолданылады. Жойылатын қоспалардың спектрі үлкен болып 
табылады.
Суға тұрақты ток берілетін электродтар түсіріледі. Электродтар мембранамен бөлінген, 
бұл католит пен анолитке араласуға мүмкіндік бермейді. Тұрақты электр тогын өткізу 
кезінде суда қышқыл мен сілтінің пайда болуы судың оттегіге және сутегіге ыдырау 
реакциясымен байланысты. Осы қышқыл және сілті суда бар қоспаларды ерімейтін 
жағдайға дейін жеткызеды. Ерімейтін қоспалар механикалық тазартумен шығарылады. 
Электрохимиялық тазартуға арналған жабдықты баптау кезінде барлық факторлар 
ескеріледі: ағынның жылдамдығы, ток күші және кернеу, тазартылған судың құрамы, 
электрод материалдары, орта температурасы және т.б. Осылайша, реагенттерсіз су 
тазартылады, ол су кейіннен ерітінді дайындағанда турлы максаттарда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет