Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Жабық сәулелену көздерімен және иондаушы сәулеленуді



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

4-параграф. Жабық сәулелену көздерімен және иондаушы сәулеленуді 
генерациялайтын құрылғылармен жұмыс істеу шарттарына қойылатын 
талаптар
88. Жабық сәулелену көздерін және иондаушы сәулеленуді 
генерациялайтын қондырғыларды пайдалану осы Санитариялық қағидалардың 
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
89. Сәулеленудің жабық көздеріне арналған қауіптіліктің бес санаты 
белгіленеді:


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) I санатына радиациялық әсердің бірнеше минуттан бір сағатқа дейінгі 
олармен қатынаста болған мезгілдегі өлім-жітімге алып келетін сәулеленудің 
жабық көздері жатады (
> 1000 );
A/D
2) II санатына радиациялық әсердің бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі 
олармен қатынаста болған мезгілдегі өлім-жітімге алып келетін сәулеленудің 
жабық көздері жатады ( 1000 ≥ 
) ;
A/Doc > 10
3) III санатына радиациялық әсердің ықтималдығы аз болса да бірнеше 
күннен бірнеше аптаға дейінгі олармен қатынаста болған мезгілдегі өлім-жітімге 
алып келетін сәулеленудің жабық көздері жатады( 10 ≥ 
> 1);
A/D
4) IV санатына радиациялық әсердің болуы мүмкін, бірақ ықтималдығы аз 
болса да бірнеше аптаның ішінде олармен қатынаста болған кезеңдегі 
денсаулыққа уақытша зиян тигізетін сәулеленудің жабық көздері жатады (1 ≥ A/D
> 0,01) ;
5) V санатына радиациялық әсердің зияндылығы жоқ және денсаулыққа 
неғұрлым қауіп төндірмейтін сәулеленудің жабық көздері жатады (0,01 ≥

 A/D
) .
МЗА
Жабық радионуклид көздерінің қауіптілік санатының шектері мөлшерсіз 
нормаланған қатынасты 
енгізумен айқындалады, мұнда – жабық 
A/D
A
радионуклидтің ағымдағы белсенділігі, 
– шекті белсенділік. Жабық көздер 
D
үшін қауіптілік санатын анықтауға арналған белсенділіктің шекті мәні 
Гигиеналық нормативтерде көрсетілген.
Егер радионуклидттер бірдей бірнеше радионуклид көздері бір 
радиозотопты аспапта (сәулелегіш құрылғыда) болатын болса, олардың жиынтық 
белсенділігі бір көздің белсенділігі болып есептеледі. Осы радионуклид көзінің 
санаты Гигиеналық нормативтерге сәйкес 
-мөлшері бойынша айқындалады.
A/D 
Егер әртүрлі радионуклидттерімен радионуклид көздері бар радиозотопты 
аспапта немесе сәулелегіш құрылғыда болатын болса, 
-шамасы қатынасының 
A/D
сомасын мынадай формуламен есептеу қажет:
мұнда
радионуклид көзінің жеке белсенділігі, 
– Гигиеналық 
 A –n
i
D
нормативте көрсетілген радионуклидіне арналған мән. Қауіптілік санаты 
 n
oc
oc
oc
oc
oc
oc
i,n
n


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Гигиеналық нормативтерге сәйкес 
жиынтық қатынасы бойынша 
A/D
айқындалады.
90. Жабық сәулелену көздерінің герметикалығын бақылау тиісті 
стандарттар мен техникалық құжаттамада белгіленген тәртіппен және мерзімде 
жүргізілу тиіс. Жабық сәулелену көздерін олардың тұмшалануы бұзылған 
жағдайда, сондай-ақ белгіленген пайдалану мерзімі аяқталған соң оның қызмет 
мерзімін ұзарту туралы құжатынсыз пайдалануға жол берілмейді.
91. Жұмыс істемей тұрған жабық сәулелену көздері қорғаныш 
құрылғыларында болады, ал иондаушы сәулеленуді генерациялайтын 
қондырғылар тоқтан ажыратылған болуы тиіс. Жабық сәулелену көзі салынған 
құрылғы механикалық, химиялық, температуралық және басқа да әсерлерге 
төзімді болып жасалады, радиациялық қауіптілік белгісі болады.
92. Жабық сәулелену көзін контейнерден алу үшін қашықтықтан алатын 
құрал немесе арнайы аспап қолданылады. Қорғаныш контейнерден алынған IV 
санаттағы сәулелену көзімен жұмыс кезінде қорғаныш қалқалары мен 
манипуляторлар, ал бір метр қашықтықта 2 мЗв/сағ артық доза қуатын тудыратын 
I-III санаттардағы сәулелену көзімен жұмыс істеу кезінде қашықтықтан 
басқарылатын арнайы қорғаныш құрылғылары (бокстар, шкафтар және 
басқалары) қолданылады.
93. Жұмысы радионуклидтік сәулелену көздеріне негізделген тасымалды, 
жылжымалы, стационарлық дефектоскопиялық, терапиялық аппараттар мен басқа 
да қондырғылардың сәулелену эквивалентті дозасының қуаты сәулелену көзінің 
қорғаныш блогының бетінен бір метр қашықтықта 20 мкЗв/сағ аспауы тиіс.
Өндірістік жағдайларда қолдануға арналған радиоизотоптық аспаптардың 
сәулелену эквивалентті дозасының қуаты сәулелену көзінің қорғаныш блогының 
бетінде 100 мкЗв/сағ, ал одан бір метр қашықтықта 3 мкЗв/сағ аспауы тиіс.
Жұмыс істеген кезде ілеспе пайдаланылмайтын рентгендік сәуле пайда 
болатын құрылғылардың сәулелену эквивалентті дозасының қуаты кез келген 
беттен 0,1 метр қашықтықта 1,0 мкЗв/сағ аспауы тиіс.
94. Сәулелену дозасының қуаты жұмыс істеп тұрған және сәулелену 
көздерін сақтау кезінде қондырғының бетінің қол жетерлік бөліктерінен бір метр 
қашықтықта 1,0 мкЗв/сағ аспайтын қондырғыларды (аппараттарды) пайдаланған 
кезде үй-жайға арнайы талаптар қойылмайды.
oc 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
95. Бағыты бойынша сәуле шоғы шектелмеген стационарлық аппараттар 
мен қондырғылардың жұмыс бөліктері бөлек үй-жайда орналастырылуы тиіс 
(көбіне жеке ғимаратта немесе ғимараттың бөлек қанатында); бұл үй-жайлардың 
қабырғаларының, еденінің, төбесінің материалы мен қалыңдығы сәулелену 
көзінің кез келген қалпында және шоғының бағыты кезінде жапсарлас үй-жайлар 
мен радиациялық объект аумағында бастапқы және шашыраңқы сәуленің жол 
берілген мәндерге дейін әлсіреуін қамтамасыз етеді.
Осындай аппаратты басқару пульті сәулелену көзінен бөлек үй-жайда 
орналастырылады. Аппарат тұрған үй-жайға кіретін есігі сәулелену көзін 
ауыстыру тетігімен немесе персоналдың кездейсоқ сәулелену мүмкіндігін 
болдырмау үшін жоғары (күшейткіш) кернеуді қосу арқылы бұғатталады.
96. Жабық сәулелену көздері бар стационарлық қондырғыларда жұмыстар 
жүргізілетін үй-жайлар бұғаттау және көздің (көздер блогы) жағдайы туралы 
дабыл беру жүйелерімен жаб дықталуы тиіс және қондырғыны энергиямен 
қуаттандыру ажыратылған жағдайда немесе басқа да кез келген оқыс жағдайларда 
сәулелену көзін сақтау қалпына мәжбүрлеп қашықтықтан ауыстыруға арналған 
құрылғы көзделеді.
97. Жабық сәулелену көздері су астында сақталған жағдайда бассейндегі 
судың деңгейін автоматты түрде сақтау, су деңгейінің өзгергені және жұмыс үй-
жайындағы доза қуатының жоғарылағаны туралы дабыл беру жүйелері көзделеді.
98. Жабық сәулелену көздерімен жұмыс кезінде үй-жайларды әрлеуге 
арнайы талаптар қойылмайды. Сәулелену блоктарын қайта зарядтау, жөндеу 
жүргізілетін үй-жайлар ІІІ кластағы ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеуге 
арналған талаптарға сәйкес жабдықталуы тиіс.
99. Жұмыс үй-жайларының ауасында уытты заттардың нормативтен артық 
шоғырлануына әкеп соғатын мөлшерде қуатты радиациялық қондырғыларды 
пайдалану және жабық сәулелену көздерін сақтау кезінде жұмыс аймағы 
ауасында уытты заттардың жол берілетін концентрациясынан асырмауды 
қамтамасыз ететін ішке сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
100. Жабық сәулелену көздері бар аспаптар мен иондаушы сәулеленуді 
генерациялайтын құрылғыларды үй-жайлардан тыс немесе ортақ өндіpіcтік үй-
жайларда пайдалану кезінде сәулелену көздеріне бөгде адамдардың кіруіне 
мүмкіндік болмауы және көздердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
мақсатында:
1) иондаушы сәулені жерге немесе адамдар жоқ жаққа бағыттау;
2) сәулелену көздерін қызмет көрсететін персоналдан және басқа 
адамдардан мүмкіндігінше алысқа шығару;
3) адамдардың сәулелену көздеріне жақын жерде болу уақытын шектеу;
4) кемінде 3 метр қашықтықтан анық көрінетін радиациялық қауіптілік 
белгісі мен ескерту плакаттары ілу керек.
101. Сәулелену көздерімен жұмыс басталғанға дейін персонал 
жабдықтардың жарамдылығына тексеру жүргізеді. Ақаулар анықталған жағдайда 
жұмысты тоқтата тұру қажет, радиациялық объектінің әкімшілігін хабардар етіп, 
техникалық қызмет көрсетуді және жабдықтарды жөндеуді жүзеге асыратын 
ұйым өкілін шақыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет