Бөлшектенушілік санаты
Көркем мәтіннің тағы бір санаты – бөлшектенушілік. Бұл санат әрі
коммуникативтік, әрі прагматикалық ниеттен туындайды, сондықтан екі
жақты, яғни автор өзі баяндап, суреттеп отырған оқиға, құбылыстың
жекелеген қырларына назар аудартып, олардың өзара байланыстарын
көрсетуді және оқырманның сол алған ақпарды түсіну, интерпретациялауына
жеңілдік
жасауды
көздейді.
Мәтіннің
құрылымдық-семантикалық
бөлшектенуі оның көлемі мен мазмұндық-нақты ақпарға байланысты
болады, өйткені оқырманның ақпарды қабылдауы шығарманың тұтастығын
қамтамасыз ететін континуум, ретроспекция, мәтіннің белгілі бір бөліктерін
актуалдандыру сияқты санаттармен тығыз бірлікте ғана жүзеге асады. Сол
себептен де И.Р. Гальперин мәтінді бөлшектеудің екі түрін көрсетеді.
Біріншісін ол мәтіннің көлемі мен оқырманның жады, назары еске
алынатындықтан көлемдік-прагматикалық деп атайды. Бұл бөлшектеу тұтас
шығарманың ең үлкен бөліктерінен бастап ең кіші бөліктеріне дейін
қамтиды. Бұнымен тығыз байланысты екіншісін зерттеуші контекстік-
вариативтік бөлшектеу деп атап, оны құрайтын сөйлеу актілерінің қатарына
«1) автор сөзі: а) баяндау, б) табиғатты, кейіпкерлердің сыртқы келбетін,
жай-күйді, жағдайды, оқиға орнын және басқаларды суреттеу, в) автордың
пайымдауы; 2) бөгде сөз: а) диалог (авторлық ремаркалармен қоса), б)
цитация; 3) қосүнді сөз» сияқтыларды жатқызады да, былай деп атап
көрсетеді: «Бөлшектеудің екі түрі бір-бірімен өзара шарттас және имплицитті
түрде мазмұндық-концептуалды ақпарды ашады» [17:52]. Аталған мәтін
бөлшектеуді ұштастыратын алғысөз, кіріспе, қорытынды секілді жекелеген
мәтін бөліктері кейбір көркем мәтіндерде ғана, яғни факультативті түрде
кездеседі.
Ресейлік лингвист-ғалымдар Л.Г. Бабенко мен Ю.В. Казарин, негізінен,
осы бөлшектеу түрлерімен келісе отырып, мәтін құрамындағы күрделі
синтаксистік бірліктерді (тұтастықтарды) құрылымдық-мағыналық
бөлшектеу тұрғысынан жеке қарастыруды ұсынады және контекстік-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
49
вариативтік бөліктердің қатарына полилог, монолог, ішкі монолог, ішкі
диалогтерді кіргізуді ұсынады.
Қалай дегенде де, мәтін бөлшектеуінің кез келген түрі оның тұтастығын
толық қабылдауға, игеруге, шығармадағы ақпар түрлерін барабар түсінуге
мүмкіндік жасайды.
Сонымен жоғарыда талданған шығармалардан байқалғандай, көркем
мәтіннің
барлық
санаттары
бір-бірімен
ажырағысыз
байланыста
болғандықтан, тек өзара әрекеттесуі тұрғысынан, біртұтас бірлікті, жүйені
құраушы ретінде ғана қарастырыла алады. Бұдан шығатын қорытынды –
мәтіндегі барлық ақпарды біртіндеп бір басты тақырыптың төңірегіне
жинақтап, сол ақпарды әр қырынан толық қабылдау, түсіну үдерісі мәтіннің
тағы бір маңызды санатын – интеграцияны білдіреді. Сондықтан да
интеграция арқылы оқырман ойында белгілі бір көркем мәтін тиянақталады.
Ол эксплицитті болмағандықтан көбіне зерттеушілер оны атамай да кетеді.
СҰРАҚТАР:
1.Кӛркем мәтіндегі ақпар тҥрлері.
2. Кӛркем мәтін санаттары
3. Кӛркем мәтіннің горизонтал және вертикал контекстері.
4. Мәтінаралық байланыстар лингвистикасы.
5. Мәтін модальділігі.
6. Кӛркем мәтінді бӛлшектеу тҥрлері.
7. Автор сӛзі мен кейіпкер сӛзі.
8. Кӛркем мәтіндегі бӛгде сӛз.
9. Кӛркем мәтіндегі суреттеу
10. Кӛркем мәтіндегі әңгімелеу
11. Кӛркем мәтіндегі ойталқы
ТАПСЫРМАЛАР:
А) Көркем мәтіндегі негізгі санаттарды нақтылау үшін мына мәтіндерді
оқыңыз, оқу құралында берілген талдаумен өз ойыңызды салыстырыңыз:
1. Жұмабаев М. Қазақ тілі
2. Аманжолов Қ. Ақын өлімі туралы аңыз
3. Әбдіков Т. «Тұғыр мен ғұмыр»
4. Мағауин М. Сары қазақ
5. Бөкеев О. «Қайдасың, қасқа құлыным»
6. Жұмаділов Қ. «Соңғы көш
7. Ахметова К. «Бауыр»
8. Жақыпбаев Ж. «Көзбен жалғыз күй шертер»
9. Салықбай Г. Түн келеді сілекейі шұбырып
Ә) «Көркем мәтіндегі интертекстуалды байланыстар типтері» тақырыбында
реферат дайындаңыз.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
50
3. ҚАБЫЛДАУ СТИЛИСТИКАСЫ
1. Көркем мәтінді қабылдау және талдау
2. Стилистика түрлері
3. Қабылдау стилистикасы
4. Ұсыну қағидатының негізгі типтері
5. Мәтіннің күшті позициялары
Көркем шығарманың талдануы қолға алынғаннан бері түрлі әдіснамалық
бағыттар,
мектептер
қалыптасқаны
белгілі.
Көркем
туындыны
талдаушылардың арасында әдебиетшілер де, тілшілер де, философтар да
болғанымен, бұл проблемаға бірізді көзқарас жоқ. Көркем мәтін соңғы кезде
лингвистер тарапынан айрықша зерттеліп жүргені мәлім.
Қазақстандық зерттеуші Қ.Қ. Ахмедияров өзінің «Лингвистическая
поэтика: традиции и новации» монографиясында: «Традиционная научная
база лингвистической поэтики – языкознание – развивается в настоящее
время стремительно, приняв на вооружение в качестве ведущего
методологического принципа обновления и движения – принцип интеграции
в научной парадигматике гуманитарных знаний: именно активное сочетание
и творческий синтез достижений многих человековедческих наук –
концептуально-конструктивный девиз и формула самодвижения и
саморазвития лингвистики конца 20 начала 21 века, т.е. возрождающейся
антропологической лингвистики» [22:6] дей келіп, ғалым Л.А. Новиков
пікіріне сүйене отырып, көркем тексті талдаудың үш түрін келтіреді:
1. Лингвистикалық түсініктеме, оның нысаны сөз, сөз тіркестері, сөйлем,
күрделі синтаксистік тұтастық, дыбыстар, сондықтан зерттеуші мәтіннің
эстетикалық қызметінен бұрын ондағы түсініксіз сөздердің мағынасын ашып,
тілдің барлық деңгейіндегі құралдарды жеке-жеке сипаттайды. Мысалы,
М.Мағауин. «Аласапыран»: Мҧрат-Мҧхамед ширақтығына қарамастан..,
әуелде ерке ӛскен... Сҥйініш оғланнан біраз жәбір-жапа кӛріп еді. ( Оғлан –
ертеректегі тҥркі-монғол халықтарында хан титулына ие болмаған
Шыңғысханның ҧрпақтары, кейініректе жалпы билеуші әулеттің жоғары
әкімшілік не әскери қызмет атқаратын ҧрпағы (сҧлтан)).
2. Лингвостилистикалық тҥсініктеме, талдаудың бҧл тҥрінде кӛркем
шығармада автор ӛз ойын жеткізу ҥшін қолданған нақты кӛркемдегіш
қҧралдардың экспрессивті стильдік қызметі арқылы кӛрінетін эстетикалық
тҧтастық қарастырылады. М.Әуезов, «Қорғансыздың кҥні», бір абзацтағы 11
сӛйлемде қызыл, қызғылт сӛздері 7 рет қолданылған, себебі алда болатын
трагедияның символы.
3. Көркем мәтінді түсініп талдаудың үшінші түрі – лингвопоэтикалық,
яғни
қаламгердің
тілдік
бірліктердің
эстетикалық
қызметін
актуализациялауы және трансформациялауы нәтижесінде көркем түр мен
көркем мазмұнның ерекше бірлігі, яғни мәтін туындайтынын көрсету.
Зерттеуші талдаудың соңғы түрін неотеориялық деп атап, көптеген
зерттеушілердің көзқарасын осы жаңа лингвопоэтиканың негізі деп қарайды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
51
Көркем мәтінді түсініп талдаудың аталған барлығы да авторды басты
санат деп қарастыратынына тоқтала келіп, зерттеуші белгілі психолингвист
А.А. Леонтьевтің пікіріндегі «искусство есть личность, отображенная в
квазиобъектной форме» деген анықтамаға ерекше назар аударып, айрықша
атап көрсетеді.
Автордың идеясы, образдар жүйесі, болып жатқан оқиғаға,
кейіпкерлеріне көзқарасы дәстүрлі стилистика тұрғысынан зерттеледі.
Көркем мәтінде автор айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік бірліктер мен
көркемдегіш құралдарды іріктеп алатындықтан, зерттеушілердің басым
бөлігі автор стилистикасымен шұғылданады.
Стилистика атауының шығуына негіз болған латынның stilus, stylus –
жазуға арналған ҥшкір қҧрал, жазу мәнері деген сӛзі.
Стиль – кӛп мағыналы сӛз және әр тҥрлі ғылым саласында қолданылады.
Стилистика – лингвистика ғылымының белгілі бір тілдің барлық
деңгейіндегі әсерлеу, кӛріктеу тәсілдерінің жҥйесін синхронды және
диахронды жағдайда зерттейтін саласы.
Стилистика ғылымының бастауын антикалық және ортағасырлық
поэтикамен, әсіресе риторикамен байланыстырады. Поэтика поэзия
заңдылықтары, ал риторика шешендік ӛнер туралы ғылым деп тҥсінілді;
риторика ҥшін басты мәселе сӛздерді іріктеп, таңдап алып, оларды бір-
бірімен тіркестіру, сӛйлеу фигураларын таңдау арқылы сӛздің әсерлілігін
арттыру болды. 17-18 ғасырдағы риториканың негізгі тірегі стильдер болды,
яғни М.В. Ломоносов негіздеген ҥш штиль теориясына сҥйенді. Ал мҧның ӛзі
Кӛне Римдегі қалалық, ауылдық, жатжерлік стиль, сондай-ақ Вергилий
шығармаларының жанрына байланысты қалыптасқан тӛменгі (Буколиктер –
бақташы жырлары), ортаңғы (Георгиктер – жер ӛңдеушілер жыры), жоғарғы
(Энеида – батырлар эпосы) стильден туындаған еді.
Стилистика термині алғаш рет сол кез ҥшін жаңалық болып есептелген
шығармашыл тҧлғаның даралығы деген ҧғымға байланысты 19 ғасырдың
басында
неміс
романтиктерінің
шығармаларында
қолданылды.
Стилистиканы ғылыми негіздеу 19 ғасырдың ортасында (1852) Г. Спенсердің
«Философия
стиля»
деген
еңбегінен
басталып,
Х.Штейнтальдің
«Стилистика» (1866) оқу қҧралымен жалғасады.
Тарихи стилистиканың негізін салған орыс ғалымдары А.Н. Веселовский
(Из истории эпитета, 1895) және А.А. Потебня болды.
Қазіргі заманғы лингвистикалық стилистиканың негізделуі француз
ғалымы Ш. Баллидің «Трактат по французской стилистике» (1909)
зерттеуімен байланысты болып, Прага лингвистикалық ҥйірмесінің мҥшелері
оны жеке сала ретінде қарастыра бастады. Орыс тіл білімінде стилистиканың
тҧжырымдамасын ҧсынған В.В. Виноградов болды және оның пікірлерін
кеңес ғалымдарының барлығы дерлік ҧстанды.
1. Стилистиканы тар мағынада тҥсіну америкалық дескриптивтік
(сипаттама) лингвистика мектебімен байланысты, бҧл бағыттағы ғалымдар
тіл қҧрылымын морфемадан бастап сӛйлемге дейінгі тіл элементтерінің
орналасуы деп тҥсінгендіктен, олар стилистика сӛйлемнен ҥлкен бірліктердің
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
52
қҧрылымын, олардың абзацқа бірігуін қарастыру керек деген пікірді ӛткен
ғасырдың 40-50 жылдарында ҧсынған.
2. Стилистиканы бҧдан кең мағынада тҥсіну ағылшын зерттеушілерінің
еңбектерімен байланысты, яғни дескриптивистердің стилистикалық
варианттылық тҧжырымын ағылшындар мәтін тҥзудің жалпы заңдылықтары
деп танып, мәтін лингвистикасы деген жаңа бағыт пайда болды. Мҧнда
стилистикалық варианттылық, сӛйлеушінің немесе мәтін авторының таңдауы
шектеулі болғандықтан, стилистика тек мәтін грамматикасын ғана
қарастырды.
3. Мәтін шегімен тҧйықталмай, мәтінді одан тыс тілдік тҥрлі жҥйе -
стильдермен байланысты қарастыратын стилистиканы ХХ ғасырдың 30-40
жылдарында Прага лингвистикалық мектебінің ӛкілдері негіздеді. Ауызша
және жазбаша сӛйлеу актісін сӛйлеушінің тілдегі мҥмкіндіктерді таңдап
қолдану, оларды мақсатына қарай ӛзара ҧйыстыру (комбинация) нәтижесі
деп ҧғынатын прагалық лингвистердің пікіріне коммуникативтілік немесе
функционалдылық ҧғымы тірек болған. Функционалдылық ҧғымы Ш.
Баллидің тҧжырымдамасын басшылыққа алған, яғни тілде тҥрлі формадағы
синонимдер мен олардың қатарлары бар, оның ең соңғыларының бірі
нейтралды, ал басқалары белгілі бір дәрежеде қосымша яки стилистикалық
реңкке ие және ол экспрессивті, кейбірінде бҧл реңк тӛмен, қарабайыр болса,
кейбіреуінде аса жоғары, кітаби сипатта болады (бет, жҥз, ажар, сықпыт).
Баллидің айтуынша, стиль мәтіннен тыс ӛмір сҥрмейді және стилистикалық
бояу мен стилистикалық эффект бір емес, стилистикалық эффект олардың
басқа бірліктермен байланысқа тҥсуімен нақтыланады.
4. Бҧл аталған тҥсініктер стилистиканы тіл қҧрылымына қатысты ғана
қарастырғандықтан, тілді қозғалыста зерттеу қажеттігі туды, сондықтан орыс
тіл білімінде Г.О. Винокур стилистиканы тілді қолданудың жалпы ілімі деп
атап, оның зерттеу аясына сӛйлеу жағдаяты, сӛйлеуде қолданылатын тілдік
қҧралдардың орындылығы енгізілді. Бҧл В.В. Виноградовтың тарихи
стилистикасымен ҥндес болды, яғни синхронды стилистика әдеби тілдің
белгілі бір кезеңі деп есептелді.
5. Жалпыхалықтық тілдің стилистикасы кӛркем әдебиет тілі мен ірі
жазушылардың шығармашылығына қатысты қарастырылып, поэтикамен
тығыз байланыста болады.
Стилистиканы 3 және 4 ҧғымдарға сай тҥсіну кӛбіне практикалық
тҧрғыда тілді ҥйретуде, әдеби тіл нормаларын қалыптастыруда
қолданылатындықтан, практикалық стилистика деп те аталады.
Стилистика ӛз зерттеу аясына сӛздің қолданылу мҥмкіндігі,
орындылығы, грамматикалығы деген терминдерді енгізу арқылы тілдің
қҧрылымдық негізін бҧзып, тілдің жанды процесс екенін дәлелдеді.
Бұл орайда автор тудырған көркем шығарманы оқып отырған оқырман
да жеке тұлға, тілдік тұлға екені ұмытылмауы тиіс. Жоғарыда аталған текст
талдауының барлығы да стилистиканы көркем мәтіндегі автордың айтар
ойына қажетті стилистикалық ресурстар тұрғысынан түсіндіретіндіктен
автор стилистикасы (стилистика кодирования) деген атпен белгілі болса, сол
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
53
көркем шығарманы оқитын, түсінетін оқырманның эстетикалық қабылдауы
тұрғысынан талдауы қабылдау стилистикасы (стилистика декодирования)
деп аталады.
Көркем шығарманың оқырманға эстетикалық әсерін ағылшын және
орыс әдебиеті материалдары негізінде зерттеген И.В. Арнольд соңғы
терминнің пайда болуын шетелдік ғалымның есімімен байланыстырады:
«Америкалық ғалым М. Риффатер қазіргі заманғы байланыс теориясы мен
ақпарат теориясының ұғымдары және терминологиясын пайдалана отырып,
стилистика міндеттерінің жалпылама формулировкаларын береді. Ол
стилистиканы хабарды кодқа түсіріп отырған адамның ойлау образын сол
хабарды алып, қабылдайтын адамға беру жолдарын зерттейтін ғылым деп
анықтайды» [67:18].
Ал кеңестік, кейіннен ресейлік және отандық еңбектерде бұл терминнің
кеңінен қолданылуы И.В. Арнольдтің өз есімімен байланысты. Ол 1972
жылы шыққан мақаласында: «Стилистика декодирования – раздел
стилистики, который рассматривает способы толкования художественного
текста для достижения наиболее полного и глубокого понимания его, исходя
из структуры его текста, взаимоотношений составляющих его элементов»
[68:132] деп көрсетеді.
Автор өзінің бірнеше рет басылып шыққан ағылшын тілінің
стилистикасына арналған кітабында бұл терминнің «стилистика восприятия»
деген синонимін де қолданады. Ал бұл терминді ғылыми айналымға енгізген
Ю.С. Степанов стилистиканы ақпарды жіберуші тұрғысынан және ақпарды
алушы
тұрғысынан
жеке-жеке
қарастыруды
ұсынады.
Көркем
коммуникацияда ақпарды жіберуші әдетте қаламгер болғандықтан, оның
стилистикалық әлеуетті пайдалануын автор стилистикасы деп атап, ал ақпар
алушы оқырман болғандықтан, оның көркем шығармадан алған эстетикалық
әсерін түсіндіруді қабылдаушының стилистикасына жатқызады. Зерттеуші
ХХ ғасырда өмір сүрген ғалым Л.В. Щербаның «Опыт лингвистического
толкования стихотворения» деген еңбегін қабылдаушы әсерінің классикалық
үлгісі ретінде ұсынады: «Щербаның әдісі туындыға жеке адамның,
оқырманның – және сезімтал оқырманның – көзқарасына негізделген: ол
талдаудан бұрын өнердің эстетикалық құндылығынан ләззат алады» [69:284].
Л.В. Щерба алғаш рет «порог восприятия» ұғымы арқылы көркем
шығарманы тек белгілі бір шекке дейін ғана мүшелеуге болатынын
көрсеткенін, ол шығармадағы тек көркем қызмет атқаратын элементтерді
талдауды ұсынғанын айтады.
Осы стилистика восприятия тіркесінің құрамындағы восприятие
сөзін Ғ. Мұсабаев редакциясымен шыққан «Орысша-қазақша сөздік»
төмендегідей анықтайды: 1. (способность), қабылдау, түсіну, ұғыну; 2. (то,
что воспринято), түйсік, түйсіну, изучение восприятия ребенка (бала
түйсіктерін зерттеу) [70:114]. Біздің ойымызша, осылардың арасында
қабылдау сөзінің мағынасы көркем шығармадан оқырманның алған әсерінің
жиынтығын толық беретін сияқты, сондықтан «стилистика восприятия»
терминіне балама ретінде қабылдау стилистикасы деген атауды ұсынамыз.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
54
Әрине, лингвист-зерттеушінің көркем мәтінді түсініп талдауы қатардағы
қарапайым оқырманның қабылдауымен бірдей деуге келмес, бірақ
оқырманның да аялық білімі шығарманы белгілі бір деңгейде түсініп, өзінің
дербес интерпретациясын жасауына мүмкіндік береді.
Ю.С. Степанов қабылдау стилистикасының бастауында жоғарыда
аталған Л.В. Щербаның тәжірибесімен қатар, Б. Лариннің семиотикалық
стилистикасы, А. Белый қолданған метасипаттау тұрғанын айта келіп,
қабылдау стилистикасының нақты әдістерін көрсетеді: «Бұл тәсілдер...
ойдың екі түрде бірінің ізімен бірі жылжуынан байқалады: а) бірінші жылжу
– анализ, көркем сөзді маңызды элементтерге бөлу; б) екінші жылжу –
синтез, алынған элементтерден қайтадан бірегей тұтастықты құрау.
Сонымен, көркем сөздегі анализ (талдау) екі межені – сөздікті
(парадигматикалық) және хабарды (синтагматикалық) – қамтуы керек.
II. Синтез – бұл талдау арқылы табылған сөз образдарының негізінде
жүргізілетін метасипаттау» [69:299].
Ал И.В. Арнольдтің өзінің код сөзін қолдануы – информация
теориясының негізін салушы К. Шеннонның тұжырымдарын лингвистикаға,
оның ішінде стилистикаға трансполяция жасауының нәтижесі.
Стилистиканың дамуына ақпарат теориясы кӛп әсер етті, одан ақпарат,
код, кодтау, кедергі, байланыс арнасы, декодтау (хабарды қабылдау) ҥдерісі
сияқты терминдер алып, мәтінге қатысты қолданыла бастады. Сондай-ақ
сигнал, хабар, ақпар беру жҥйесі, кванттау, тезаурус т.б. терминдер де
кӛркем мәтін талдауға жҧмсала бастады. Осыған сәйкес қаламгер – мәтін –
оқырман ҥштағаны ақпарат жіберу жҥйесі ретінде қарастырыла бастады.
Ақпарат теориясында хабардың жіберілуі мен алынуы материяның басты
белгісінің бірі бейнеленумен (отражение) тікелей байланысты, яғни бір
нысанның ерекшеліктерінің шағылу ҥдерісі нәтижесінде екінші нысан
ерекшеліктерінің ӛзгеруі, кӛркем коммуникацияға қатысты алсақ, автордың
мәтін арқылы жолдаған хабарын оқу нәтижесінде оқырманның ойында
қалыптасқан ақпар.
Ақпарат теориясының негізгі постулатын К. Шеннон былай анықтаған:
«Байланыстың негізгі міндеті – бір жерден жолданған хабардың екінші бір
жерге дәл солай немесе соған жақын жеткізілуі. ...Маңыздысы, жолданған
ақпар жіберілуі мҥмкін көптеген хабардан таңдалып алынған бірі екені ғана.
Байланыс жҥйесі тек таңдап алынған ақпарды ғана емес, кез келген хабарды
жіберу мҥмкін болатындай жобалануы тиіс» (71:243-244), яғни хабардағы
ақпар кӛлемі ондағы нақты тілдік бірліктердің семантикасының қосындысы
емес. Мәселен, Е. Раушановтың « Өкпе де ме екен, наз ба екен, Біздей де ғаріп
Достарыңызбен бөлісу: |