Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Кредиттік технология 
«Еуропа кеңістігіндегі жоғары білімге қатысты мамандықтарды 



мойындау туралы» Лиссабон конвенциясында қабылданған құжатқа 
сәйкес, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикадағы алғашкы 
жоғарғы оқу орындарынын бірі болып 2003-2004 оқу жылында кредиттік 
технологияға көшуді эксперимент ретінде экономика факультетінде бастады. 
2004-2005 оқу жылында толық осы жүйеге көшті. Ондағы негізгі мақсат 
нарықтық экономика мен демократия принциптеріне негізделген егемендік
тауелсіз мемлекетіміздегіі маңызды қайта кұруларға байланысты, білім беру 
жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне сәйкестендіру бағытында дайындалган 
елдердің прогресшіл тәжірибесіне сәйкес білім берудін денгейлері мен мазмұн -
құрылымын жетілдіру XXI ғасыр еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру. 
Оқытудың кредиттiк жүйесi - бұл жеке тұлғаның терең, сапалы бiлiм 
менгеруi жолындағы өзiндiк бiлiм алу денгейін көтеретін білім беру жүйесi. Бұл 
технологиянын негiзгi мазмұны окытушы мен студенттiң - өзара түсіністік, 
ынтымақтастык қарым-қатынасы, iс-әрекетi негiзiнде оқу бiлiктерi мен 
дағдыларды, iс-әрекеттерді меңгеру. 
Студенттердiң бiлiм деңгейiн өздiгiнен жетiлдiруге, шығармашылық 
кабiлеттерiн дамытуға, езiндiк жұмыс iстеуге, өзін-өзі тануға, өзiндiк iс 
тәжiрибесiнiң негiзiнде бiлiм мен бiлiк қалыптастыруга бағыттау. Терең сапалы 
бiлiм негiзiнде жеке тулғалық еркiн бағдарлай білу, өзiн-өзi дамытуына, өзiндiк 
бiлiм алуына көмектесу. 
Оқытудың жаңашыл технологияларын пайдалана отырып, студенттердiғ 
өзiндiк бiлiм алу, танымдық әрекеттерін дамыту. 
Бүгiнгi таңда бiлiм беру мақсаты - бiлiм беру формасы мен әдiстерi білім 
берудің мазмұны оқытудың тәсiлдерi мен кұралдары ретiнде қарастырылады. 
Ендi «ненi окыту?»сұрагының орнына «қалай оқыту?» деген сұрақ негiзгi 
болып табылады. Яғни, білім беру мақсатын, мазмұнын, технологиясын 
біліктілік мазмұнға қарай студенттiң сапалы, терең бiлiм алуы, кәсiби бiлiк пен 
дағдыларды қалыптастыруы, өзiне қажеттi бiлiмдi iздестiруге, қазiргi қоғамдағы 
және өмiрдегi болып жатқан өзгерістерге лайықты емір сүру және жұмыс iстеуге 
дайындау. 
Студенттердiң өзiндiк жұмысына 70 пайыздык өлшем бере отырып, 
алынған бiлiмдi жаңа жағдайда қолданатын, оқулыктан түрлi дерек кездерiнен
өздігінен iзденiп, талдайтын, өзiндiк пiкiр қорытындылайтын, өзiн-өзi 
жетiлдiретiн жеке тұлға қалыптастыру. 
Оқытушының негізгі міндеті – жеке тұлғаның ақыл-ойын байытуға,жан – 
жақты дамуына, белсенділік пен дербестігінің дамуына студенттердің
қызығушылығы мен кабілеттерінің артуына әсер ететін интерактивти 
әдістерді жетілдіру. Студенттердің танымдық қызметіне басшылық жасау, 
ұйымдастыру. 
Оқытудың интерактивті әдістерінде оқу процесі оқытушы мен 
студенттердің ыкпалдастық іс әрекеттеріне негізделеді. Студенттің үлкен 
белсенділігін, алған білімін шыгармашылық талдау жасай білуін қарастырады. 



Яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген 
іс-әрекеті басты міндет атқарады. 
Жоғарғы оқу орнындағы білім беру жүйесі неғұрлым көп білім берілсе 
солғұрлыи жақсы деген біржақтылықтың орнына студенттердің танымдық 
қызметін арттыру, белгілі бір сапа бойынша біліктілік пен дағдыларын 
жетілдіруге, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын мамандардф дайындауға 
бағытталады. 
Бүгінгі таңдағы негізгі міндет – іргелі білімді кеңінен меңгерген, 
бастамашыл,еңбек рыногымен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына 
бейімделген командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау. 
Кредит (латынша Credit) сенім-деген магынаны білдіреді.Студенттің оқу 
жумысының көлемін өлшеу белгісі (мелшері). 
Кредиттік оқыту жүйесінде «оқу курсы» деген уғым жоқ, оның орнына 
«академиялық оқу жылы» деген уғым бар. Оқу жылы жыл санымен емес, кредит 
санымен белгіленеді. Оқу үрдісін кредиттік жүйе бойынша ұйымдастыру 
барысында студент өз бейімділігі мен кабілетіне сай таңдаган мамандығын 
өзгерте алады. Студент біраз уақыттан кейін өзінің 16-17 жасында жасаған 
таңдауын болашаө өмір жолында тиімсіз деп есептесе немесе өсе келе өмірге 
көзқарасының өзгеруі нәтижесінде мамандықты қайта тандауына мүмкіндігі бар. 
Мысалы, американдық студент 4 жылда орта есеппен 3 мамандық ауыстыра 
алады. 
Бірінші курста студент міндетті болып табылатын жалпы білімдік пәндерді 
оқиды, бұл пәндерді игермей келесі курска тіркелуге болмайды.Екінші курстан 
бастан мамандандыру басталады. Студенттер баска факультеттін де пәндерін 
тандап, оқи алады. Мұндай жагдайда олар оздерінің негізгі мамандықтарына 
қосымша мамандықты қоса алады. 
Кредиттік жүйе студенттін бір елден екінші елге оқу орнын ауыстыруга, өз 
бетінше шешім қабылдау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
Кредиттік оқу жүйесінде оқу көлемі кредиттік негізде өлшенеді.Мысалы, 
бір кредит - студенттің аптадағы аудиториялық 1 академиялық сағаты (15 
апталық). Әрбір академиялық сағат 2 сағаттық өзіндік жұмыспен 
толықтырылады. 
Кредиттік сағат деген өлшемді тунғыш рет Гарвард университетінің 
ректоры 1867 жылы оқытылған сағаттарды (фиксация) есептеу үшін енгізеді. 
XX г. 80-жылдарында Еуропа мемлекеттерінде бір жоғарғыы оқу орнынан, 
екінші жоғарғы оқу орнына студенттің ауысуы үшін қажет емтихан, сынақ 
көлемдерін белгілеу үшін қолданыла бастады. 
1997 жылы жоғары білім жөнінде Лиссабон конвенциясының қабылдануы. 
1998 
жылы 
Германия, 
Франция 
жене 
Улыбритания 
білім 
министрлерінің.Еуропада жоғары білім берудің жүйелері мен 
құрылымдары сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясына қол коюы,1999 
жылы Еуропалық жоғарғы білім аймагын құру туралы Болон декларациясына 
қол койылуы кредиттік жүйенің енгізілуін одан 
api дамытты. 


10 
Қазақстан егемендік алғаннан кейін білім жүйесін халықаралық кеңістікке 
интеграциялау процесіне көңіл бөле бастады. Білім беру үрдісінің әлемдік 
кеңістігіне кірудің алғы шарттарының бірі оқыту технологиясын Болон 
конвенциясына сәйкестендіру болып табылады. Бұл мақсатқа жету жолында 
жоғарғы оқу орындарында жүргізіліп жатқан бетбұрысты бағыт пен шаралардың 
бірі - 
оқу жүйесін кредиттік технологияга көшіру. 
Халықаралық білім кеңістігін кұру дегеніміз әр түрлі ұлттық білім беру 
жүйелерін мүмкіндігінше жакындастырып, бір-бірімен толықтырып, әлем 
деңгейінде мықты әлеуметтік жүйе жасау. Осы арқылы әртүрлі елдердегі білім 
беру сапасы мен деңгейін бір калпына келтіру, мамандар дайындауды 
халықаралық сұраныстар мен талаптарға сейкестендіру, оқу орындарының 
қызметтерін өзара үйлестіру. 
Оқу процесін кредиттік жүйе пайдалана отырып уйымдастырудың негізгі 
мақсатының бірі - студенттердің езіндік жумыстарының рөлін жане сапасын 
күшейту. 
Кредиттік технология бойынша студенттердін озіндік жумысынын олшемі: 
-70 те 30; 
-Аудиториялык сагат кыскарады (30 пайыз); 
- БӨЖ колемі улгаяды (70 пайыз); 
- БӨЖ Окытушылар мен студенттердін белсенділіті артады; 
- БӨЖ - уздіксіз аудиториялык жоне аудиториядан тыс жумыс турі. 
Казакстан тарихы курсына 3 кредит белінген. 30 сагат лекция, 15 сагат семинар, 
45 сагат студенттердін озіндік жумысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет