42
жасалғандай әсер қалады. Нәтижесінде сыртқы жәні ішкі рәсімдеу
элементтерінің көзге көрінетін дисгармониясы, мзыкалық бағдарламаның
кәсіпорын рухы мен стиліне сәйкес келмеуін бақылауға болады.
Бұндай
дисгармония тұтынушылардың көңілінен шықпайды да, олар мейрамханадан
кетеді немесе мейрамхана өз шығынын өзі өтеу деңгейіне де шыға алмайды.
Бұл жағдайда концепци қажетті түрде «құрастырылмау» ықтималдылығы бар.
Яғни, мейрамхана идеясы ықтимал тұтынушылардың мейрамханада қалй болу
керек және қалай жүргізілу керек деген дәстүрлі ойларынан күрт ауытқып
жүзеге асырылған. Бұл мәселені көбіне косметикалық
өзгерістер енгізіп
шешуге болады. Мүмкін қызмет көрсету деңгейін өзгерту қажеттілігі
туындалады. Алғашқы қарағанда маңызды емес бөлшектер де мейрамхана
атмосферасының ішкі тартымдылығының тұрақсыздық факторы бола алады.
Ал тәжірибе жүзінде бұл клиенттерді жоғалту және табысты жоғалту дегенді
білдіреді.
Бір нәрсені өзгерту үшін алдымен нені өзгерту қажет екенін анықтау керек.
Мейрамхана әрекетінің диагностикасын жүргізу қажет. Барлық дерлік құрамдас
бөліктер мен оларға тұтынушылардың қатынасы зерттеледі.
Тағамдар бағасы,
сапасы, қызмет көрсету, безендіру, музыкалық бағдарламалар,персоналмен
басқару
құрылымы, мейрамхана атмосферасы зерттеледі. Кейбір жағдайларда
ауқымды зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындамайды. Кейде мейрамхана
мәселелерін сарапшы-кеңесші бір келгеннен айқындай алады, бірақ жұмысшы
гипотезаны (сарапшының мейрахана әрекетінің нақты осы секторында әселенің
болуы туралы гипотезасы) растау үшін объективті ақпарат қажет. Оны тек
мейрамхана әрекетін маркетингтік диагностикалау ғана бере алады.
Концепцияны толықтырып, бір қорытындыға келтірген жағдайда да уақыт
әрқашан мейраханаға қарсы жұмыс істейді. Мысалы мейрахана жаңа түрге еніп,
өз клиенттері алдында жаңа жағынан көрінуге дайын.
Бірақ бұрынғы және
мүмкін жоғалған келушілер мейрамхананың жақсы жағынан өзгергеніне сенуі
өте қиын. Бұл тек мейрамханаға келіп көруі кезінде ғана жүзеге асады.
Мейрамхананың қайта туындауы туралы өте қысқа уақытта дүр сілкіндіріп
білдіру керек. Мысалы, БАҚ өкілдерін шақырып презентация жүргізу, интернет
басылымдар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: