Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үйлерде қызмет көрсетудің жаңа түрлері



Pdf көрінісі
бет81/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Мейрамхана және қонақ үйлерде қызмет көрсетудің жаңа түрлері 
дәстүрлі емес амалдар клиенттерге қызмет көрсетудегі жаңа ойлар нәтижесінде 
туындалады. 
Қазіргі кезде мейрамхана және қонақ үй қонақтрының көз алдында 
салаттарды, ет ет тағамдарын даярлау сияқты қызмет көрсетудің жаңа түрі кең 
тарала басталды. Бұл «шоу- китчен» әдістемесі деп аталады. Тұтынушылардан 
«асханадан үстелге тапсырыс беру» модаға енуде, онда олар тағам даярлау 
үрдісін бақылай алады және кейбір тағамдарды даярлауга қатыса алады. 
Тұтынушыларды шақыру үшін мейраханалар әртүрлі тағамдар көрсету, 
шарап, әртүрлі десерттер және т. б. көрмесі сияқты қызмет көрсету түріне 
жүгінеді. 
Қызмет көрсетудің жаңа түрі – «Балалар мерекесі» әдетте демалыс күндері 
күндізгі уақытта жүргізіледі. Мерекеге клоундар, балалар театры әртістері 
шақырылады. Үстелдерге ойыншықтар және суретсалуға арналған 
құралдарқойылады. Бұл мереке репертуарында балалар аудио және видео 
бағдарламалар бар. 
Көптеген мейрамхана және қонақ үйлерде қонақтардың кез-келген 
қалауын қанағаттандыруға ұмтылады, тапсырыс бойынша экономикалық 
тағамдар ұсынылады. 
Мейрамхана және қонақ үй бизнесінде мерчандайзинг, яғни мейрамхана 
және қонақ үй өнімі мен қызметтерін шебер өткізуді қолдана бастайды. Қазіргі 
кезде клиенттер кез – келген мейрамхана және қонақ үйді таңдау мүмкіндігі 


126 
бар. Мерчандайзингтің негізгі мақсаты мейрамхана және қонақ үйдің 
қонақтарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау 
болып табылады. Ол үшін мейрамхана және қонақ үйде ас мәзірінің кең 
ассортименті болу керек және қызмет көрсету персоналы қонақ тілегін таба алу 
керек. 
Мерчандайзинг құралдарының арсеналында тұрақты қонақтарға ерекше 
тағамды «шефтан сыйлық» ретінде ұсыну әдісі бар. Бұндай көрсеткішті қадам 
басқа қонақтарда осы тағамды иапсырыс жасау тілегі туындауына итермелейді. 
Жарнамалық акцияға қонақтарға әртүрлі тісбасарлар үлгілерін подноста ұстау 
да жатады. 
Мейрамхана және қонақ үйде қонақтың тісбасардың толық немесе 
кішірейтілген порциясына тапсырыс беру сияқты қызмет көрсету түрі кең 
таралуда . Қонақтар үшін кешенді баға түзілім пайдалы болып табылады, бұнда 
тағамдар жеке сатылғаннан гөрі бірге төмен бағамен жіберіледі. 
Қызмет көрсетудің жаңа түрі – кейтеринг, ағылшын тілінен аударғанда 
«өнімді жеткізу», «клиенттерге қызымет көрсету» дегенді білдіреді. Бұл 
көшпелі қызмет көрсетудің бір түрі . 
Кейтеринг төмендегі түрлерге бөлінеді: 
 бөлмеде
 бөлмеден тыс (сырт) 
 жеке (тәуелсіз )
 жүріп тұратын(жеткізуге келісім құрылған); 
 бөлшек сауда 
Бөлмедегі кейтеринг банкет, корпоративті мейрамдар және т. б. жүргізуден 
тұрады. Бұл шаралар тапсырыс берушімен ұсынылатын бөлмеде жүргізіледі. 
Бөлмеден тыс кейтеринг тапсырыс беруші тапсырыс беруші 
территориясында жүргізіледі Барлық тағамдар мейрамхана және қонақ үйде 
даярланып, тапсырыс берушіге жеткізіледі. 
Жеке (тәуелсіз) кейтерингте барлық тағамдар тапсырыс беруші 
территориясында даярланады. Әдетте бұл отбасылық мерекелер немесе 
саяжайдағы мерекелер, онда аспазшы мен байланыс аймағы жұмысшысы 
қызмет етеді. Егер ірі корпораццияда банкет ұйымдастыруға тапсырыс түссе, 
оны жүзеге асыру үшін менеджерден, администратордан, шеф аспаздан және 
шараның мерекелік атмосферасына жауап беретін маманнан тұратын бригада 
қатысады. 
Жүріп – тұратын кейтеринг – мейрамхана және қонақ үй өнімін тапсырыс 
беруші объектілерін жеткізу. Өнімдер әдетте жартылай фабрикаттардан тұрады, 
ал тапсырыс тапсырыс берушіде ол дайын болғанша жеткізіледі. 
Бөлшек сауда (немесе жылдам қызмет көрсету түрі) тапсырыс берушімен 
көрсетілген мекенжай бойынша дайын тағамдарды жеткізуден тұрады. 
Көптеген рестораторлар ойынша кейтерингтің болашағы зор. Мысалы, 
қазіргі кезде Интернет желісінде 150 мыңнан астам осы қызмет көрсету түрін 
ұсынатын қоғамдық тамақтандыру орындарының ұсыныстары бар. 


127 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет