Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет37/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   144
Әдеби KZ 
жүгіріп жүр. Жалма-жан сиырдың желініне жабысып, сүт сауып әкелді. Сол сүтті кезек- 
кезек біздің ернімізге тосады. Кешке келген әкем мен көкем біздің қирап жатқанымызды 
көргенде көздері шарасынан шыға жаздады. Біз белгісіз шөптен уланып қалсақ керек. 
Содан бастап көк сорпа жасауды мүлде доғардық. 
Әкемнің астына ат бітіп, ауыл-елді аралай бастады. 
Көкем үйден ұзаған жоқ. Іргемізге бөтен бір бай адамы қоныс тепкен екен. Көкем сонда 
барып қойларын қырқысып, қозыларын отап жалданып жүрді. Кейде станцияға барып 
жүк түсіріп, тапқанына бір бөлке нан әкелетін. 
Әкем төрт қозылы қой әкеліп тастады да, қайтып жол жүріп кетті. 
Бір айдан соң үйге өгей шеше алып келді. 
Осылайша қаз тұрып, қаңбақша қалтырап жүріп, екінші жылды да аяқтап едік. 
Көршілеріміздің көбі күн көріс қамымен жан-жаққа тарап кеткен. Солардың кейбірі 
үшінші жылы ғана бас қосты. Бұл жылы ел мемлекеттен тұқымдық қор алған еді. Патша 
құлапты, «қызылдар» мен «ақтар» айқасып жатыр дегенді сол кезде естідік. Үлкендер 
«күніміз туды, кедейлердің таңы атты» десіп жүрді. «Енді патшаның шабармандары 
халықты қалай алдайды. Ел мен елді, адам мен адамды теңестірген заң шығыпты» дескен 
жұрттың қуанышында шек жоқ еді. «Қара тізім» жасалып, байлар соған тіркелді. Алты ай 
сайын сайлау жүретін болды. Старшындар дамылсыз ауыса берді. «Қосшы» одағының 
бастығы сайланатын болды. Жаңа заман, жаңа заң, жаңа тірлік жайлы, ұлы төңкерістің 
көсемі Ленин жайлы ел жиі айтатынды шығарды. Совдептің төтенше өкілдері келе 
бастады. Басшылар кедейден сайланды. Әрбір он үйден бір белсенді сайланатын еді. Сол 
белсенділердің ішінде көкем де жүрді. Оны талай рет ауыл советтің председателіне де 
сайлады. 
Жаңаша жер бөліс орнады. Бұрын кедейдің жерін иемденіп шалқып отырған байлар 
жерінен айрылды. Жер кім баптаса, соныкі болды. Жұрт иығы көтеріліп, жаңа өмірге 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет