Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет39/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   144
Әдеби KZ 
— Бұның қай сасқаның? Алты қара іздегенің не? — деп билердің біреуі сөзге араласыпты. 
— Е-е, ақсақалдар-ай, әйтеуір көңілден шығып, көпке түрткі болмасақ дегенім ғой. 
Тоғыз қара айыпқа деңіздер, ал қалған үш қара сіздердің әділ қазылықтарыңызға 
төленеді.Мұны естіген билер тапқыр шешімге тәнті болған екен. 
— Дұрыс айтасың Бабас. Әлмембет бидің келгенінен келмегені бізге ауыр тиіп тұрғанын 
түсініп айтқан сөзің ғой бұл... — деп күрсінеді би. — Ал онда не отырыс бар, әлгі жетпей 
жатқан малыңның біреуін мем берейін. 
— Ойбай, биеке! Жасыңызға құлдық, — деп Бабас қол қусырып орнынан ұшып тұрады. 
— Сабыр ет, Бабас. Әлі сөзімді аяқтаған жоқпын, — деп би қолын сермеп, менің бабам 
Имашқа қарапты. — Ал, Имаш Әжібаласы не бермек. 
— Біз де бір жылқы береміз ғой, биеке. 
— Ақабай-ау, Имаштан сенің жолың үлкен емес пе. Сенің лебізің қалай екен, — дейді би 
біздің ұрпақтың үлкеніне. 
— Біз де қатардан қалмаспыз, биеке. 
Би аз үнсіздіктен соң, бәсең үнмен төңірегіндегі билерге тіл қатыпты. 
— Иә, енді міне тоғыз қара болды... — деп жер шұқылап отырады. — Жетер осы да... 
Өзге ер бір жолға тілегімді аяқсыз қалдырмас деп үміттеніп отырмын. Осы жолы екі тізгін 
мен шылбырды маған беріңдер, кейіннен көре жатармыз. 
Өзге билер әділдікке жүгініп, әлгі уәждің алдын кеспепті. 
— Сіздікі жөн, сіздікі жөн, — деп бәрі де құп алады. 
Осылайша Бабастың есебінше жетпей жатқан үш қараның да орны толыпты. Айып 
төленіп, даушылар ауылдарына аттанады. Барын беріп қара жерге қарап қалған Бабастың 
үйі, ескі қоныстан көтеріле алмай отырып қалған екен. Ел маңынан өткендер 


60 
Әдеби KZ 
«қарақшылар қонысы», «ұрының ұясы», «алаяқтар ауылы» деп өтетін болса керек. Қара 
таңба әркімнің бетіне шіркеу болып, жүздері төмен жүреді. 
Тіптен бас қосыла қалған жерде әлгі айғақты ат бадырайып шыға келеді екен. Бірде 
сейсенбі базарына барған біздің базаршыларды біреулер мұқатыпты: 
— Е-е, сендер ұры ауылының жігіттері екенсіңдер ғой. 
Бұл сөзге жауап қата алмай. ауыздарына құм құйылған біздің жігіттер, іздерінше ат басын 
ауылға бұрған екен. Базаршылардың алдынан шыққан ел, құралақан жігіттерді көріп 
аңтарысып қалған көрінеді. 
— Неменеге тесіле қалдыңдар. Елге қарауға бетіміз күйіп, «ұры» деген атақтан қашып кеп 
тұрмыз, — дейді базаршылар. 
Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға мінген екен. Қабаштың шашын 
ұстарамен қырыпты. Сонан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайдан сол 
самайына дейін тіледі. Басына жарғақ тұмақ, үстіне айналдырған тон кигізеді де, қолына 
таяқ ұстатады. 
— Енді қайда барсаң, онда бар. Сендей арам ағайыннан адал арым артық, — деп теріс 
батасын беріп, ата қоныстан аластап шығарған екен. Ол заманда қарғыс ауыры «теріс 
бата», жазаның үлкені «қасқа» етіп әйгілеп, елден қуып қаңғытып жіберу болыпты ғой. 
Сол Бабастың кенже ұлы Орманқұл менің көкем Момынқұлмен жасты еді. Нағашымыз 
Текебай бидің кенжесі Құлжабай да бұлармен құрдас болатын.Орманқұл қырықтан 
асқанша кедейлік қолын кесіп, үйлене алмаған. Ал Құлжабайдың атастырып қойған 
қалыңдығы өліп, оның 8-9 жастағы сіңлісінің бой жетуін күтіп, амалсыз жүрген кезі екен. 
Ол кезде қос бойдақтың да жастары отызды иектеп қалып еді. 
Қысқы шілде кезінде құтырынған боранның құрсауынан шыға алмай Құлжабайдың 
ауылда жатып қалғаны бар. 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет