Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет44/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   144
Әдеби KZ 
Дәуренбай атам көзі жасаурап, қол-аяғы дірілдеп, қызыл түлкінің терісін әлгі жігіттерге 
ұсынды. Менің әкем жарты уыс күміс теңге салды. Өзгелер де жамырасып, жақсы хабар 
әкелген жігіттерді сыйлап жатқанда, естігеніміз қуанышты жалғыз сөз еді. Жұрттың бәрі: 
— Жаңа туысқандар келді. Жаңа туысқандар келді, — деп елпілдей жүгірісіп жүр. 
Ауыл адамдары қарсы алуға шықты. Екі жақ бір-біріне жақындағанда, бір шоқша сақалды 
шал атынан ырғып түсіп, елпелектей жүгірген күйі ауыл адамдарын бастап келе жатқан 
Дәуренбай атамның алдына: 
— Әруақ! Әруақ! — деп етпетінен жығылды. 
У-шу, ығы-жығы. Бұрын бейтаныс кісілер көрісіп, құшақтасып, сыңсыласып, төс түйістіріп 
опыр-топыр араласып кетті... «Өлген тіріледі дегенге сенейін бе, Момыш?» «Сен десеңіз 
сенемін...» деген жұмбақтың шешімі осы екен деп екі нүкте қоя тұрайық: 
Сөйтсек, әлдеқашан ұмытылған Қабаш тіріліп елге, өзі қарабет болып қуылған ататегі, 
адал қонысына қайтқан екен. Оның баласы алпыстан әлдеқашан асқан Бапыш деген кісі 
болып шықты. Дәуренбай атамның алдына жығылған сол кісі екен. Қабаштың немерелері 
Ыстықұл мен Әбдіш екен. Елін іздеп келген жігіт сол Ыстықұл болып шықты. Ал 
шөберелері Айнаш, Оспан, Әмір, Әлиялар да келіпті. Бапыштың кемпірі мен екі келіні 
және бар. Қабаш тіріліп қайтты дегеннің мәні осы еді. 
Қабаш елден жиырма бесінде кеткен екен. Ал оның тұңғыш баласы Бапыш ауылды алғаш 
рет алпыстан асқанда көріп отыр. Олар келген жылы әкем алпыстың бесінде болатын. 
Дәуренбай атам шамасы жетпістің бесеуінен асқан кезі болса керек. Сонда Дәуренбай 
атам Қабашты он бір-он екі жасында көрсе керек. 
Қабаш елден кеткен соң, Ташкентке жақын Шыршық өзенінің жағасына барып бір-ақ 
тоқтайды. Осында бір орта диқанға жалданып жүреді. Күріш, бау-бақша, мақта өсіруді 
үйренеді. Кірпіш құйып, үй тұрғызу, аяқ-киім жамау сияқты өнерлердің де дәмін татады. 


70 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет